«Екінші әйелім ешкіммен араласпайды» – әнші Айдар Тұрғанбек ағынан жарылды

Жігіттер тобының солисі, әнші Айдар Тұрғанбек отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында екінші, яғни қазіргі әйелінің ешкіммен араласпайтыны, ешбір БАҚ өкілдеріне сұхбат бергісі келмейтіні туралы айтты.

«Екінші әйелім білімнің адамы. Кітап оқығанды, ізденгенді жақсы көреді. Болашақта кітап жазатын болса, мықты дүние туатын еді. Қазіргі уақытта «Нұр-мүбәрәк» университетінде екінші жоғары білімін алуда. Бірақ, әзірге баламен декреттік демалыста отыр», – деп ағынан жарылды әнші.

«Сонда да әйеліңізді бір көретін күн туа ма?» деген журналистің сауалына Айдар: «Ол ешкіммен араласпайды. Тіпті, туған-туыстардың той-томалағына сирек қатынайды. Шулы ортаны, камера, фото дегендерді жаны қаламайды» деп жауап берді.

Back to top button