Айнұр СӘБИТОВА: «Ізгілік елшісі» ізгі амалдарға бастап жүр

Айнұр СӘБИТОВА: «Ізгілік елшісі» ізгі амалдарға бастап жүр

Айнұр СӘБИТОВА: «Ізгілік елшісі» ізгі амалдарға бастап жүр
ашық дереккөзі
536
Қазақстанның Еуропадағы сенімді әріптестерінің бірі – Франция. Жаһан жұртын өзіне ынтық етіп, туристер үшін жер жұмағына айналған аядай мемлекет тұрақты даму жолынан таймай келеді. Экономикасын ғана емес, мәдениеті мен ғылым-білімін өркендету тұрғысынан да француздар көпке үлгі. Сондықтан Қазақстан үшін Франциямен ынтымақтастық орнатудың мәні зор.  Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің бір дәнекері – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында құрылған Сорбонна-Қазақстан институты. Жуырда осы институттың директоры Айнұр Сәбитовамен тілдесіп, білім ошағында атқарылып жатқан толымды істер жайлы әңгімелесудің сәті түсті.  – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Еріктілер жылы деп жариялағаны бел­гілі. Осы орайда, сіздің баста­маңыз­бен жүзеге асырылып жат­қан «Ізгілік елшісі» жобасының ау­қымы бүкіл ел аумағын қам­тыға­ны қуантады. Жобаны алғаш қол­ға аларда осындай нәтиже кү­тіп пе едіңіз? – «Волонтер» сөзі француз тілінен аударғанда ерікті деген мағынаны біл­діреді. Яғни волонтерлік дегеніміз – қай­тарымын күтпей, шын ниетімен жақ­сылық жасау. Өткен жылы Прези­дентіміздің 2020 жылды ресми түрде Еріктілер жылы деп жариялағанын естігенде қатты қуандық. Өйткені атаулы жыл елімізде ізгілік жасауға ын­талылардың қатарын көбейтіп, қо­ғамда мейірім мен жылулықтың артуына сеп болары сөзсіз. Қайырымды істерді насихаттау арқылы жастарды жанашырлыққа, жауапкершілікке бау­ли аламыз. «Ізгілік елшісі» қалай дүниеге келді? Университеттің басшылығы, оқы­тушылары, студенттері ізгі іс­тер­­мен бұрыннан айналысып келе­ді. Сол іс­терді көпке үлгі болатын дең­гейде ұйым­дастырып, неге қа­та­рымызды кө­бейтпеске деген ой кел­ді. Бастапқы мақ­сат әлеуметтік жағ­дайы төмен жә­не көпбалалы от­басыларға көмектесу болды. Рек­то­рымыз Такир Балық­баев­тың қол­дауымен жоба аясында жүзеге асы­­рыл­ған алғашқы 16 ісіміз мұқтаж от­басыларға материалдық көмек көр­­сету­ге бағытталды. Содан кейін жан-жақтан қоңырау шалып, көмек сұрау­шы­лар көбейді. Олардың бә­рі­не ма­териалдық қолдау қажет. Біз қаржылық қор емеспіз, тұрмысы төмен отбасы­лар­дың бәріне көмек­тесу­ге қаржымыз жет­пейді. Сондық­тан жоба жұмысы­ның бағытын өз­герт­кенді жөн көрдік. Еріктілердің ба­сын қосып, қарттарға, қимыл-қоз­ғалысы қиын жандар мен мүм­­кін­дігі шектеулі азаматтарға күтім жа­­сау, көңілін аулау, қажет заттарын әке­ліп беру секілді көмек көр­сете бас­тадық. Ең бастысы, бұл іс­тер­­ді тұрақты әдетке айналдырдық.  width= Бүгінде «Ізгілік елшісі» жобасы ая­сында мұқтаж жандар мен көмек көр­сетуге дайын азаматтардың ор­тақ мә­лімет базасы жасақталды. Ар­найы сайт­та көмек қажет еткен жан­дар жә­не оларға жәрдем бере ала­тын ерікті­лер өз өтініштерін қал­дырып, бос уа­қытын, қолынан ке­летін қызмет түрін көр­сете алады. Қазір Алматыдағы жо­­ғары оқу орын­дарының көпшілігі біз­дің бас­та­мамызды қолдап, өз сту­дент­терін ізгілік жасауға үндеуде. Елі­міздің өзге өңірлерінен де хабарласып, жо­бамызға қосылғысы келетіндер көп. Со­ның арқасында сайттағы өті­­ніштер қа­тары күннен-күнге ар­тып келеді.  