12 Қаңтар, 09:57 527 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Ирандағы ұшақ апаты: Зеленский ресми Тегераннан не талап ететінін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Иран басшысының мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді.  

Ол өзінің Facebook-тегі парақшасына «Бүгінгі таң жайсыз басталғанымен, шындықтың беті ашылды», деп жазды.

Владимир Зеленский Иранның өз кінәсін толық мойындап, дипломатиялық жолмен ресми кешірім сұрауын күтетіндігін жеткізді. Сосын кінәлі әскерилердің жауапқа тартылуын, тергеудің ашық жүргізілуін және қаза тапқан жолаушылардың жақындарына өтемақы төленуін талап ететінін аңғартты.

Соңғы жаңалықтар