Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан жаңа коронавирустың өршуін халықаралық маңыздағы төтенше жағдай екенін мойындады. Бұл туралы zakon.kz жазды. ДДҰ мәліметіне сүйенсек, қазірдің өзінде әлемде бұл дертке 7 834 адам шалдыққан. Олардың басым бөлігі – Қытайда (7 736), қалғаны (98) – әлемнің басқа 18 елінде. Мамандар вирустың адамнан адамға жұғуының сегіз фактісін растады. ДДҰ бас директоры Teдрос Адхан Гебрейсустың дерегінше, 1370 адамның жағдайы өте ауыр, оның 170-і қайтыс болды, тағы 12 167 адамға күдік бар. Аталмыш ұйым «2019-nCoV жедел респираторлық дертіне» уақытша «2019-nCoV» атауын беруді ұсынды. Төтенше жағдай «денсаулық сақтау жүйесі осал» мемлекеттерге көмектесу ниетімен жарияланды. Гебрейсус Қытайда табылған жаңа вирустың белең алу жылдамдығы әлемді алаңдатып отырғанын айтады.
Жүктелуде...