Жемқор туралы хабар берсеңіз, 10 млн сыйақы аласыз

Жемқор туралы хабар берсеңіз, 10 млн сыйақы аласыз

Жемқор туралы хабар берсеңіз, 10 млн сыйақы аласыз
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев парақорлар туралы хабар берген адамдарды ынталандыру шаралары туралы айтып берді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Үкімет Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы қаулы бекітті. Енді ЭЫДҰ қатарындағы көптеген елдердегі секілді сараланған сыйақы болады», – деді А. Шпекбаев. Осы орайда ол сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10 пайызын алатынын жеткізді. «Ең жоғары сыйақы мөлшері 10 млн 600 мың теңгені құрайтын болады. Бұл бастамалар азаматтарды жемқорлықпен нақты күреске барынша тартуға елеулі серпін береді деп есептейміз», – деді агенттік басшысы.