«Кезексіз үй алып беремін» дейтін алаяқтардан абай болыңыз

«Кезексіз үй алып беремін» дейтін алаяқтардан абай болыңыз

«Кезексіз үй алып беремін» дейтін алаяқтардан абай болыңыз
ашық дереккөзі
Жылдар бойы үй кезегінде тұрып жалығып, әртүрлі жолмен әлгі тізімде жылжимын деп алаяқтарған алданып жатқандар баршылық. Мемлекеттік бағдарлама шартымен толық таныспай, сауатсыздығының салдарынан бәзбіреудің жеміне айналып жатқандар саны да азаяр емес. Мәселен, 2019 жылы Орал қаласында «үй алып беремін» деп 27 тұрғынды тақырға отырғызып кеткен алаяқтар ұсталды. Олар «7-20-25» бағдарламасы арқылы «кезексіз үй алып беремін» деп азаматтардың ақшасын иемденіп кеткен. Алданғандар 75 мыңнан бастап 1 млн теңгеге дейін ақшасын ұстатып жіберген. Полицияға облыстың 27 тұрғынынан арыз түскен. Әйтсе де, тергеу болжамы бойынша жәбірленушілер саны одан көп болуы мүмкін. Ал бір айда Ақтөбе қаласында екі алаяқ ұсталды. Күдіктілердің бірі қала тұрғынының сеніміне кіріп, оған мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға көмектесетінін айтқан. Сөйтіп, одан 5 миллион 900 мың теңге алған. Екіншісі жер алып беремін деп халықтан ақша алған. aikyn.kz