Жас­­тар ғана емес, ерікті болуға ықы­лас­ты ересектер де бар. Мәселен, жуырда Франциядан ке­ліп оқып жүрген студентіміздің әке­сі есігімді қақты. Ұлы жайлы сөй­­лес­кісі келетінін айтты. Өзі қызмет ба­бымен Қазақстанда тұ­рып жатқан Франция азаматы баласын Сорбон­на-Қазақстан институтында оқыт­қан­ды құп көріпті. «Француздар ба­ласының сабағына алаңдамаушы еді ғой, қазақтың әдеті жұғайын де­ген бе?» дедім қал­жыңдап. Сөйт­сем, ол кісі ұлының бойынан оң өз­­герістер байқап, ал­ғыс айтуға ке­ліпті. «Ізгілік елшісі» жобасына қа­тысып, волон­терлік­пен айналыс­қа­лы бері бала­сының мейірлене түс­ке­нін, ай­наласындағыларға көмек көр­сету­ге асығып тұратынын жеткізді. Ұлы­ның бойындағы өзгерістер ша­быттандырған болуы керек, өзі де біздің қатарымызға қосылып, ерік­­тілікпен айналысқысы келеті­нін айтты. Сұрастыра келе, кәсіби су­­рет­ші екенін білдім. «Біреуге кө­ме­гім тиер болса, ақысыз сурет салу­ға дайынмын» деп ағынан жа­­рылды. Ақылдаса келе, Алма­ты­дағы онколо­гия­лық ауруларды емдейтін орта­лық­тардың бірін әсем суреттермен бе­зен­діру туралы ой келді. Т.Жүрге­нов атындағы өнер академиясына барып, идеямызды айтып едік, басшылық бірден қолдау көрсетті. Сурет салуға қажетті материалдарды ұсынып, франциялық азаматтың қасына бірге жұмыс істейтін сурет­ші­лерді қосып берді. Жұмыс аяқ­талуға жақын. Емхана қабырға­сын­дағы әсем көріністерді көріп, түрлі-түс­ті бояуларды көріп, жазылмайтын дертке шалдыққан науқас­тар­дың жүзіне қуаныш ұяласа, ауруын бір сәтке болса да ұмытса – мақсаты­мыз­ға жеткеніміз. – Айнұр Әлімханқызы, көп­ші­лік Сорбонна-Қазақстан инс­ти­тутының атына қанық бол­ға­­нымен, оның тыныс-тірші­лігінен бейхабар. Институттың бас­­тауында қандай оқиғалар тұр, бү­гінгі өмірінің өзегі не, өзіңіз тар­қатып берсеңіз... – Сорбонна-Қазақстан институты 2014 жылы құрылды. Институтты Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция­ның сол кездегі президенті Франсуа Олланд мырза арнайы келіп ашқан бо­латын. Бастапқыда қос дипломды жүйе бойынша тек екі сала – халық­аралық қатынастар мен менедж­мент мамандарын даярлау қолға алынды. Ол уақытта институтта не­бәрі 40 шақты жас білім алса, бү­гінде жаңа бағдар­ла­ма­лар мен жоба­ларды жүзеге асыруд­ың арқасында Сор­бонна-Қазақстан институтында бі­лім алғысы келетін талапкерлердің қатары көбейді. Осы орайда қазақ-фран­цуз ынтымақтастығын дамы­туға өлшеусіз үлес қосып жүрген Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Та­­кир Балықбаевтың еңбегін ерекше атап өткен жөн.  width= Біздің институт екі елдің де ме­неджменттік қағидаларын бас­шы­лыққа алады. Мен қазақстандық та­раптан басқарушы болсам, фран­ция­лық тараптан үйлестіру, бақы­лау жұмыстарын