Ғарышкер Әубакіров пен Айымбетовтың өміріндегі 5 ұқсастық

Ғарышкер Әубакіров пен Айымбетовтың өміріндегі 5 ұқсастық

Ғарышкер Әубакіров пен Айымбетовтың өміріндегі 5 ұқсастық
ашық дереккөзі
Бірінші ұқсастық: Екі батыр бір айда, бір күнде өмірге келген екен. Туған күндері - 27 шілде. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылдың, Айдын Айымбетов, 1972 жылдың жазында дүние есігін ашқан, - деп жазады tengrinews.kz агенттігі. Халық қаһармандарының жұлдызы - аң патшасы арыстан. Бұл сәйкестіктерді "Тұлғатану" қоғамдық жобасының жетекшісі Абай Сейфуллаұлы байқаған. Тұлғатанушы ғалым, ғарышкерлердің екінші ұқсастығы Тоқтар Оңғарбайұлы да, Айдын Ақанұлының бір оқу орнын, "Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін" араға 24 жыл салып, оқып бітгендіктерін, ал ғарышқада араға 24 жыл салып ұшқандықтарын жазады. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы 2 қазан, Айдын Айымбетов 2015 жылы 2 қыркүйегінде ғарышқа көтерілді. Бұдан бөлек, "Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқандағы командирі - Александр Волков боласа, Айдын Айымбетовтың командирі Александр Волковтың ұлы - Сергей Волков!", - деп жазған тұлғатанушы.