 – Картинаңызды сатып алушылар көп пе?
– «Сенің картинаңды 10 жыл бұрын көрдім, сол жұмысыңнан осындай нәрсе көрдім, ана түс буырқанып тұр» деп хабарласып, «сол картинаңды сатшы» дейтіндер кездеседі. Сонда картина оның жан дүниесіне он жылдан кейін әсер еткен болып тұр ғой. «Менің есіме түспей тұр» десем, «өз жұмысыңды қалай есіңе түсіре алмайсың» деп ренжіп жатады. Тіпті, сен маған қимай тұрсың деп жатады. Мен одан кейін де жүздеген жұмыстар істедім ғой. Бәрі бірдей есіңде қала бермейді. «Не сұрасаң да, берем» деп қолқалайтындар да бар.
– Сатып алушы үшін картинаны қайталап салып берген кезіңіз болды ма?
– Қайталап салсаң, картинаның әуеніне түсе алмай қаласың. Менің жұмысымды көп адам қайталайды, сол жұмыстарын сатып жатады. Бірақ дәл мен тапқан әуен жоқ ішінде. Менің тапқан әуенімнен жоғарылатып жіберсе қуанатын едім. Қайталаушылар сол әуенімді таба алмайды. Бүгінде ұлт идеологиясын жою үшін заманауи сурет өнерін ойлап тапты. Заманауи сурет өнерімен айналысатындар жұмыстарын өткізіп жатыр, жақсы тұрады. Бірақ картиналарында ұлттық идеология жоқ.
– Сіздің шығармашылығыңыз туралы суретші Жеңіс Кәкенұлы «Картиналары да өзі секілді емен-жарқын. Жеңіл юморлы» деп баға берген екен. Өзіңізге сын көзбен қарайсыз ба?
– Әр суретшінің өзінің қолтаңбасы болады. Суретші үшін қолтаңбаңды табу, оны қалыптастыру оңай емес. Осы уақытқа дейін ауыл, туған жер, тарихи тұлғалар тақырыбын жазыппын. Қарап отырсам, мен домбыра туралы бір-екі ғана жұмыс жазған екенмін. Бірақ бірнеше жұмысым қобыз туралы екен, өйткені қобыздың үні сурет өнеріне көп келеді. Қобыз жанымызға жақын болғандықтан да Кеңес Одағы оған тыйым салған болатын. Неге біз тарихқа қайта ораламыз? Себебі сол кездегі адамдардың ерлігіне, жігерлілігіне, арулардың сұлулығына осы күнге дейін тамсанып келеміз. Ол кездегі ата-бабаларымыздың нақты көзқарасы, Отанға, жерге, елге деген шексіз сүйіспеншілігі бар еді. Қазір сол жойылып кеткеннен кейін біз өзіміздің негізімізді іздеп жатырмыз, өйткені адасып жүрміз, адастырып жатыр.
Қазір бізде тарихқа талас жүріп жатыр, өзімізге рухани азық іздеп жатырмыз. Себебі бұл әлемде өз тарихыңнан өзге аяғыңды тіреп қалатындай ештеңе болмай тұр. Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасы түсіп қирағанда жапон ғұламалары «Біз тек салт-дәстүрімізге сүйеніп қана осы әлемде жапондарды алға алып шыға аламыз» деген екен. Жапондар әлі күнге дейін өзінің салт-дәстүрін, тілін ұмытқан жоқ. Ал біздің тіліміз шұбар, мүкіс. Тауыққа шашқан тарыдай ел бөлініп, жинала, тұтаса алмай жатырмыз. Бас-басымызға би болып кеттік. Өзімізде бар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, етек-жеңімізді жинайтын кез келді.
– Қазақ суретшілері ұлттық идеологияны қалыптастыруға қаншалықты үлес қоса алды деп ойлайсыз?
– Суретшілер қазақтың идеологиясын баяғыда-ақ салып қойған. Ұлттық бояуы қанық жұмыстарды француздар, немістер сатып алып кетіп жатыр. Кейде әлі көрмеге керек десең де жылдап күтуге дайын. Өйткені олар да көп дүниені жоғалтты. Сол жоғалтқан дүниені біздің картинадан көріп тұр.
Мен барлық картиналарымды патриоттық сезімді ояту үшін жазып жатырмын деп айта алмаймын. Бірақ өткен мен қазіргі кезеңді байланыстырып жазып жатырмын. Менен кейінгі жастар бұл тақырыпта жаза ма, жазбай ма, өздері біледі. Мен білгенімді жазып кетуім керек. Бірақ менің де білетінім аз.

 – Сіздің соңғы жұмыстарыңыздың бірі – Абай картинасы. Оны салу барысында не туралы ойландыңыз?
– Мен Абайдың образынан бөлек оның поэзиясын, қазақтың кең даласын беруге тырыстым. Мүмкін портреттік ұқсастық екінші немесе үшінші кезеңге кетіп қалған шығар, бірақ мен бәрі үйлесімді болса екен дедім.
Біз қазір бәріміз қу болып алдық бұл өмірде. Бүкіл жүкті Абайға артып жібереміз, ешкім өзіне жүк артқысы келмейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргіміз келеді. Біз Абайды Кеңес өкіметінің идеологиясымен уағыздап жатырмыз. «Қазақ жалқау», «Қазақ жатыпішер» деген ұғым әлі қосақталып жүр. Қарапайым жұмысшыға жалқаусың, жатыпішерсің, арамтамақсың деген идеологиямен қарау бізді төмендете береді. Бұлай өзімізді төмендете берсек, қадір-қасиетімізді ұқпаймыз, жоғалтамыз. Абайдың заманында қазақ мал бақты, ебі барлар зергерлікпен, ұсталықпен айналысты. Сол заманның жастары оқуға талпынбаған болар, ал бүгінгі қазақты жалқау дей алмайсыз. Себебі бәрі талпынып жұмыс істеп жатыр.
– Болашақта шетелге көшуіңіз мүмкін бе?
– Әр қазақ орыс, француз немесе ағылшын бола алмайды. Қазақ тек қазақ бола алады. Ешкімге еліктеудің қажеті жоқ. Сені ұстап тұратын діңгегің ол – сенің жерің, Отаның. Жағдай жасаймын деп шетелде қалып қоюға болады. Бірақ діңгегіңнен айырылғаннан кейін сен ешкім емессің деп ойлаймын. Шетелге жұмыс істеуге уақытша баруым мүмкін, бірақ көшпеймін. Мен өз елімде еңбек етіп, картиналарымды ғасырдан-ғасырға аманат етіп қалдырып кетсем деп ойлаймын.

Сұхбаттасқан
Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