қосалқы директор – Жиль Мамец мырза атқарады. Шетелдік әріптестеріміздің арқа­сында Францияның білім беру жүйе­сіндегі озық әдіс-тәсілдерді игеріп, Қазақ­стан­да ғана емес, әлемнің кез келген мем­­лекетінде жұмыс істеуге қабі­лет­ті мамандарды даярлау жолындамыз. Қазіргі таңда Сорбонна-Қазақ­стан институтында үш кафедра жұ­­мыс істейді. Халықаралық құ­қық ка­федрасы бірнеше тіл білетін заң са­ласы мамандарын даярлайды. Ха­лық­аралық қатынастар кафедрасы елімізде және өзге мемлекеттерде елшілік қызмет атқаратын дипломатия мамандарын оқытады. Эконо­микалық мамандықтар кафедрасында менеджмент, маркетинг, аудит және қаржы саласының бола­шақ мамандарына халықара­лық талаптарға сай білім беріледі. Сор­бон­на-Қазақстан біздің еліміз­де ға­на емес, Орталық Азия бойын­ша «Қос диплом» бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыратын жалғыз оқу орны екенін мақ­танышпен ай­та ала- мыз. Сорбонна-Қазақстан институ­ты­ның француз тілін жоғары дең­гей­­де меңгерген, барлық пәндер бойын­ша жоғары нәтиже көрсет­кен ең үздік шәкірттері ҚазҰПУ дип­ломымен қоса бізбен ынты­мақ­тастық орнатқан франциялық жо­ғары оқу орындарының бірінің дип­ломына да қол жеткізеді. Францияның білім беру жүйесі Еуропадағы ең озық үлгілердің бірі са­на­латыны белгілі. Бұл елдің жо­ғары оқу орындарына түсу екінің бірі­­нің қолынан келмейді. Әсіресе, Пари­ждегі Сорбонна университеті­нің студенті атану көпке арман. Шетелдіктер түгілі, жергілікті фран­­цуз­дардың өзі бұл мәртебеге үлкен еңбекпен қол жеткізеді. Сон­дықтан біздің шәкірттеріміз өз­деріне беріл­ген мүмкіндіктің баға­сына жетуге тырысады. – Француздарды өте талғам­паз әрі сақ халық деп жатады. Әріп­тестерін де мұқият таңдай­тын болар? Бүгінде сіздермен ын­тымақтаса жұмыс істеп жүр­ген Францияның жоғары оқу орындарымен байланыс орнату қиындық тудырған жоқ па? – Сорбонна-Қазақстан институтына келіп, дәріс оқитын шетелдік оқытушылар оқуды кеше ғана бітірген магистрлер емес, тәжіри­белі профессорлар, ғылым докторлары. Ынтымақтастықтың негізінде мем­лекеттердің бір-біріне деген сый­­лас­тығы мен құрметі тұрған­дықтан, Фран­ция Қазақстанға үздік ұстаз­да­рын жібереді. Сорбонна (USPC), Шығыс тілдері мен өр­ке­ниеті ұлттық институты (INALCO Paris), Пуа­тье университеті, Страсбург, Ло­тарингия және Бор­до университеттерімен келісімшарт жасалып, әр сала бойынша бі­лікті оқытушылар біздің шәкірт­терге дәріс оқуда. Мә­селен, Страсбург университетінің құр­метті пре­зиденті Кристиан Мэстр мырза­ның өзі арнайы келді. Еуропа бойынша халықаралық құ­қық саласының ең мықты маман­да­ры­ның бірі ретінде мойындалған оқы­тушының дәрісін тыңдауға сту­­денттеріміз ғана емес, инс- ти­ту­ты­мыз­дың оқытушылары да зор қы­зығушылық танытты. Ең тұрақты әріптестеріміздің бірі – Лотарингия университеті. Бұл – ­Еуропадағы бай тарихы бар ең кө­не оқу орындарының бірі. Осы уни­верситеттің Заң факуль­тетінің де­каны, профессор Пьер Тиффин ша­қыртуымызды қабыл алып, қа­зақстандық жастармен өзі­нің то­лағай