ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Сондай-ақ!

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз қызметі. ⠀ 2020 жылғы 30 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды. Асиятпен қатар сұлулар сынына қатысқан тағы 3 ару 2021 жылы өтетін «Қазақстан...

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер жоқ. Бұл туралы Сеченов университеті Трансляциялық медицина және биотехнология институтының директоры Вадим...

Әлемдегі тарихты жасауға атсалысқан тұлғалардың бірі адамзат тарихына өзіндік үлес қосса, ал бірі жаңа өзгерістар енгізіп, тарихтың жаңа бетін ашуға мүмкіндік туғызады, енді бірі өзі­нің жағымды іс-әрекеттерімен тарихта қалады. Осындай қазақ тари­хындағытұлғалардың бірегейі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері – Тұрар Рысқұлов. Оның бүкіл өмірі  мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ұлтының жарқын болашағы жолына бағытталды. Отан тарихындағы өзіндік орны бар тарихи тұлға ретіндегі маңызы ерекше.  

Т.Рысқұлов Моңғолиядағы қызметіне дейін мемлекет және партия саласында ұйымдастыру қызметінен  үлкен  тәжірибе жинақтап, көрнекті қайраткер дәрежесіне көтерілген тұлға. Оның  жеке тұлға ретінде  қалыптасуының  бастапқы кезеңі туралы О.Қоңыратбаевтың еңбегінде: «Тұрар Рысқұлов Қазан төңкерісінен кейін саяси белсенділігімен, іс-әрекетімен таныла бастаған оны депутаттардың ұсынуымен 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып сайлады. 1920  жылы шілденің ортасында  Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болды»  деп  айтылады.

Рысқұлов 1920 жылы қаңтарда 25-ке жаңа толған шағында сол кезде құрамында қазіргі күнгі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түр­кіменстан және Қазақстанның оңтүстік облыстары кірген Түркістан Орталық атқару ко­митетінің төрағасы болып сайланды. 1920 жы­лы күзде Т.Рысқұлов Түркатком төрағасы қызметінен босатылып, Мәскеуге ауыстырылды, РСФСР Ұлт жөніндегі халық комиссарының, яғни И.Сталиннің екінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл жұмыста да Т.Рысқұловты көп тұрақтатпай, ол 1920 жылдың соңында Әзір­байжандағы осы комиссариаттың өкілі болып ауыстырылды. Түркістандағы саяси жағдайдың күрделенуі, басмашылар қозға­лысының кең етек жаюы, өлкедегі экономи­ка­лық дағдарыстың өрши түсуі РКП (б) Орта­лық Комитетін Т.Рысқұлов сияқты өлкені жақ­сы білетін және оны тығырықтан шығара ала­тын қайраткерді Түркістан АКСР-гі басшы­лық жұмысқа қайтадан әкелуге мәжбүр болды.

Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне жо­ғары баға беріп, ұйымдастырушылық қа­бі­леті жоғары, дарынды тұлға болғанын Сталин 1922 жылы 14 мамырда Г.К. Орджоникидзеге жолдаған хатында: «…Түркістандық коммунис­тер­ді еркелете берудің қажеті жоқ, олар ондай құр­­метке лайық емес, соңғы екі жыл олардың бар­лығы жиылып жалғыз Рысқұловқа та­ты­май­тындығын айқын көрсетті, мен оның (Түр­кістанға) қайта оралуына қарсы емеспін», – деп, Т.Рысқұловтың қайраткерлік тұлғасын ерек­ше бағалаған. 1922 жылдың күзінде Т.Рыс­құлов Түркістан АКСР-і Халық комисарлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Кеңес­тік биліктің бірсыпыра салаларында жұ­мыс істеу Т.Рысқұловты мемлекет және пар­тия саласында ұйымдастыру қызметінің бай тәжірибесін жинақтаған көрнекті қайраткер дәрежесіне көтеріп, тұлға ретінде қалыптас­тырды.

