Рауан Кенжеханұлы: Білім беру саласы уақытпен бірге жылдам өзгеріп отыруы қажет

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған маңызды жобалардың бірі – «100 жаңа оқулық». Қазақ жастарына өз тілінде терең білім алуға жол ашуды көздеген жобаның арқасында еліміздің оқу орындары гуманитарлық білімнің түрлі бағыттары бойынша әлемнің ең үздік 47 оқулығына қол жеткізіп үлгерді. Бұдан бөлек, аталған жобаны жүзеге асырып жатқан «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры қазақ әдебиеті жауһарларын әлемнің негізгі 6 тіліне аудару ісін де зор жауапкершілікпен қолға алған. Алайда соңғы уақытта қордың жұмысына сын көбейіп, мемлекет бөлген қаражаттың мақсатты жұмсалғанына күмән келтіргендер болды.  Мәселенің мән-жайын «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенже­ханұлынан сұрап білген едік.

 – Жуырда белгілі қоғам белсендісі Бақытжан Бұхарбай «Ұлттық ау­дарма бюросына» бөлінген қар­жы­ның есебін сұрап, сізді пікірталасқа ша­қырған еді.  Сол кездесуде сіз кел­тір­ген дерек пен дәйек күмәнді жұрт­ты қанағаттандырды  ма? Заңды жұ­мыс істеп жатқандарыңызға көп­шілік­тің көзін жеткізе алдыңыз ба?

– Бұл ауқымды және маңызды қоғамдық жоба, сондықтан атқарылып жатқан жұмысқа қатысты жан-жақты және толық ақпарат беру – міндетіміз. Біз бірінші күннен жұмысымызды ашық жүргізіп келеміз. Қоғамдық ұйымның жетекшісі және кешегі журналист ретінде бұл мен үшін өте маңызды.

Сұрағыңызға келер болсақ, сіз атаған кездесуді пікірталас деу артық болар. Ба­қытжан Бұхарбай біз өткізген баспасөз мәс­лихатынан кейін пайда болған қо­сымша сұрақтарға жауап беруді өтінді. Кез­дестік, барлық сұраққа жауап берілді. Жауап­сыз қалған сұрақ жоқ.

Негізгі сұрақ оқулық аударуға бөлін­ген қаражат туралы болатын. Әр тиынның есе­бін беруге дайынбыз. Баршаға түсінікті болу үшін шығарылған әр кітапқа қанша қар­жы жұмсалғанын тағы бір атап өтейін. Оқулық авторларынан оны қазақ ті­лі­не аударуға рұқсатты сатып алу, ғы­лыми аударманы ұйымдастыру, кітапты басып шығару және 132 жоғары оқу орнына жеткізуді қоса санағанда бір кі­тап­тың құны – 3 860 теңге. Әр оқулық­тың орташа көлемі – 600 бет. Түпнұсқа тілінде бұл оқулықтардың орташа бағасы – 30 доллар. Арасында бір данасы 230 дол­лар­ға дейін баратын ерекше қымбат кітаптар да аз емес. Алайда осы жобаның арқасын­да әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері пайдаланатын осындай оқулық­тар біздің барлық оқу орындары мен сту­денттерге тегін жетті. Ал оны қазақ тіліне аударып, басып, таратуға кеткен қа­ра­жат бір данасына 10 доллардан тө­мен. Сондықтан біз бұл жұмысты және оның басы-қасында жүргенімізді мақтан тұ­тамыз. Біле білген адамға бұл біздің та­рих­та теңдесі жоқ білім мазмұнының жаңаруы. Шын мәніндегі рухани жаң­ғыру.

– «100 жаңа оқулық» жобасы қол­ға алынғалы бері 47 кітап аударылып, еліміздің жоғары оқу орындарына таратылыпты. Аударманың са­пасына ұстаздар мен студенттердің көңілі тоқ па?

