Ресей спортындағы  «көлеңкелі күндер»

Сондай-ақ!

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны тоқтату үшін әлемдік қауымдастық жетпіс жылдан аса уақыттан бері күш салып келеді,...

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин Қазақстанның саяси күнтізбесінен хабары екенін білдірді. «Келесі жылдың 10-шы қаңтарында өтетін парламент сайлауын...

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті, деп хабарлайды. "Ресейді біз келесі жылы алты турнир өткіземіз. Мәскеу, Нижний Новогород, Дағыстан,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара жатқан Өзбекстан азаматы ұсталған.  Өткізу бекетінде шетелдіктерді тексеру барысында Нано атты қызметтік...

Ресей спортында тағы да дау. Осыдан 4 жыл бұрын басталған допинг дауын Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі қайта қозғады. Осылайша, Ресей спортшыларының басына қара бұлт үйірілді. WADA ресми түрде Ресейдің халықаралық спорттық сайысқа қатысу құқығынан 4 жылға шеттетілетінін хабарлады.

WADA үстіміздегі жылдың қа­ра­ша айында Ресейдің анти­до­пингтік агенттігін Бүкілә­лемдік допингке қарсы күрес кодексінің талаптарына сай келмейтінін мәлімдеп, Мәс­кеудегі зертхана жұмысына теріс баға берген бо­латын. WADA сарапшылары­ның мәлімдеуінше, зертханада жа­салған тексерулер нәтижесі өз­гертілген. Айта кетейік, 2015 жыл­дың қараша айында WADA Ре­сейді антидопингтік ережені бұз­ғаны үшін айыптап, Мәс­кеу­дегі зертхана жұмысын тоқ­татқан болатын. Тіпті сол жылы «РУСАДА ұйымның кодексі­не сай жұмыс жасамады» деген үкім шы­ғарды.

Арада бір жыл өткенде, яғни 2016 жылы канадалық заңгер Ричард Макларенның Ресей спор­тындағы допинг туралы баяндамасының екі бөлімі жарияланып, күллі әлемнің назарын қайта Ресейге аудартты. Осыдан кейін WADA «РУСАДА» жұмысына күдіктене қарап, агенттік жұмыстарын зерттеп-зерделеуге шындап кірісті. Алайда 2018 жылдың қыркүйек айын­­да Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі «РУСАДА»-ға бұрынғы статусын қайтарып берді. Бірақ Ресей антидопингтік агенттігінің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Биыл «РУСАДА» жұ­мысы тағы да күдікке ілініп, WADA қайтадан тексеріс бастады.

Өткен аптаның басында WADA бірауыздан шешім шығарып, Мәскеудегі антидопингтік агенттіктің кодекс ережелерін сақтамағаны үшін Ресейді халықаралық додадан сырт қалдырды. Енді Ресей 4 жыл аралығында ешқандай ха­лықаралық жарысты өз жерінде өткізе алмайды. Ал Ұлттық олим­пиада комитетінің басшы­лығы Ресей командаларының ірі турнирде де бой көрсете алмайтынын хабарлады. Оның ішінде олимпиадалар мен паралимпиа­далық ойындар да бар. Мұндай сайыстарға еш күдікке ілінбеген ресейлік атлеттер қатыстырыла­ды. Бірақ олар Ресей туы астында өнер көрсете алмайды. Әрине, WADA-ның мұндай шешімімен Ре­сей тарапы келісуге құлықты емес. Ресей президенті Владимир Путин WADA-ның шеші­мі­нің тегін еместігін алға тартуда. Оның айтуынша, бүкіл спорт­шы­ларды жазалаудың түбінде әлемдік спорттағы тазалықты сақтау емес, спорт пен олимпиа­далық жұмыстарға қатысы жоқ саяси астар жатыр. Ресей басшысы Мәскеудің WADA шығарған шешімге қарсы сотқа арыздануға құқылы екеніне сенімді.  «Бүкіл спортшыларды жазалау дұрыс емес. Қабылданған шешім күдік­ке ілінбеген спортшыларға еш әсер етпеуі керек. Мұны бәрі де тү­сінеді. Менің ойымша, WADA мамандары да мұны жақсы түсі­ніп отыр», – деді Владимир Путин.

Бұған дейін WADA Мәскеу зерт­ханасында жасалған допинг сынамаларды қайта тексерген болатын. Ал сейсенбі күні сол тек­серіс нәтижесіне сай 15 іс «РУСАДА»-ға жіберілді. Әзірге 15 іске қатыс­ты спортшылардың есімі аталмады. Қайта тексеру жұмысынан кейін мұндай есімдер қатары­ның тіпті де арта тү­сетіні анық. Бірақ олардың қай спортшыға қа­тысты екенін жақын арада бі­ле алмаймыз. «РУСАДА» бас­шы­лығы мұны ашып айтты. Тіп­ті қазіргі атал­ған 15 спорт­шы­ның өзі 2020 жыл­дың басында ғана белгілі бол­мақ.

WADА таратқан ресми мәлі­метке сүйенсек, Мәскеу зертханасында жасалған тексерулер ке­зінде күдікке ілінген 145 спорт­­шының нәтижелері өзгер­тілген, тіпті кейбірі жойылған екен. «РУСАДА» WADA-ның мұн­дай шешімімен келісіп отырған жоқ. Бүгін Ресей допингке қарсы күрес агенттігі бақылау кеңе­сінің отырысы өтеді. Дәл осы жиын­да Ресей агенттігінің WADA-ның шешімін қабылдай­ты­ны, болмаса келіспейтіні нақ­ты белгілі болуы тиіс. Алайда қазір­дің өзінде «РУСАДА»-ның WADA шешімін қабылдаудан бас тартатыны анық аңғарыла­ды. Өйткені Ресей президенті Владимир Путиннің өзі WADA ше­ші­мі­мен келіспейтінін  айтып отыр.

Тіпті бақылау кеңесі бұл ше­шіммен келіскен күнде де Ха­лық­аралық олимпиада және пара­лимпиада комитеті, Ресей­дің олимпиада және пара­лим­пиадалық комитеті, сондай-ақ халықаралық федерациялар қарсы болуы мүмкін деген де пікір бар. Бірақ Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах WADA шешімін қолдап отырғанда, өзгелердің санкцияға қарсы шыға қоюы екі­талай. Оның үстіне, Халық­аралық олимпиада комитетіне қарасты спортшылар комиссия­сының мәлімдемесі де бұл сөзімізге дәлел. «Біз Ресей билігі­нің допингке қатысты дауды жасырып-жабуға тырысқанын қатаң сынға алып отырмыз. Және WADA атқарушы коми­те­тінің бірауыздан қабылдаған шешімін қолдаймыз. Оның ішінде осы мәселеге қатысы бар мем­ле­кеттік шенеуніктер, атлеттер және олардың өкілдерін жа­залау қажет» деп мәлімде­ген еді Халықаралық олимпиада комитетінің спортшылар комиссиясы.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, Ресей спортындағы допинг дауы бүгін-ертең аяқтала қой­ма­сы анық. Тіпті бұл даудың То­кио­дағы Олимпиада ойындарына дейін де тамамдалмауы бек мүм­кін.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы,...

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны...
ПУТИН

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин...
Хабиб

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...