1924 жылы Рысқұловтың өмірі мен қыз­ме­тінің жаңа кезеңі басталады, ол Коминтерннің өкілі ретінде Моңғолияға жұмысқа жіберілді.

Комитеттің 1924 жылы 16 қыркүйекте  Т.Рыс­құловқа берген куәлігінде халық партиясы мен жастар одағының арақатынастарын реттеу тапсырылады. Ол Моңғолияға келісімен, өз қызметінде осы мәселеге байланысты барлық құжаттармен танысады. Коминтернге 1924 жылы 2 қарашада Рысқұловтың жолдаған алғашқы хатында партия мен Жастар одағының арасындағы қайшылықтың себептерін ашып көрсетеді. Оның ойынша, бұл түсінбеушіліктің негізгі себептерінің бірі Коминтерннің жүргізген қате саясатына байланысты болған.

«Біз, – деп жазады Т.Рысқұлов, – үш жылдан астам уақыт Жастар одағына шектен тыс көңіл бөлдік, біз одан шын мәніндегі революциялық партия жасап халық партиясының орнын бастырмақшы болдық, – дей келе, бұл жоспарлар өзін ақтамады» деп түсінік береді. Екі саяси күштің арасындағы қайшылықтардың келесі бір себебін
Т.Рысқұлов Жастар одағы басшыларының солшыл іс-әрекеттерімен түсіндіреді. Сөйтіп, Т.Рысқұлов Моңғол Халық партиясына байланысты Коминтернді алаңдатқан бұл мәселеге жан- жақты талдау жасап нүкте қояды.

Т.Рысқұловтың Моңғолияда атқарған қызметінің ішінен елдің саяси өмірін демократияландыру мақсатын шешуге қосқан үлесі ерекше болды. Т.Рысқұлов Моңғолияда ең ірі және маңызды үш мәселеге көңіл бөлген. Олар: Моңғол Халық партиясын ұйымдық және идеологиялық тұрғыдан нығайтуға атсалысуы; Моңғолияның тұңғыш Ұлы Хұралын өткізу, онда қабылданған елдің тұңғыш Конституциясын жасауға қатысуы; 1925 жылы Қытайға барған моңғол үкіметінің делегациясының құрамында болуы.

Экономикасы төмен жағдайдағы құрылған ел басқару және партия құрылысында теория­лық және практикалық білімдері таяз қай­раткерлер басқарған Моңғолияның партия қай­раткерлеріне көмек көрсетуге де Т.Рыс­құлов біршама  қызмет атқарды. Моңғол Халық партиясының тұңғыш бағдарламасы 1921 жылы наурызда қабыланған. Тарих ғы­лым­дарының докторы, профессор М.Әбіл­тайұлының «Тұрар Рысқұлов – Моңғолияда» деген еңбегінде: «Рысқұлов:1921 жылы жасалған партияның алғашқы бағдарламасы қазірге дейін партия съезінде бекітілмеген, онда халықаралық жағдайға қорытынды жасалмаған, Моңғолияның өткен тарихына шолу жасалмаған, көтерілген мәселелердің таптық сипаты жоқ, партияның идеологиясы ашық айтылмаған, ондағы мәселелер панмонголизм, ұлтшылдық идеология тұрғысынан қойылған, партия мен мемлекеттің болашағы толық айқындалмаған, Қытай елімен ара­қатынас мәселесі толық қамтылмаған» деп атап көрсеткен» деген мәлімет келтірген. Партияны идеологиялық және ұйымдық тұрғыдан нығайтуда оның бағдарламасы мен жарғы­сының маңызы ерекше. Сондықтан күн тәр­тібінде партияның жаңа бағдарламасын жасау мәселесі тұрды. Т.Рысқұлов белсене қатысқан партиясының ІІ-ші бағдарлама жобасын 1925 жылы наурызда шақырылған пленум мақұл­дап, кезекті сьездің қарауына ұсынады. Онда Моңғолияның саяси әлеуметтік-эко­номи­калық және рухани өміріне демократиялық өзгерістер жасау міндеттері мен жолдары айқындалған. Партияның жаңа бағдарламасы 1925 жылы қыркүйек айында шақырылған партияның ІV съезінде бекітілді.