– Бізге келіп жатқан пікірлер жақсы. Бі­рақ біз оған тоқмейілсімейміз. Ұдайы ау­дарма сапасын арттыруға, кітапты жақ­сартуға тырысамыз. Бұл жұмысқа қазір 300-ден аса маман атсалысуда. Аударылып жатқан әр оқулыққа тиісті сала бойын­ша ең тәжірибелі әрі беделді ға­лым-мамандарды шақырамыз.

Кез келген аудармаға объективті баға беру қиын. Ол талғам мәселесі. Аударма са­пасы негізінен сол аударманы жасаған, ғы­лыми және әдеби редакцияға қатысқан ма­мандардың деңгейімен анықталады. Әр оқулықты аударып, баспаға дайын­дауға бірнеше адам қатысады. Олар бірін-бірі тексеріп, мәтінді жетілдіреді. Жекелеген, мәселен «Экономикс» секілді кө­лемді, күрделі оқулықтарды дайындауға 20 адамға дейін қатысты. Олардың дені ға­лым-ұстаздар. Басуға жіберердің алдын­да әр оқулық тиісті оқу орнының маман­данған кафедрасында талқылаудан өтеді.

Рауан Кенжеханұлы:  Білім беру саласы уақытпен бірге жылдам өзгеріп отыруы қажет

– «Ұлттық аударма бюросында» қан­ша аудармашы бар? Олар қандай та­лап­тар бойынша жұмысқа қабыл­да­н­а­ды, біліктілігі қалай тексеріледі?

– «Ұлттық аударма бюросының» штат­­­­тағы қызметкерлер саны 100 шақты адам. Тағы 200-ге тарта адам аударма мен редакцияға сырттай қатысады, олар негізінен жоғары оқу орындарының ұстаз-ғалымдары, ғылыми институттар мен ор­талықтардың қызметкерлері. Аудармашыларды жасаған аудармасына қарап, ал редакторларды бұған дейінгі тәжірибесі, шығарған кітаптары, жазған мақалалары, жасаған еңбегіне қарап шақырамыз. Ортадағы ол маманға қатысты айтылған пікір де ескеріледі.

Бұл айтарлықтай күрделі жұмыс. Әр кі­тапты аудару және баспаға дайын­дау­дың нақты жоспары, графигі бар. Күн сайын белгіленген көлем аударылып, ре­дак­цияланып, беттеліп отырмаса, жұ­мыс қиындай береді. Сондықтан жұмысқа кел­ген адамның мүмкіндігі, қабілеті мен қау­қары бірден көрінеді.

– Жуырда Нұрлан Өнербаев аға­мыз «Абай жолын» дыбыстап жат­қа­нын сүйіншілеген едіңіз. AudioКitap жобасы аясында тағы қандай кітап­тар­дың аудио нұсқасы дайындалады?

– AudioKitap деген жобаны біз ерте­рек­те бастаған едік. Осыдан 3-4 жыл бұ­рын мектеп бағдарламасына енген бар­лық көркем шығарманың толық аудио нұсқаларын жазып, оны Қазақстанның ашық кітапханасы – kitap.kz сайтына орналастырдық. Бұл бастамаға көп жақсы пікір айтылды. Сол іс жалғасып жатыр. Қазір смартфондарға арналған Audio­Kitap атты қосымша жасалды. Ол қосыл­ды, қазір сынау, тестілеу жүріп жатыр. Орнатып, сынап көруге шақырамыз. Қа­зір онда 500-дей шығарма бар. Барлық кі­тапты тегін тыңдауға болады.

Нұрлан Өнербаев ағамызбен бірге «Абай жолын» жаңадан жазып жатқа­ны­мыз рас. Бұрын жазылған нұсқасы бер еді, бұл неге керек деген пікір айтылды. Ме­нің­ше, бас романымыз ауық-ауық қайта оқы­лып, жаңа дауыстармен қайта жазылса, артық етпейді. Шығармаға деген қы­зығушылық оянады, жанданады. Оның үстіне, бертінде бұл шығарма совет заманында қиылып қалған 70 беттей Құнан­байға қатысты жаңа бөлікпен толықты. Ол да ескерілуі қажет.

