Жамбыл Артықбаев: Елорда мен Түркістан тарихы біте қайнасып жатыр

Сан мәрте ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған Түркістан шаһарының қазақ халқы үшін орны бөлек. Бұл қалада қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген. Шамшырағы қайта жанған көне шаһардың тарихы да тым ертеден бастау алады. Осы ретте, еліміздің рухани астанасы – Түркістан қаласының көне тарихы жөнінде тарих ғылымының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевпен сұхбаттасқан едік.

– Түркістан қаласының тарихына қатысты анықтамалықтардың бә­рін­де шаһар тарихы V-VI ғасырдан бас­тау алады деп көрсетілген. Бұл қан­ша­­лықты негізді дерек?

– Иә, Түркістан тарихын V-VI ға­сыр­дан басталады деген датаны пайдаланатыны рас. Түркістанның тойын да соған ың­ғайлап өткізіп жүр. Шын мәнінде, бұл еш­қандай дерекке негізделмеген дата. Тү­рік қағанатының тарихы сол V-VI ға­сыр­дан басталады. Бұл дата соған ың­­ғай­ланған. Ал шын мәнінде, Түркістанның та­рихы одан әлдеқайда ертеден бастау алады. Сонау неолит, энео­лит дәуіріне дейін барады. Неге дейсіз ғой? Түр­кістан аймағында қызмет атқарған археологтар бұл өңір­дің тарихы тереңде жатқанын дәлелдеген. Басқа­сын айтпағанда, қазақ жеріндегі ерте тас дәуірінің тұрақ­тары Қаратаудың екі жағында да аз емес екенін дәлел­деген Х.Алпысбаевты атасақ та болады. Түркістан қа­ла­сының айнала­сындағы Шоқтас, Қошқорған сия­қ­ты Тас дәуірі ескерткіштері бұл өңірде әуелгі адам, кем де­генде 550 мың жыл бұрын ме­кен еткенін көрсетеді.

Мен осы биыл Таңбалы жар деген жерде болдым. Ол Түркістаннан Ұлытауға қарай шығатын жолда Бетпақдаланың ортасын қия кесіп жатыр. Бетпақдала – шөл, сол шөлдің ортасында тұрған оазис­те неолит қоныстары жердің бетінде жатыр. Неолит дәуірінде қолданылған әр­түрлі шапқылар, тастан жасалған қай­рақтарды жердің бетінен теріп алдым. Қа­зір бұл заттар менің қолымда тұр.

– Демек, сіз айтқандай Түркістан өңі­ріндегі қалалық мәдениеттің көне тарихын неолит дәуірімен байла­ныс­тырсақ қателеспейміз ғой…

– Жалпы, XVIII ғасырдың басында Түр­кістанда да, Түркістанның маңайын­дағы қалаларда да небір ғұлама хазіреттер, шежіреші адамдар болған. Сол уақытта қазақ жеріне орыс ғалымдары келе бастаған. Қазақ даласына келген орыс ғалымдарының ішінде П.Рычков деген болған. Ол 1740 жылы Орынборда отырып қазақ тарихы жайында білетін адам­дардың бәрінен сұрап, жазып отыр­ған. Сол П.Рычков: «Түркістан мен оның аймағындағы жерлердің көнелігі жағынан барлығынан да алда екенін айт­қанымыз жөн. Себебі Түркістан қаласы татарлардың тарихи шығармаларында Бұхара қаласынан көп бұрын салынған деп айтылады, айтуларына қарағанда ерте заманда билік осы қаладан басталған және бүкіл Азияға тараған. Орынборда өмір сүретін ахун осы қаланы Яфеттің ұлы Түріктің немерелері салды және сол тұста атын да алды дейді, сол себепті сол аймақтағы қалалар, тіпті Үндістан мен Қытайға дейінгі, атап айтсақ, Кашкар, Табат, Еркень, Ходжант, Ташкент, Мартикан, Фантак, Янгы, Хасар, Хитяк, Утрар, Саб­ран, Барзягин және басқалары Түр­кістан билігіне қарап тұрған. Осы ай­мақты олар ескі заманда Яссы деген атаумен атаған, ол Түркістаннан да көне делінеді. Осы мағлұматтардың барлығын жоғарыда аталған ахун арабша және татарша кітаптардан көшіріп алған» деп жазады. Демек, Түркістан тек қана Қа­зақ­стан жерінде ғана емес, жалпы Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Менің қолымда бар деректерге және орыс зерт­теуші ғалымдары, шығыс ғұлама ға­лымдарының деректеріне сүйенер болсақ, Бұхара, Самарқан, Ташкент сынды қалалар пайда болмай тұрып, Түр­кістан болған.

