1368
Теңіз кемесін басқарған қазақ қызы
Теңіз кемесін басқарған қазақ қызы
Қытай флотының ең айбарлы «Ляонин» теңіз кемесінің тізгінін қазақтың қаракөз қызы Жадыра Қабылқызы басқаратыны жайлы Қытайдың dy.163.com сайтында жарияланған.
Жадыра Қабылқызы – ҚХР Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген. Қытайдың Чанжи колледжінің экономика және менеджмент мамандығы бойынша оқуын аяқтаған соң 2015 жылы әскерге шақырылған.
Құрамында 2 мыңға жуық адамы бар, оның ішінде 520 офицер қызмет ететін 50-ге жуық ұшақ пен тікұшаққа аэродром болған, қыруар қару-жарақ тиеген әскери кеменің теңіз бен мұхиттағы еркін жүзуі Жадыра Қабылқызының шеберлігіне байланысты.
– Менің жасымдағы нәзікжандылар көлік тізгіндей алады, ал мен алып теңізде кеме жүргізіп, дүлей дауылмен тайталасамын, – дейді Қытай журналистеріне берген сұхбатында Жадыра Қабылқызы.
Жадыра компьютерлік есептеуге жүйрік, сондықтан кеменің қозғалыс траекториясын жылдам есептейді екен.