Көп адам оқумен бірге есту арқылы да ілім-білім жинайды. Өзім де сондай адамдардың қатарындамын. Мен баяу оқи­мын, тыңдағанды ұнатамын. Ағыл­шын, орыс тіліндегі кітаптардың көбіне ау­дио нұсқасын тыңдаймын. Оған мол мүм­кіндік беретін, ағылшын және орыс­тіл­ді аудиокітап сервистері көп. Қазақ ті­лінде жұмыс істейтін ондай қызметтер жоқ­тың қасы. Сондықтан да осы жобаны қолға алып, дамытып жатырмыз. Ойымыз – қазақша жазылған, қазақ тіліне аударылған барлық кітаптардың аудио нұсқасын жасау. Шындап кіріссе, 2-3 жылда атқаруға болатын жұмыс.

 – Қазақ әдебиеті жауһарларын БҰҰ-ның негізгі алты тіліне аудару жо­басына да үлкен көңіл, қыруар қаржы бөлініп жатыр екен. Қазақ қа­ламгерлерінің шығармаларына шет­елдіктер тарапынан шынымен сұраныс бар ма? Ұлттық шығарма­лары­мыз ертеңгі күні шетелдік сөре­лерде шаң басып тұрып қалмай ма?

– Ондай сұраныс болу үшін алдымен ұсыныс пайда болу қажет. Халықаралық әдеби процесс – нақты адамдардың, әр елдегі авторлардың басқа елдегі аудармашыларымен, редакторлардың баспагерлермен, сыншылармен қарым-қаты­насынан құралады. Біздің авторлардың көпшілігі осындай халықаралық қарым-қа­тынас деңгейіне шыға алмай жүр. Оған бір жағынан тіл білмеу, екінші жағынан қаражат тапшылығы кедергі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алын­ған «Жаһандағы қазіргі қазақ мәде­ниеті» жобасы осыған жол ашты.

Біздің тарихта тұңғыш рет 60 қазақ авторы – 30 жазушы, 30 ақынымыздың шығармалары бір сәтте әлемнің ең ірі 6 тіліне аударылып, сол тілдерде жұмыс істейтін дүниежүзіндегі ең беделді баспалардан жарық көрді. Аудармаларға сол 6 тілдегі мәдениеттің дамуына жауапты іргелі ұйымдардың өкілдегі пікір айтып, қазақ әдебиетін өз оқырмандарына таныстырды. Атап айтсақ, ағылшын тілінде Британ кеңесі мен Кембридж университе­тінің баспасы, испан тілінде Сервантес институты мен Визор баспасы, орыс тілінде Горький атындағы әдебиет институты мен Мәскеу мемлекеттік университе­тінің баспасы, қытай тілінде Ұлттар баспасы, араб тілінде Мысырдың ұлттық мәдениет пен білім орталығы, француз тілінде Париждің мәдени бірлестігі мен Мишель де Моль баспасымен бірлесе жұмыс атқардық. Қазақ әдебиетін өз тілдеріне аударып, таратуға, оқырман­дарына таныстыруға осы ұйымдар өз беделімен, тәжірибесімен, атақ-дәре­жесімен жауап береді. Бұл ұйымдар өз атынан біздің жинақтарды ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде сөйлейтін 90-нан аса елдің кітапханалары, оқу орындары мен ғы­лыми орталықтарына, жалпы саны 30 мың­ға тарта ұйымға жіберді. Біз қазір сол кітап­ханалар мен оқу орындарынан көп­теген ризашылық хаттар алып жатырмыз. Мәселен, кеше ғана АҚШ-тың Техас штатындағы университетінен хат келді. Олар біздің антологияларды ала салып, университеттің әдеби үйірмесінде оқып, талқылаған. Сол сияқты Франция президенті Макрон мырза біздің жинақ­тарды көріп, арнайы хат жазып, ризашы­лық білдірді. Осындай хаттар, пікірлер көп.

