Ақпараттық технология саласының үздігі, негізін Стив Джобс қалаған атақты Apple компаниясы дағдарыс жағдайында өз өнімдерінің қолжетімділігін арттыру үшін қалта көтеретін жаңа смартфон шығармақ. Компания көктемде iPhone 5s смартфонының бюджеттік үлгісі шығарып, оған iPhone 5se атауын бермек. Смартфон сәуірден бастап сатылымға шығарылады.
Жаңа гаджеттің сыртқы бейнесі iPhone 5s-ке ұқсас болады. Ал техникалық сипаттамасы бойынша iPhone 6-ға ұқсайды. Бұл ретте, жаңартылған iPhone 5s үлгісі сатып алушыларға классикалық қара, күміс, алтын, қызғылт түстес түрлерде ұсынылатыны хабарланады.
Смартфонның сыртқы келбетінің iPhone5s-тен аса айырмашылығы болмайтын секілді. Тек ерекшелігі, смартфон экраны төрт дюмды, ал корпус нысаны компанияның алдыңғы флагмандарынан өзгешелігі болмайды. Жаңа гаджет 8 мегапиксельді негізгі, 1,2 мегапиксельді фронтальды камерамен жарақталған.
iPhone 5se смартфонының құны әзірге белгісіз. Жаңа өнімнің бағасы көктемде өтетін таныстырылым сәтінде жарияланбақ.
Apple iPhone 5s-тің арзан нұсқасын шығармақ

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды
1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент...
Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды
Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше,...
Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған
2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард...