12 Қаңтар 2020, 11:53 983 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Көкшетауда 90 отбасы баспанасынан айрылды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Көкшетауда Вернадский көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің апатты деп танылуына байланысты  90 отбасы бір мезетте баспанасыз қалды. Бұл туралы Kokshetau.asia басылымы хабарлады. 

Қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров сараптама нәтижелері бойынша, үйдің жарамсыз екенін жиналыс кезінде айтты. Сондай-ақ, шенеунік аталған ауданда көпқабатты үй салынып, апатты тұрғын үйдегілердің болашақта сол жаққа көшірілетінін айтты. 

Алайда тұрғындарға бұл пәтерлердің жалға берілетіні ұнамады. Осы уақытқа дейін олардың өз үйі болса, енді пәтер жалдап тұруға мәжбүр. 

Соңғы жаңалықтар