Оның сыртында, осы жобаның арқа­сында біздің авторлар сырттағы аудармашылар және баспагерлермен танысып, енді жеке халықаралық жобаларын бастап жатыр. Мәселен, Есенғали Раушанов­тың шығармалары ағылшын тіліне аударылып, баспаға дайындалып жатыр.

– Жуырда Каирде қазақ әдебиеті антологиясының араб тіліндегі нұсқасы таныстырылды. Аударма­ның басы-қасында кім жүрді? Ұлттық әдебиетіміз араб тіліне жоғары деңгейде аударылғанына кім кепіл?

– Антологияларды араб тіліне аударып, шығаруға және таратуға Таяу шығыс аймағындағы ең ірі баспа ұйымдарының бірі – MediaHub жауапты болды. Мазмұн­дық жағын Мысырдың ұлттық мәдениет және білім орталығы қамтамасыз етті. Сондай-ақ жобаға араб әлемінің ЮНЕСКО-сы саналатын, ALECSO деп аталатын Араб лигасы ұйымының білім, ғылым және мәдениет бірлестігі қатысты. Осы ұйымның басшысы антологияларға алғысөз жазып, оны араб оқырманына та­ныстырды. Жеке аудармашыларға келер болсақ, мысалы, атақты Әл-Азһар уни­верситетінің түлегі, қазір сол университетте ұстаздық ететін Рабиға Төлебай деген қарындасымыз бар. Дәл қазір Рабиға бір топ араб әріптестерімен Абайды араб тіліне аудару үстінде.

– BilimMediaGroup Ресей мен Өз­бекстан нарығында да жұмыс істейтінін айтқан едіңіз бір сұхбатыңызда. Бұл елдер қазақстандық білім беру жүйе­сінен нақты қандай өнімдерді импорттап отыр?

– BilimMediaGroup – электронды білім беру сервистері мен оған қажетті мазмұн өндіруге маманданған жеке компания. Қазір бұл компания электронды немесе қашықтан білім беруге қажетті контент көлемі бойынша ТМД аумағын­дағы ең ірі ұйым.

Біздің мазмұнды сатып алып, оны Мәскеу мен Санкт-Петербор және Ре­сейдің басқа да аймақтарындағы мектептерге таратып отырған Ресейлік әріптес­теріміз бар. Арадағы шарт талаптарына сәйкес, ол әріптестеріміздің атын атай алмаймыз.

Рауан Кенжеханұлы:  Білім беру саласы уақытпен бірге жылдам өзгеріп отыруы қажет

Ал Өзбекстанға келер болсақ, біз был­тыр­дан бері осы елдің білім министрлігі­нің қолдауымен Ташкент қаласының мектептерінде пилоттық жоба жүргізіп келеміз. Олар біздің мазмұнды қазақ, орыс және ағылшын тілінде пайдаланып отыр. Ұстаздар мен оқушылардың және ата-аналардың біздің контент жайлы пікірлері өте жақсы. Енді оны өзбек тіліне аударуға кірісеміз. Нақты қай өнім екенін көргілеріңіз келсе, BilimLand.kz сайтын қарауға болады. Мұнда 40 мың­нан аса электронды оқыту ресурстары жасалып, жинақталған. Экспортқа шық­қан өнім – білім беру мен технологияларды ұштастыра отырып дайындалған білімнің жаңа мазмұны.

– «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қолға алынған үлкен жобалар­дың бірі – онлайн курстар. Сол курстармен танысқан ұстаздардың бірі Фейсбукта жобаның кемшіліктерін көр­сетіп, оларды жоюға қатысты тұ­шым­ды ұсыныстар айтқан екен. Мұн­дай пікірлер ескеріле ме?