тәжірибесін, білім-білі­гін бө­лісті. Сондай-ақ біздің институтта атал­ған университеттің 12 оқыту­шы­сының дәрісі жоспар­лан­ған. Олард­ың Сорбонна-Қазақстан инс­ти­тутымен жұмыс іс­теуге келісім беруіне шәкірт­тері­міздің Франция­ның тәжірибесіне деген қызығу­шы­лығы, Қазақ­стан­ның француз білім беру жүйесіне құрметпен қарауы ық­пал етсе керек. Әйтпесе, Франция өз профес­сор­ларын өзге мемлекетке барып дәріс оқуға, еркінен тыс қандай да бір іспен айналысуға еш­кім мәж­бүр­лей алмайды. Конституция олар­ға ерекше мәртебе берген. Француз ғалымдары университет бас­шылығы, тіпті ел басшылығынан да тәуелсіз. Олар ақша үшін, атақ үшін ақ тер, көк тер болмайды. Сапа үшін ғана жұмыс істейді. Өзі­нің де, өзгенің де уақытын алып, бі­лім­герлерді сылдыр сөзбен алдар­қату жоқ. Білгенімен, түйгенімен бө­лісуге әр­кез даяр тұрады. Алдында он адам отыр­са да, жүз адам отыр­­са да, ау­диторияға үлкен құр­метпен қарай­ды. Біздің инс­титут­қа келіп дәріс оқыған Фран­цияның барлық оқы­тушыларынан осын­дай қасиеттерді аңғаруға болады. – Шетелдік оқытушылар біз­­дің елге келерде қандай шарт­­тар қояды? Арнайы жағ­дай жасауды, айталық, бес жұл­дыз­ды қо­нақ үйден орын дайын­дауды та­лап ететіндер бо­ла ма? – Француздар – өте қарапайым ха­лық. Ысырапшылдықты, көз­бояушылықты ұнатпайды. Қара­пайым қонақ үйлерде тұрады. Қара­пайым киінеді. Әсіре назарды, аста-төк күтімді талап етпейді. Олар­дың әлемі бөлек, сезімтал қауым. Сіз бен біз әсерлене қой­май­тын күнделікті құбылыстардың өзінен шабыттанады, рахат күй кешеді. Қардың жа­палақтап жауғаны, мұздың еруі, шөп­ке шық түсуі, тіпті құстың ұш­қанын да ал­ғаш көргендей әсер­ленеді. Олар жарқ-жұрқ еткен дү­ниеден гөрі ма­ғыналы, мәнді құ­бы­лыстарға көп назар аударады.  width= Франциялық оқытушылар біз­дің музейлерімізге, театрларымызға барғанды ұнатады. Орталық мемлекеттік музейдің экспонаттарын қа­зақстандықтардан артық біледі де­сем, асыра айтқаным емес. Театр­дағы жаңа қойылымдар жайлы да бізден бұрын естіп, баруға асығады. Олар қазақтың ұлттық дәстүрлерін, мәдениетін танығысы келеді. Ал­ма­тының тауларына шығып, таби­ға­тымен танысуды қалайды. Шетелдіктер біздің тұмса табиғатымыз жайлы, ұлттық болмысымыз жайлы ықыласпен айтқанда, осы елдің қы­зы боп туғаныма мақтанышым арта түседі. – Француз оқытушылары­ның біз­дің студенттер жайлы пікірі қан­дай? – Шетелден шақырылған оқы­ту­шыларды дәрістен тыс уақытта кабинетіме шақырып, жиі пікір алмасамын. Қазақстандық білім беру жүйесі жайлы, қазақ жас­тары­ның білім-білігі туралы ойын сұ­рай­мын. Қуан­тарлығы, қонақтары­мыз­дың барлығы студенттеріміздің жаңа­лыққа құштарлығын, алғыр­лығын таңдана айтады. Қазақтар­дың тал­ғаммен киінетініне, таза жүретініне сүйсінеді. Әлі күнге дейін шетелдіктерден шәкірт­тері­міз туралы теріс пікір естіген емес­пін. Еуропалықтар­дың көбі тік мінезді келеді, адамның көңіліне қарап жалған сөйлеу, жағынып-жалпақтау дегенді білмейді. Сон­дықтан олар­дың айтқанын асыра мақтау деп қабылдаған