Енді Түркістанның ең көне құрылысы, ең көне орны – Яссытөбеге келетін болсақ, бұл төбе Әзірет Сұлтан күмбезінен 200 қадам жерде тұр. Қазіргі заманда Күл­төбе деп аталады. Ерте уақытта Яссытөбе деп аталған. Яссы – сонау көне арийлер заманынан қалған атау. Яғни, түріктерге, Тұран дәуіріне дейін арийлер дәуірі бол­ғанда қала сол Яссыдан басталды дейді. Біздің ойымызша, Күлтөбе қорғанының төменгі қабаты қазіргі жыл санауымызға дейінгі екінші, тіпті үшінші мыңжылдық­қа қатысты деректерді берсе керек. Себебі П.Рычковқа ақпарат берген ғұламалар Түркістанды Бұхарадан гөрі көне қала, өркениет пен мемлекет осы Түркістаннан басталады деп отыр. Ал Бұхара қаласының іргесі б. з. б. 1-мың­жыл­дықтың орта ше­нін­де қаланған. Бір қызығы, Әзірет Сұл­тан күмбезіне таяу орналасқан қасиетті Күлтөбе, ежелгі тарихтағы Яссы әз Тәуке хан заманында да ел басшыларының бас қосып, «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп мемлекет ісін талқыға салатын қасиетті қара орын қызметін атқарды.

– Түркістан тарихын сөз қылғанда сол өңірдің маңайындағы қалашық­тарға тоқталмай кетуге болмас. Әсі­ре­се, өзіңіз зерттеп жүрген Қар­нақ­тың құпиясы қаншалықты ашылды?

– Түркістаннан Қаратауға қарай жүр­сеңіз, Қарнақ деген қышлақ бар. Қазақ, өзбек, сарттар мекендейді. Бұлар – ежелден отырықшы халықтардың тұқымдары. Қарнақ халқы қазаққа өзгелерінен қарағанда бір табан жақын. Осы «Қарнақ» атауына байланысты мен 2-3 жыл бұрын үлкен бір зерттеу жасадым. Сонда анық­тағаным Түркістан маңайында 7 түрлі «нақ» бар екен. Соның біреуі – Қарнақ. Одан кейін Сунақ (Сығанақ), Ташанақ, Шобанақ, Шорнақ, Жүйнақ (Жүйнек). Түркістан аймағында осы жеті «нақ» өзара жерасты жолдарымен жалғасқан, жау шапқанда ел бір қаладан екіншісіне жан сақтап кетіп отырады екен деген аңыз бар. Бұл – рас. Жақында менің бір шәкірттерім сол жерасты жолын тапты. Ол бұрын да белгілі екен. Сол жерасты жолдарымен жалғасқан қалалардың ортасы – Түркістан. «Нақ» деген сөз «дәл осы жерде» деген мағынада герман, үнді Еуропа тілдерінде де қолданылады. Яғни, бұл тым көне сөз болып тұр. Демек, германтілді халықтармен біздің тіліміз ажырамай тұрған уақытында бұл сөз болған ғой. Мысалы, Сығанақ дегеніңіз Сунақ, нақ судың жағасы дегенді білдіреді. Неге? Өйткені Сырдарияның жағасында тұр. Шорнақ шордың жанында тұрған қоныс деген сөз. Ташанақ тастың жанында тұр деген мағынаны білдіреді.

Енді осылардың ішінде Қарнақтың атауы – «Қара нақ». Қаратаудың нақ баурайында тұр деген сөз. Қарнақты зерттеп едім, толып жатқан көне заманның ес­керткіштері. Тіпті, әлі шеті де зерттелме­ген, шынын айтқанда. Бертін араб мәдениеті келгеннен бергі дәуір өзінше бө­лек жатыр, ол жерде неше түрлі құл­пытастар бар. Негізінен, Қарнақ бір қо­рық жер болуы керек. Тағы бір айта кететін жайт, Қазақ хандығы заманында Қарнақ ғылым-білім ордасы болған. Онда Совет үкіметі орнағанға дейін 22 медресе, 4 мешіт болды. Қазақтың хандары, ата­лықтары, төлеңгіттері, қожалары сол жер­де оқыды, сол жерде сабақ берді. Қа­зақтың соңғы ханы Кенесары мен Наурызбай да сонда оқыған. Бұл – дәлел­денген факті.

– Ал Қарнақтың көне екенін дә­лел­дейтін қандай атаулар бар?

– Қарнақ – ғалымдардың, абыздардың ме­кені. Қазақ хандығының ғылымы сол жер­де болған. Египеттің оңтүстік жағ­а­лауында, Нілдің жоғары ағысына қарай Қар­нақ деген ғибадатхана бар. Мысырдың фа­раондары сол жерде жерленеді. Олар­дың қорымдары, храмдары, ғибадат­ха­налары сол жерге жинақталған. Ал Еуро­падағы Франция елінің батыс бөлігіндегі Бретаньда да Қарнақ атты қорым бар. Сонау неолит дәуірінен келе жатқан ғибадатхана. Үлкен балбал тастардан жасалған қорымдар сол жерде әлі тұр. Француздар оны әдемі аспан асты музейіне айналдырып қойған. Сонда оларға Қарнақ атауы қайдан барды? Оларда Қара­тау жоқ қой. Қаратау бізде ғана бар. Сол Қаратаудың баурайында Қарнақ бар. Яғни, Қарнақ атауының біздің жыл санауымызға дейінгі екінші мыңжыл­дық­тағы ұлы көштердің заманында Еуропаға да, Африкаға да барғанына дау болмаса керек. Міне, осыдан-ақ Түркістанның көне тарихы сезіле бастайды.

