452
Көкшетаулық студент университеттің 6-қабатынан секіріп кетті
Көкшетаулық студент университеттің 6-қабатынан секіріп кетті
Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университет студенті суицид жасамақ болды.
NewTimes.kz ақпараты сүйенсек, жас жігіт ғимараттың 6-қабатынан секіріп кеткен.Әлеуметтік желіде тараған видеодан жігіттің ешкімге бой бермей жатқанын аңғаруға болады. Студент жан-жаққа тербеліп жатыр. Қатты айғайлар естілуде.
Бейнеролик тоқтап қалғанымен, жазба авторы жігіттің ақырында секіріп кеткенін мәлімдеді.
"Бұл сұмдық. Жігіт Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің терезесінен құлап кетті. Анық-қанығы тексеріліп жатыр", -дейді куәгер.Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде оқиғаның бүгін болғанын хабарлады.
"Сағат 12:15- те белгісіз біреу 2001 жылы туған студенттің алтыншы қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлама жіберді",- деді ведомствода.Қазір студент жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.