емес­пін. – Сорбонна-Қазақстан инс­ти­­тутында білім алғысы келетін талапкерлерге француз тілін жетік білу міндетті ме? – Магистратураға түсушілердің фран­цуз тілін білуі міндетті. Ал ба­ка­лаврға құжат тапсырғысы келетін талапкерлерден француз тілін білу талап етілмейді. Бірінші курстан бас­тап кәсіби пәндерден бөлек, фран­цуз тілі қарқынды оқы­тылады. Соның арқасында екінші курста шәкірттеріміз французша еркін сөйлей бастайды. Дәрістерді сөз­діксіз, аудармашысыз тыңдап, түсі­нетін деңгейге жетеді. Әр курстың соңында сынақ өткізіп, тілді жетік меңгерген студенттерді іріктеп, академиялық мобильділік бойынша Францияға оқуға жібереміз. Фран­ция­ның Қазақстандағы елшілігі де әр­түрлі бағдарламалар арқылы жас­тары­мыздың шетелде білім алуына көмектесіп келеді. Француз тілін білу, Франция­ның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орын­дарында білім алу халық­ара­лық қатынастар, халықаралық құ­қық саласының болашақ мамандарына үлкен мүмкіндіктерге жол ашатыны анық. Өйткені француз тілі Францияның ғана емес, Бельгияның (фламанд тілімен бірге), Швейцарияның (неміс, итальян, ретороман тілдерімен бірге), Канаданың да (ағылшын тілімен бірге) мемлекеттік тілі. Сондай-ақ Люксембург, Монако, Андорра елдері, Африка мен Оңтүстік Америка халықтарының (Сенегал, Мали, Гвинея, Конго, Бенин, Гаити, т.б.) ресми және әдеби тілі. Бүгінде бұл тілде әлемнің 129 миллионға жуық халқы сөйлейді. Француз тілі белді халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда, БҰҰ-ның ресми тілдері­нің бірі екенін баса айтқан жөн. Демек, болашақта біздің институтымызды бітірген дипломаттарды биік мансап, жарқын болашақ кү­тіп тұр. Оларда таңдау көп, мүм­кін­дік мол. Қазірдің өзінде біздің түлек­терімізге француз компанияларынан ша­қыр­ту көп келеді. Алайда біз шәкірт­тері­міз ең әуелі өз еліміз үшін пайдалы болса, алған білімін Ота­нымыздың өркен­деуіне жұмылдырса екен дейміз. – Соңғы жылдары отандық жо­­­ғары оқу орындары түлек­тері­нің жұмысқа орналасуын қада­ғалау міндеттеле бастады. Сіз­дер де өз шәкірт­те­ріңіз­дің оқу бітіргеннен кейінгі тыныс-тір­шілігінен хабардарсыздар ма? – Әрине, түлектерімізбен үнемі бай­ланыстамыз. Бакалаврды бітірген шәкірттеріміздің дені «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша ма­гистратураға түсіп, оқуды жалғас­ты­ра­ды. Бұл – Францияның Қазақ­стан­дағы елшілігі және Қазақ­стан­ның Білім және ғылым министрлігі­нің бастамасымен қолға алынған бағ­дарлама. Бағдарламаның кем-ке­тігі, жетілдірілетін тұстары баршы­лық. Алайда ол міндетті түрде жал­ға­­сын табуы керек. Өйткені ел жас­­­­­та­ры­ның сапалы білім алуына сеп­тігі мол. Ауқатты отбасылардың ба­ла­лары ешқандай грант, бағдарла­ма­лар­сыз-ақ қалаған мемлекетіне барып оқи алады. Ал шалғайдағы ауыл­­дар­дан келген, көпбалалы отба­сылардан шық­қан дарынды жас­тардың арманына қанат бітіретін мұн­дай бағ­дарламаларды дамыта түсу қажет. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Анар ЛЕПЕСОВА

Серіктес жаңалықтары