– «Түркістанды еуразиялық көне өркениет ошағы деп қарастыру керек» деген ойды айтып жүрсіз. Осы ойыңызды тарқатып айтып беріңіз­ші…

–  Қазақ баласы бұл жерді текке құр­мет­темейді. Ата-бабалары жатқаннан кейін құрметтейді. Және бергі заман емес, сонау көне заманнан бері келе жатыр. Тіпті, бүкіл Еуразияның қасиетті жері деп айтсақ болады. Мынадай бір әңгіме бар. Хорезмді Алтын Орда заманында Наға­най бек биледі. Қоңыраттың шежіресін осы Нағанайдан таратады. Нағанайдың қай жерде жерленгені анық. Сол Хорезм­де Қият деген қалада жерленген. Нағанай өлгеннен кейін Хорезм өлкесін оның баласы Аққұсайын биледі. Аққұ­сайын өлген уақытында оны Түркістанға әкеліп жерледі. Әзірет Сұлтанның жанында. Содан-ақ біліңіз, Түркістанға деген құрметтің қандай болғанын, ол жердің қаншалықты киелі екенін.

Жалпы, еуразиялық өркениеттің алтын бесігі – қазақ жері. Еуразиялық ау­мақта бірнеше жерде жылқышылардың тұрақтары табылған. Былтыр археологтар Ертіс бойынан да тапты. Ол қоныстар өзіміз айтып отырған Бетпақдала, Ұлытауда да бар. Бетпақдаладан Әлкей Марғұланның өзі он шақты неолит қоныстарын тауып кеткен болатын. Мен былтыр біреуін таптым. Жылқышылар қауымдастығы қалыптасқаннан-ақ жылқы мінген, жылқыны игерген, мыңдап жылқы айдаған халықтар бүкіл Еуразия аумағын мидай араластырады. Өйткені жылқы деген  жылдамдық, жылқы деген қару-жарақ, жылқы деген байлық, жылқы деген күш. Атқа мінген жауынгер адам қазіргі заманның танкісі сияқты. Атқа мінген бір адам отырық­шылардың ауылына кіріп барса, оған еш­кім қарсылық көрсете алмайды. Жыл­қы көрмеген отырықшы ел үшін ол аспаннан түскен қорқынышты құбыжық­тай болып тұрады.

Бергі заманда испандықтар Америка үндістерін жаулап алу үшін атты алып барды емес пе?! Картес 300 атты жауынгермен бүкіл Ацтек мемлекетін қиратып шықты. Сол сияқты аталарымыз аттың арқасында әлемді бағындырды. Бүкіл Еуразияның бақташысы болып отырды. Мынау көшпелілердің ұлы қозғалыстары алдымен жылқышылардың ұлы қозға­лыстарынан басталады. Шумер заманында әлі атқа көшпесе де, ұлы қозғалыстар сол заманнан бастау алады. Содан ақы­рындап Месопотамия, Еуропа жерлерінде мемлекет қалыптаса бастады. Одан кейін қазіргі Түркия жеріне хеттер барды. Түркияда Богазкөй деген хеттердің үлкен орталығы бар. Сол Богазкөйдің дәл ортасында Алашатөбе деген төбе тұр. «Алаша-күйік» дейді өздері. «Күйік» деген «төбе» деген сөз. Сол жерде бүкіл хет патша­ларының архивтері табылып жатыр.

Хет мәдениеті, яғни жылқышылар мә­дениеті біздің эрамызға дейінгі 3-мың­жылдықтың соңында Түркия жеріне барып орнығып, қазіргі Түркиядағы мем­лекетшілдіктің бастауын жасады. Осы тіршілік ХV ғасырға дейін, яғни техника кіре бастағанға дейін жалғасып келді. Еуропалықтар кеме, суда жүзу мәдениетін игергенге дейін жылқышы тайпалар әлемдегі ең үстем күш болып келді.

Содан кейін техника пайда болып, кемелер мұхит айналып, отырықшылар жүзе бастағаннан кейін ғана біз өзіміздің позициямызды бердік. ХVIII ғасыр – Абылай дәуірі – біздің ең соңғы тұяқ серпіткен сәтіміз. Абылай осы мемлекетті ұстап тұрды. Көшпелілерден қалған жалғыз қауымды сол қалпында сақтап қалды. Оның жауынгерлік рухын, оның бүкіл өнерін, мәдениетін сақтады. Абылай өл­геннен кейін біз Еуразиялық орталық рө­лінен айырылдық. Енді орталық Еуропаға көшіп кетті. Қазіргі уақытта әлем­нің орталығы – Америка. Енді біраз уақыттан кейін бұл орталық басқа жаққа қарай көшуі мүмкін. Бұл – тарихи заң­ды­лық.

– Түркістан – бүгінде еліміздің ру­хани астанасы болғанымен, әу бас­та экономикалық орталық болған. Ал қазір бұл міндет бас қаламыз Нұр-Сұлтанның еншісінде. Сіз елорда тарихын зерттеп-зерделеп жүрген та­рихшылардың бірісіз. Екі шаһар­­дың арасындағы тарихи байланыс туралы не айтасыз?

– Түркістан – әуел бастан эко­номикалық орталық болған жер. Өйткені сауда-саттық жүрген жер қашанда экономикалық орталық болады. Ал эко­номикалық орталық болған жер біртіндеп саяси орталыққа айналады. Өйткені хандар да жақсы жерде өмір сүргенді құп көреді. Сөйтіп, қазақ хандары Түркістанға орын тепті, Түркістанды астана жасады. Бірақ біз көшпелі елміз ғой. Түркістанда отырықшы халық – сарттар шаруашылық жұмысын, қолөнер жұмысын жүргізеді. Қазақ пен сарт бір-бірімен қатты араласып қалған ел. Өйткені қазақ малынан айырылып қалса бірден сарт болып шыға келеді. «Сарт» саудагер деген сөз. Сарт байып кетсе, малы көбейіп, көшпелі қазақ боп кетеді. Бұл үдеріс мыңдаған жылдар бойы жүрген.

Түркістан саяси орталық болғаннан кейін көшпелі елмен де тіл табысып отыруы керек. Сол үшін қазақтың хандары жазға қарай көшкен елмен бірге Арқаға қарай қоныс аударады. Сонда Тәуке ханның тоқтайтын жері Астананың маңындағы Күйгенжар деген ауыл болыпты. 2012 жылы  Күйгенжардан әз Тәуке ханның жазғы ордасын таптым. Күй­генжардағы бейіттің ортасында  қа­лып қойған екен. Ұзындығы 100, ені 60 метр болатын үлкен қорған бар. Ортасына киіз үй тігіп, орда тігіп, жаздыгүні сол жерде отырған. Ал аталықтар Түркістанда қала береді. Орданың жанындағы кеңсе қызметкерлері,  күзетшілер, сарбаздар да сонда қалады. Олар елшіліктерді қабылдап, өздері де елші аттандыра береді. Түркістанның жанында да шағын жазғы орда болды. Ол Кәріз деген жерде. Мысалы, елшілік кеп қалса, сол жерде киіз үй тігіп қабылдайды. Ал негізгі жазғы орда Астананың жанындағы Күйген­жарда. Міне, елорда мен Түркістан тари­хының біте қайнасатыны сондықтан. Бұл дәстүр сонау ғұн, қаңлы замандарынан бері бар. Олардың да хандары көш­пелі елмен ат үстіндегі жауынгерлермен тіл табысып отыру үшін бірге көшеді екен. Егер сіз жауынгерлермен тіл табыса алмасаңыз, мемлекетіңіз шайқалып кетеді. Сондықтан сіз осылардың арасында жүруіңіз керек.

Тағы бір маңызды мәселе, біздің қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының байырғы атауы – Қараөткел. Неге Қараөткел? Қа­раөткел дегеніміз Есілдің бойындағы үлкен өткел. Мына Кенесары көшесі сол жерден басталады.  Есілдің бойында шағын өткел бар. Ал Қараөткел өте жал­пақ, табаны қатқыл. Судың биіктігі 50-60 см-дей ғана болады. Ол жерден мыңдаған түйе емін-еркін өте береді. Табаны езілмейді.

1781 жылы Абылай хан дүние салды, одан кейін билік әлсіреп кетті. Орыстар Абылай сияқты үш жүзді қайта қосып басқаруға мүмкіндік бермеді. Уәли 1820 жылы қайтыс болды. Содан кейін орыс­тар ақырындап кіріп, «хандық билік жойылды, енді округтер ашамыз» деп осы жерге отрядтарын жіберді. Олар қазақтың сұлтандарымен, мырзаларымен сөйлесіп, тіл табысуға ниеттенді. Нәтижесінде, Көк­шетау, Қарқаралы сынды алғашқы округ­тер ашылды. Ол жерде Уәлидің, Бө­кей­дің ордасы болып еді.

Содан Ресей патшалығы Ақмоладан да округ ашпақ боп, мұнда да отрядтарын жібереді. 1820-1830 жылдары Шубиннің отря­ды келді, оның алдында Шангиннің отряды келген. Сол отрядтағылар Қа­раөткелді сауданың қайнаған ортасы деп атайды. Бұл жерге сонау Бұхара, Түр­кістан, Ташкент, Қашқариядан саудагерлер келіп, Астрахан, Қазанға қарай өтіп кетеді. Астрахан, Қазаннан келгендер осында кеп тоқтайтын көрінеді. Бәрі осы жерде саудасын, айырбасын жасайды да, қайта береді. Сондықтан бұл жерден жаз бойы сауда керуендері үзілмеген. Сіз­дердің газет редакциясы қазір сол  сау­даның қызу жүріп жатқан жерлерінің бірінде отыр. Өйткені Кенесары көше­сінің бойын үлкен базар көшесі деп ата­ған. Саудагерлер өткелден өтеді де, осы жерде қоныстарын тіге бастайды. Бір сау­да керуені 100 метр жерді алса, екіншісі келіп одан ары қарай тігеді.

Астананың ең алғаш салынған құрылысы да сауданың мүддесіне қарай салынған. Бұл қазіргі – Sine Tempore сауда үйі. Ол сонау Қазақ хандығы заманында салынған ең алғашқы құрылыс. Әлі күнге дейін сақталып тұр. Қазір Sine Tempore атанған ғимарат Совет заманында «ЦУМ» болды, Ресей патшалығы заманында «Гостиничный двор», ал қазақ заманында «Керуен сарай» болды. Осы маңайда бір мешіттің де құрылысы болу керек. Сосын бұл жерден ерте уақытта бір өлкетанушылар құбыр тауып алған болатын. Яғни, мұның бәрі ескі қаланың болғанын көрсетеді.