Т.Рысқұловтың Коментерн өкілі ретінде Моң­ғолияда атқарған қызметінің маңызды 2-ші қыры елдің тұңғыш Конституциясын жа­сау және қабылдау болды. Конституция мем­лекеттіліктің маңызды белгісі, саяси және құқық­тық құжаты. Әр елдің Конституциясы қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негізде­рін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқығы мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Т.Рысқұлов: «Конституцияның жобасы мен жол­дас Всесвятскиймен бірігіп жасадым. СССР мен Қиыр Шығыс Республикасы және басқадай елдердің конституцияларын пайдаландым. Жобаны үкіметтің төтенше комиссиясы талқылады. …Комиссия ұсақ-түйек түзетулер енгізіп, жобаны мақұлдады», – деп Коминтерн басшылары Маниульский мен Войтинскийге жолдаған алғашқы баяндамасында көрсеткен.

Моңғолияның тұңғыш Конституциясында көр­сетілген бірнеше баптарға тоқтала кетсек, олар: 1-ші бабында Моңғолияны тәуелсіз ха­лық республикасы деп жариялап, ондағы үкі­мет билігін Ұлы Хұрал мен сайланған үкімет ор­ны арқылы бұқара халық іске асыратындығы айтылған; 2-ші бабында елдің келешек даму жолы, яғни МХР-ның мақсаты реакцияшыл идеологияның қалдықтарын жойып, елдің саяси хал-ахуалын халық жағдайына сәйкес­тен­діріп, жаңа республикалық мемлекеттің тіре­гін нығайтады деп көрсетілген. … Конс­титуцияның тағы бір бабында жер, орман, су, оның байлығы ерте кезден бастап халық мен­шігі болғандығы қазіргі республика принциптеріне сәйкесетіндіктен бүкіл халықтың мен­шігі болып есептеледі, оларды жекеменшік­ке беруге болмайды делінген. Конституцияда көтерілген тағы бір мәселе Дін басқармасы туралы еді. Моңғолияда 1911- 1924 жылдары теок­ратиялық монархиялық мемлекет өмір сүр­ді (мелекет басында дін басы Боғдахан болды). Теократиялық монархияның ерекшелігі – дін басы ел басының міндетін атқарды. 1924 жылы Боғдахан қайтыс болғаннан кейін Діни басқарманы жою мүмкіндігі туды.

29-шы бапта экономикалық саланы бас­қаратын үкіметтік органның құрылып үлгер­меуіне байланысты экономикалық кеңес құ­рып, оны Министрлер кеңесінің жанынан ашу болды. Экономикалық кеңестің құқығын көте­ріп, бұл саладағы былықтарды жою мүм­кін­дігін қамтамасыз ету үшін оны Министрлер кеңесінің жанында ашқан дұрыс деген
Т.Рысқұловтың пікірін көпшілік қолдады. Сол қолдау нәтижесінде шаруашылық және эко­номикалық шараларды үйлестіру мақсатымен Ми­нистрлер кеңесінің жанынан МХР-дың экономикалық кеңесі құрылады.

Ал 50-ші бабында, Ұлы Хұралды елдің аста­на­сына шақыру мәселесін талқылағанда, астананың атын өзгерту керектігі айтылды. МХР-ның тұңғыш Ұлы Хұралы Конституция­ның әр бабын талқылай келіп, 26 қарашада бол­ған мәжілісінде оны толығымен қабыл­даған.