Түркістан тарихы энеолит, неолит дәуірінің соңына дейін барады деп айтып отырмын ғой. Қараөткелдің тарихы да біразға барады-ау. Бірақ нақты айта алмаймын. Дегенмен орта ғасырда бұл жерде қала болғаны анық. Ал Кемал Ақышев ағамыз қазған Бозоқ қаласы – ғұрыптық орталық. Ол шағын қалашық болғандықтан, онда қала өсе алмайды. Өйткені жан-жағының бәрі батпақ. Ал қала осы жерде болған. Міне, сол заманда-ақ Түркістан мен Қараөткел арасында сауда керуені жүріп жатқаны нақты.

– Жалпы, кез келген дүниенің пай­да болуы белгілі бір қажеттіліктен туын­дайтыны белгілі. Ал көне қала­лық мәдениеттің қалыптасуына, қала­лар­дың пайда болуына не түрткі болды?

– Түркістан неге пайда болды? Түр­кістан – екі шаруашылық-мәдени даму жолының ортасында тұрған қала. Бір жағында көшпелі мал шаруашылығы, екінші жағында отырықшылық-егіншілік мәдениет пайда болды. Енді бұл екі мә­дениет бір-бірімен араласпай қой­май­ды. Содан екі мәдениеттің шекарасында қалалар пайда болады. Өйткені дәл жап­сарға кеп қолөнершілер орналаса бас­тайды. Мәселен, сіз жылқы бағып жүрген елсіз. Сіздің жылқыңыз бар, байлығыңыз бар. Жылқыны егіншілерге сатып, олардан дәнді дақыл сатып аласыз. Сол секілді сізде қолөнер бұйымдарына деген қа­жеттілік те туындайды. Мәселен, қыз ұзататын болдыңыз. Қызыңызға жасау керек. Оны жасау үшін қолөнершілер керек. Ал қолөнершілер әлгіндей жап­сарға кеп отыра қалады. Сөйтіп, сол жер­де қала пайда болады. Қаланы жасайтын егіншілер, малшылар емес. Қаланы жасайтын – қолөнершілер. Қолөнершілерден қала тарихы басталады. Олар екі шаруа­шы­лық өркениетінің ортасына кеп отырады да, сол жерді қалаға айналдыра бас­тайды.

Сонымен, жылқыны, малды қолға қалай үйретті, солай қалаларға деген қа­жеттілік пайда болды. Бұл – эконо­ми­калық заңдылық. Өйткені сіз мал бағып жүрген елсіз, қолөнермен айналыса бермейсіз ғой. Оны сатып алғаныңыз жақсы.

Сонымен, неолит дәуірінің соңында Түркістанда алғашқы қолөнершілердің қонысы пайда болды. Кейін энеолит дәуірінде жылқы шаруашылығы дамыған кезде әлгі қоныстар қалаларға айналды. Міне,  Түркістанның көне тарихын ерте дәуірлермен байланыстыруға себеп көп. Яғни, Түркістан секілді қалалардың тарихын энеолит дәуірінен бастасаңыз, қателеспейсіз.

– Сұхбатыңызға рақмет!

 

Сұхбаттасқан

Әсел ӘНУАРБЕК

Редакция таңдауы

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Еліміз бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді,...

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...
ent 660x330 1

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады....
5c793d28 a48b 4324 8f9a 8110d7809692

Қазақстан тарихы энциклопедиясының үш томы жарыққы шықты

Жақындағы ғана бүкіл Қазақ тарихшы ғалымдарының арманы орындалды. Қазақстан тарихы энциклопедиясының 3...
d6b6680e41498de88d6c8e98db2a9a2d

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының...

Жаңалықтар

Трамп Ақ үйден кетті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Ақ үйдегі кеңсені босатты, деп хабарлайды BBC. Ақ үйдің ауласының ішіндегі көгалға қонған АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тікұшағыны көмекшілер қалған...

Кеген ауданында айсберг пайда болды (видео)

Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында әдемі «айсберг» пайда болды. Таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындармен қатар басқа өңірлерден туристер келе...

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Еліміз бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді,...

Елімізде ет бағасы қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде сиыр, жылқы және  қой етінің бағасысы едәуір қымбаттаған. Кейбір ет түрлерінің бағасы 16 пайызға көтерілген. 2020 жылғы 3 тоқсанда әрбір қазақстандық...

«Uly Dala Jastary» байқауының жеңімпаздары өнер академиясына емтихансыз қабылданды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 11-15 қаңтар аралығында онлайн форматта «Uly Dala Jastary» атты III республикалық жас хореографтар байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конкурс Т.Жүргенов атындағы Қазақ...

Елімізде 45 мың теңге жалақы алатындар саны – 50 мың адам

Қазақстанда 50 мыңға жуық адам айына 45 мың теңгеге жетпейтін жалақы алады. Бұл туралы atameken.kz хабарлайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, мұндай жалақыны Қарағанды және...

Коронавирустан жазылғандарды оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті

Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты. «Әлеуметтік...

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар әлдеқайда қауіпті – маман пікірі

Медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлдеқайда қауіпті екенін айтады. ҚазАқпараттың жазуынша, дәрігер: «Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны...

Ақмола облысында полицейді көлік капотында сүйреген азамат сотталды

Ақмола облысында жол патрульдік полициясының қызметкерін көлік капотында сүйреген 24 жастағы ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық ПД мәліметінше, 2020 жылдың 14 ақпанында...

Қазақстан тарихы энциклопедиясының үш томы жарыққы шықты

Жақындағы ғана бүкіл Қазақ тарихшы ғалымдарының арманы орындалды. Қазақстан тарихы энциклопедиясының 3 томы жарық көрді. Бұл маңызды басылымдар - Қазақстан тарихының көне дәуірден қазіргі заманға...

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Осы орайда ІІМ тарапынан кейбір заңнамалық...

Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Облыстық полиция департаменті Қостанай қаласында «тұрғын үйге бомба қойылды» деген оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. «Бүгін шамамен сағат 15:05-те «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 2,1 трлн теңгеге жетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылы қанша ақша жинағанын айтты. 2021 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшыларының шотында 12,9 триллион теңге зейнетақы...

Журналистер тегін құқықтық кеңес алады

М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және «BAQ KASIPODAQ» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсімге КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Бұқаралық...

2020 жылы елімізде ең көп сатылған көліктердің үздік бестігі белгілі болды

2020 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 89 мыңнан астам жаңа көлік сатқан. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады. «Былтыр ресми дилерлер 89 097...

Назар салыңыз: зейнетақы жинағын тексерудің бірнеше әдісі бар

Жыл басталғалы бері азаматтарда зейнетақы жинағын тексеруге, есептеуге және шешіп алуға қатысты сұрақ көп. Осыған орай Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинағы туралы...

Жауапты хатшы институты жойылды: 8 министрліктің хатшысы қызметінен босады

Қазақстанда министрліктердегі жауапты хатшылар институты ресми түрде жойылды, – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. 2021 жылғы 18 қаңтарда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бюро мүшелеріне партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 33 жастағы Мейіржан Отыншиевті таныстырды. Мейіржан...

Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың интернетке қосыла алмайтынын...

Трамп жаңа партия құрмақ

Бүгін АҚШ президенті қызметін аяқтаған Дональд Трамп өзінің жақтастарымен жаңа партия құру мәселесін талқылап жатыр деп хабарлайды америалық БАҚ өкілдері сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап. «Дереккөздерінің...

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылды

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Корея Республикасында Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылып жатқанын мәлімдеді. «Кореяда сотталған 25 адамды қайтаруға толық мүмкіндік бар. Өкінішке...

Зейнетақы қорынан алуға болатын қаражат көлемі өсті

Желтоқсанда инвестициялық табысты қоса алғанда, БЖЗҚ активтері 193 миллиард теңгеге өсті. Сондықтан да мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат көлемі де ұлғайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  "Бірыңғай...

Forbes ең жомарт миллиардерлердің рейтингін жариялады

Америкалық Forbes басылымы АҚШ-тың ең жомарт миллиардерлерінің рейтингін жасады. Басылым олардың өмір бойы қайырымдылыққа қанша қаражат жұмсағанын есептеді. Басылымның мәліметінше, 42,8 миллиард долларды қайырымдылыққа...

Қай өңір тұрғындары етті көп жейтіні белгілі болды

Өткен жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның әр тұрғыны орташа есеппен 21,3 кг ет және ет өнімдерін тұтынған.  Еnergyprom.kz дерегінше, бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1...

Петропавлда үйі өртенген отбасы 5 баласымен далада қалды (видео)

Петропавлда жалдамалы үйі өртеніп кеткен отбасы бес баламен бірге далада қалды. Дүйсембиндер әулеті осы күнде жазғы шай ішетін кішігірім үйді күнелтіп отыр деп хабарлайды...

COVID-19: ДДСҰ өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркеді

Өткен аптада әлемде коронавирустан көз жұмғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Жеті күн ішінде індеттен 93 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау...

Алматыда ҰБТ басталды

Алматыда 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу басталды. ҰБТ 20-30 қаңтар аралығында Алматы қаласының бес ЖОО базасында өтеді. Бұл ретте ҰБТ өткізу пункттерінде күшейтілген...

Алдағы он жылда жаһанды сынға алатын басты қауіп-қатерлер аталды

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары алдағы он жылдағы басты жаһандық сын-қатерлерді атады, деп жазады Fast Company. Экологиялық түйткілдер (мысалы, экстремалды ауа-райы жағдайлары) алдағы уақытта бизнес пен...

COVID-19: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 198 Алматы қаласы - 112 Шымкент қаласы - 10 Ақмола облысы...

Смартфондағы қосымшалар арқылы адамның жеке деректері қалай ұрланатыны белгілі болды

"Роскачество" сандық сараптама орталығының жетекшісі Антон Куканов "Российская" газетаға берген сұхбатында смартфон арқылы адамды қалай бақылауға болатынын айтты. Оның айтуынша, телефон арқылы бақылау үшін адамдарға...