Қабылданған Конституция бойынша Моң­ғолияда парламенттік жүйе орнап, ол жүйе моңғол елін демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамуы барысында тиісті рөл ат­қар­ды. 1960 жылы әкімшіл – әміршілдіктің өріс алуына байланысты бұл жүйе жойылып, тек 1990 жылдары моңғол еліндегі демокра­тиялық үрдіс нәтижесінде парламенттік жүйе қайтадан дүниеге келді.

Т.Рысқұлов 1924 жылы желтоқсанның 15-де Коминтернге жазған баяндамасында: «Конституция моңғол халқының табыстары мен жетістіктерін заңды түрде бекітіп қана қойған жоқ. Моңғол мемлекетінің бет-бейнесін, бола­шағын айқындап берді. Конституцияның жо­басын жасаған менің рөлімді азайтпақшы бол­ған әрекет өз мақсатына жете алмады. Конс­титуцияда көтерілген мәселелердің маңы­зын дұрыс түсінген моңғол қайраткерлері мені түгел мойындады. Мемлекеттік кіші хұрал (парламент), дінді мемлекеттен бөлу, кедей бұқараларды серіктестікке тарту тәрізді мәсе­лелер бойынша Ербанов, Жамсрано, Ринчино және біздің арамызда пікір таласы болғанымен, Конституцияда жоғарыда айтылған тұжырым негізінде қабылданды» деп жазған. Конс­ти­туцияның 50-ші бабында Ұлы Хұралды елдің астанасына шақыру мәселесін талқылағанда, астананың атын өзгерту керектігі айтылды. МХР-ның тұңғыш Ұлы Хұралы Конституция­ның әр бабын талқылай келіп, 26 қарашада бол­ған мәжілісінде оны толығымен қабыл­да­ған. Моңғолияның тұңғыш құрылтайында кө­терілген мәселелердің келесі өзектісі моңғол елі­нің бас қаласының атын өзгерту болды. Құрыл­тайда бұл мәселе бойынша өз ойларын айт­қандардың пікірлерін тыңдай келе,
Т.Рысқұлов: «Моңғол халқының барлық іс әре­кеті астанаға байланысты болғандықтан, оның атын өзгерту дұрыс пікір. Астананың атын қазіргі заманға сәйкестендіру қажет. Осы тұр­ғыдан «Улаанбаатар» деп атасақ» деген пі­кір айтады. Бұл пікірді бір ауыздан қабылдайды.

Т.Рысқұлов Коминтерн өкілі ретінде ат­қарған қызметінің тағы бір қыры МХП мен моң­ғол мемлекетінің сырт саясатында Қытай мен Моңғолия мемлекетінің қарым-қаты­на­сын жолға қоюдағы дипломат ретіндегі рөлі бо­лып табылады. Моңғол үкіметі Қытай генера­лымен келіссөз жүргізу мәселесі бойынша келісімге келеді. Келіссөзге баратындар құра­мында Т.Рысқұлов та болды. Комин­терн­нің мүшесі екендігін жасыру мақсатында
Т.Рысқұловтың тегі мен аты өзгертіліп, «Қа­зақ­бай» деген жалған ат, қазақ князы деген дәреже береді. Келіссөздің нәтижесінде Моңғолияның тәуелсіздігіне байланысты құжат қабылдан­ғанымен, қытай әскерилерінің тұрғысынан Моңғолияға баса көктеп кіру қаупін тоқтатуда маңызды рөл атқарды. 1925 жылы Т.Рысқұлов­тың белсенділігінің арқасында Моңғолияның Қытаймен арадағы келіссөзге барғандар құра­мында болып, екі ел арасындағы дипло­ма­тия­лық қатынастың жолға қойылуында да септігі болғандығын анғарамыз. Т.Рысқұловтың Қытайға баруы, қытай генералымен жүргізген келіссөзге белсене қатысуы оның дипломатия сала­сында да шебер қайраткер екендігінің ай­ғағы. Коминтерн өкілі ретінде Т.Рысқұлов­тың қайраткерлігінің арқасында Азия құрлы­ғын­да орналасқан моңғол елінің тұңғыш Конституциясы жасалып, заман талабына сай, елдің саяси-экономикалық дамуын социалистік бағытқа бұрып берді.