Дәрігерлер коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындады

Ұлыбританияда аурухана дәрігерлері коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындап, оған сыра әкеліп берді. Бұл туралы Daily Star хабарлады. Қарқынды терапия қоғамының құрметті хатшысы...

Банктер мен ақша айырбастау нүктелерінің жұмыс режимі өзгерді

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығымен COVID-19-ға байланысты Қазақстандағы банктердің, ломбардтар мен айырбастау пункттерінің жұмысына шектеулер енгізілді. Қаржы нарығын...

COVID-19: БҚО-ның бес ауданында карантин күшейтілді

Батыс Қазақстан облысының бес ауданында карантин күшейтілді. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында айтылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы...

Елімізде тағы бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы артпақ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласының 883 мың қызметкерінің, оның ішінде...

Украинадағы қызмет көрсету саласы толық украин тіліне көшірілмек

16 қаңтардан бастап Украинадағы қызмет көрсету саласы клиенттермен қарым-қатынаста толық украин тіліне көшуі тиіс. 2019 жылғы сәуірде қабылданған мемлекеттік тіл туралы заңның талабы осындай....

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Оралда шоқыну мейрамына келген 78 жастағы қария көз жұмды

Оралда шоқыну мейрамы кезінде ойыққа су алуға барған зейнеткер көз жұмды, деп БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ер адам созылмалы сырқатпен есепте тұрған....

Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ

Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәби ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар деп танылған басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық...

Президент 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін Асқар Маминді қабылдады. Онда Премьер-Министр Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылы Үкімет бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсіргенін айтты. «Атап айтқанда 609 мың...

«Халық сенімі». Ильхам Әлиев Елбасын Nur Otan партиясының жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауындағы Nur Otan партиясының жеңісіне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өз жеделхатында күллі...

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, –...

Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан...

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 20 қаңтарда Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей...

Оралда 21 қаңтардан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Орал қаласындағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы Роза Хасенованың 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен орталықтар, базарлардың қызметі жексенбі күндері тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру...

Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушылардың бірі өзін жарақаттады. Сот процесінде бір айыпталушы «бізді тоқпен азаптады, ұрып-соқты» деп шағымданды, – деп...

Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Беларусь Республикасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) осындай шешім шығарды. IIHF таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, бастапқыда Минсктегі Әлем...

Коронавирус: Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды

Қырғызстан Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтайтын тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын айтты, – деп жазды РИА Новости. «Бізге америкалық...

«Анашымды сағындым»: «Жасөспірімдер үйінен» қашып кеткен бала бес күннен кейін табылды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда сағат 10.00 шамасында «102» арнасына «Жасөспірімдер үйінің» қызметкерлері хабарласып, сол күні сағат 09.00-де 17...

Алимент төлемеген 119 әкенің мүлкі тәркіленді

Қостанай облысының сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 14 мыңнан астам адамды тіркеуге алды. Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 99...

«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты, – деп жазды Tengrinews.kz. Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86-ға...

Коронавирус: елімізде екі аптадан кейін вакцинация басталады

Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу жоспарлануда. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы...

Ресей соты Навальныйды 30 күнге тұтқындады

Ресей соты Федеральды қызметтің сұрауы бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 30 күнге тұтқындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев мәлімдеді, деп...

Елімізде электронды вакцинация паспорты енгізіледі

Қазақстанда электронды вакцинация паспорты енгізіледі. Бұл туралы Lенсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.  Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайын болу үшін үкіметтің қаулысының жобасы...

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, 2 адам көз жұмды

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй секторынан өрт шығып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. «18 қаңтар күні сағат 07:34-те «101»...

Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)

Жаңадан жасақталған Қазақстан Үкіметінің алғашқы отырысында жаңа тағайындалған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ант беру...

«Жарылып кетуі мүмкін»: Маман телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтынын айтты

Телефонды батареясы ұлғайғанда, күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттау қауіпті. Бұл туралы Прайм агенттігіне "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы Сергей...

«Күніне 7 мың адам жұқтырады»: Министрлік коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. "Министрліктің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы...

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Көпшілікке режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ деген есіммен кең танылған...

COVID-19: Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа енді

19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі жағынан «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы кірді. «Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл...

Трамп президенттіктің соңғы күнін қалай өткізетіні белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп осы лауазымдағы соңғы күнінде Мэриленд штатындағы әскери аэродромда қоштасу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр, деп  хабарлайды The Hill.  Іс-шара Вашингтондағы Джо Байденді...

Президент 8 шенеунікті қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар жауапты хатшылар қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен: Жанат Мұратұлы Қожахметов –...

COVID-19: Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 124 Алматы қаласы - 79 Шымкент қаласы - 7 Ақмола облысы...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...

Қытайлық ғалымдар мойындады: Жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталған

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп...

Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Стамбұлдағы халықаралық әуежай әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай болып шықты. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.  Екінші орында Париждегі Руасси — Шарль-Де-Голль әуежайы,...

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда перзентханаға дәрігерлеріне үкім шықты

Атырау соты облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жаңа туған нәрестені қасақана өлтірді деген айыппен үкім шығарды. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылған...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы»...

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма...

ІІМ көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов ІІМ-де өткен апталық брифинг барысында ҚР көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, – деп...

Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды

Сеул соты Samsung Group басшысы Чжэ Ён Лидің ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg. Чжэ Ён...

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті

Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады. Мұхтар...

Ұлттық экономика министрі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Әсет Арманұлы1987 жылы 18 маусымда дүниеге келді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын...

Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

Президент жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шапкенов тағайындалды. Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе...

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Тағайындалсын: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Роман...

Ауғанстан азаматы Қазақстанда 11 жыл бойы заңсыз жүрген

"Келімсек" іс-шарасы барысында Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған Ауғанстан азаматы анықталды деп хабарлайды Polisia.kz. Белгілі болғандай, 30 жастағы шетелдік осы уақытқа дейін мұқият...

30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің...

Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жайлы дәрігерлер не дейді?

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әнші Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жақсарып келеді. «Ол 16 қаңтар күні №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен ауыр халде...

Cтуденттер пандемияға байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус пандемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрайды. Індет таралғалы студенттердің көбі қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы...

“Сұңқар” радиостудиясы өз жұмысын бастады

“Қазақ радиолары” ЖШС және Еуразия ұлттық университетінің өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде “Сұңқар” радиостудиясы эфирге жол тартты.  “Біз болашақ арманның асқарымыз Біз елімнің мөп-мөлдір аспанымыз Еркін ойлы,...

Экс-депутат бас редактордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Кәрібай Мұсырман «Egemen Qazaqstan» газетінің Бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz сайты хабарлады. 1957 жылы бұрынғы...

Елімізде теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде темір жол билеттерінің бағасы көтеріледі, деп хабарлайды zakon.kz. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңы қатынастарындағы барлық әлеуметтік маңызы бар маршруттарға теміржол көлігімен...

UFC ардагері коронавирустан қайтыс болды

Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA) Пол Вареланс коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. Бұл туралы MMA Junkie хабарлады. Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) ізашарларының бірі 51 жасында бақилық...

Алматыдағы модульді госпиталь құрылысына бөлінген 5,5 млрд теңгенің 4 млрд теңгесі ұрланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыдағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады, деп хабарлайды Informburo.kz.  "16 қаңтарда...

Қазақстандықтарға доллар бағамы күрт өзгеретіні ескертілді

Қазақстандықтар бір-біріне 27 қаңтарда доллар бағамы күрт өзгеретінін ескертуде, деп хабарлайды zakon.kz. Таратылған хабарламаларда валюта алдағы уақытта алтын стандартына байлаулы болатыны айтылған. Алайда stopfake.kz бұл мәлімдеме...

Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Белгілі публицист, қаламгер Ғабит Мүсіреп қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп – Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір...

ДДСҰ өкілі коронавирус қашан басылатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович "Российская газетаға" берген сұхбатында коронавирустық пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.  Оның айтуынша, биылғы жылы COVID-19 ауруының жағдайы...

Интернеттегі алаяқттардың арбауына түспеудің 5 сақтық қағидасы

Полицейлердің айтуынша, бұл қылмыстың ең көп таралған түрі – онлайн несие алу. Бұл жағдайда алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне алаяқтық жолмен қол жеткізеді немесе онлайн-қарыздарды...

Жаңа қаулы: Павлодар облысында бірқатар мекемелердің қызметі тоқтатылады

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің өңірдегі карантиндік шектеу шараларын күшейту жөнінде жаңа қаулысы жарияланды. Жаңа қаулы ережелеріне сәйкес, әкімдерге бірқатар міндет жүктеліп...

Мақтаарал ауданында карантин шаралары енгізілді

Соңғы бірнеше тәулік ішінде Мақтаарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес...

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады

АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш Құдайберген қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады, – деп жазды dimashnews.com. Дәстүр...

Шыңғыс хан жайлы шындық

Белгілі бауыржантанушы, филология ғылымының кандидаты Мамытбек Қалдыбай Ержан Исақұлов пен Зәріпбай Оразбайдың «Шыңғыз хан» кітабы туралы пікір білдірді. Әр елдің терең тамыры мен бай тарихы...

Анкарада Абай альбомының тұсаукесері өтті

Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымы мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Анкарада «Абайды түсіну» альбомының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады. ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы...

Сот үкімі: «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қылмыс әлемінде «Серік-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев 19 жылға сотталды. Сот үкіміне сәйкес, Серік Жаманаев кінәлі деп танылып, 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары...

Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреті жарияланды

Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады. «Қазақстанның үстінен 264 миль қашықтықтан астам биіктікте Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген көрініс», – делінген суреттің сипаттамасында. Айта...

COVID-19: еліміздің 4 облысы «қызыл» аймаққа енді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Министрліктің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы, атап айтқанда, Ақмола,...

Атырауда түрмеге телефон лақтырған 2 азамат қамауға алынды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырған екі ер адам ұсталған. «Олар Атырауға Маңғыстау...

Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Сoronavirus2020.kz сайты 18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады. «16.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім...

Өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 125 Алматы қаласы - 97 Шымкент қаласы...

Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін ауыз су тартылды

Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін жаңа құбыр тартылып, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Осы уақыт аралығында елдімекен тұрғындары тау бөктерінен ағатын бұлақ...