Т.Рысқұловтың қызметіне жоғары баға бе­ріп, дарынды тұлға болғаны туралы академик М.Қ. Қозыбаев: «…оның тек советтік шығыс емес, әлемдік ұлт қозғалысының көсемдерінің бірі екендігі сөзсіз. Т.Рысқұловтың әлем тари­хындағы тұғыры биік, жұлдызы жарық, ол Сун-Ят-Сен, Д.Неру, Мұстафа Кемал-паша (Ата түрік) қатарындағы қайраткер екені күмән тудыр­майды», деп баға берген болатын.

Моңғолиядағы ақша айналымы жағдайын тал­дай келіп, ұлттық валютаның енгізілуін қол­дайды. Моңғолия экономикасын зерттей келіп, тап сол уақыттары бұл ел үшін мал шаруа­шылығының үлкен маңызы бар екендігі­не көз жеткізеді және де мал басын 100 млн басқа дейін ұлғайтуға және Ресеймен ойда­ғыдай сауда-саттық жасасып, Сібірді ет өнім­дерімен қамтамасыз етуіне болады деген тұжы­рым жасайды. Одан ары сауданы, транс­портты дамытуды атап көрсетеді. Транссібір магистралі идеясы да осыдан шығады. Ол 1925 жылы шілде айының басында Коминтерннің Моңғолиядағы өкілі қызметінен босайды. Т.Рысқұловтың Моңғол елінің даму бағыты мен қабылдаған тұңғыш Конституциясындағы баптар бойынша бір келісімге келе алмаған топтың басында солшыл әсер партиясының мү­шесі Ринчино тұрды. Т.Рысқұлов пен Э.Ринчиноның арасындағы келіспеушілік қара­ма-қайшы екі саяси бағыт арасындағы принципті күрес болды. Олардың арасында жоғарыда көрсетілгендермен қатар партия мен үкімет органдарының жұмыс әдісіне байланысты қайшылықтар да туып отырған. Коминтерннің атқару комитеті Т.Рысқұловтың талабы бойынша пікірталасқа талдау жасау міндетін жүктеген А.Амгаев оның дұрыс бағыт ұстанып, аз уақыт ішінде партия мен үкіметтің саясатын анықтауға, оны жүзеге асыруға үлкен үлес қосқанын анықтап береді. Бірақ Амгаев­тың бұл қорытындысы МХР партиясы Орта­лық комитетінің Т.Рысқұловқа байланысты қа­был­даған шешімін өзгертуге әсер ете алмады.

Қорытындылай келе, Т.Рысқұловтың Моң­ғолиядағы қызметі небәрі 9 айға ғана созылды. Осы қысқа ғана уақыттың ішінде Т.Рысқұлов Моңғолия тарихына өзін жан-жақты саясаткер, дипломат екендігін көрсете білді, сол ел­дің тарихында өшпес қолтаңбасын қалды­рды. Оның есімі уақыт өткен сайын жас ұрпақ­тың жадында жаңа қырларынан көріне бермек. Т.Рысқұлов көрнекті қоғам қайраткері, дип­ломат ретінде қазақ тарихында ғана емес, Моң­ғолия тарихында ерекше орын алады.

 Гүлнар Қозғамбаева,         

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Джо Байден

Джо Байден аяғынан ақсады

АҚШ-тағы президент сайлауда жеңімпаз болған Демократиялық партиясының өкілі Джо Байден аяғын жарақаттап...
Намбарын Энхбаяр Назарбаев

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энхбаярдың Тұңғыш Президент күніне орай жазған “Көреген және...
отшашу

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі...
қазақ мәдени орталғы

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...