– Қоғамдық жоба болғаннан кейін түрлі пікір айтылуы да заңды. Алайда әлеуметтік желі арқылы пікір айту қиын емес, ал ол пікірді мамандармен бірге оты­рып талқылауға дайын болу басқа. Біз ондай талқыға дайынбыз. Әлемнің ең жақсы оқулықтарының негізінде, елі­міздің ең мықты деген оқытушы­лары­ның қатысуымен видео лекциялар жасалып, оларды қашықтан оқыту курстарына айналдыратын қосымша әдістемелік материалдар дайындалып жатыр. Студенттер сапалы курстар тыңдай алады, өз бетімен оқығысы келетін адамдар да аз емес. Оларға да білім алуға жол ашылады.

Бұл бастаманың мақсаты – білімнің са­пасы мен қолжетімдігін арттыру. Онлайн курстар негізінде Қазақстанның ашық университеті жасалады. Бұл неге қажет? Қазір 30 мыңға тарта қазақ­стан­дық жас шетелдік онлайн университетке тіркеліп, қашықтан білім алуда. Олардың білім сапасын, жұмыс істеу тетіктерін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Мұндай оқу орнын бітірген кез келген адам қолына тиген шетелдік онлайн университеттің дипломын заңға сәйкес қазақстандық дипломға теңестіріп алады. Яғни, онлайн оқуға деген сұраныс бар, ол артып келеді. Бірақ біз ел ретінде соған лайықты ұсы­ныс бере алмай отырымыз. Біздің ойымызша, мұндай жаңа үлгідегі оқу орындарына бөлек рұқсат беріліп, олардың қызметі бөлек талаптармен реттелуі тиіс. Ондай талаптар қазір жоқ. Бұл сала өз бетімен дамып жатыр. Онда он мыңдаған қазақстандық жас білім алып жатыр. Бізге сын айтушылар мұны тоқтата ала ма?! Оған менің күмәнім бар. Олай болса, мемлекет бұл саланы реттеуді қолға алуы қажет, ал біз оған көмектесуіміз керек.

Егер мұндай қашықтан оқыту плат­формасының қажеттігіне келіссек, оны қалай ұйымдастыру керек деген сұрақ төңірегіндегі ақылдасуға, кеңесуге, күш біріктіруге біз дайынбыз.

 – Қазақстандық білім беру жүйе­сінде реформа көп. Министрлік «пә­лен елдің моделі», «түген елдің үлгісі» деп талай жоба ұсынды, алайда орта жол­да қалып қойғаны көп. Көр­сет­кіштердің көбі көзбояушылыққа ұласып кетеді. Бұл еліктегіштіктің кері әсері емес пе?

– Меніңше, бұл жай еліктегіштіктен әл­деқайда кең құбылыс. Дүниедегі өзге­ріс­тер жылдамдығы артып келеді. Қазақ­ша айтқанда, кешегі алған білім бүгін іске жарамай қалып жатыр. Өзгерістер жылдамдығы одан бетер күшейе береді. Адамға тұлға және маман ретінде қалып­тасуға, заманға бейімделуге көмектесу үшін білім беру саласы уақытпен бірге жылдам өзгеріп, икемделуі қажет. Сон­дықтан білім берудегі ұдайы өзгерістер мен тоқтаусыз реформаларға бой үйре­туден басқа амал жоқ. Меніңше, оларды реформа деп атаудың енді мәні де жоқ. Ол – даму. Кез келген даму өзгерісті талап етеді. Одан қорқудың қажеті жоқ. Оған үйрену қажет.

Жолы болғыш, табысты жеке адам да, компания да, мемлекет те тез арада икемге келгіш, бейімделгіш болуы тиіс. Әрине, ол «өзіңді ұмыт, ұстанымың болмасын» деген сөз емес. Біздің мақсатымыз тәуелсіз ел ретінде даму, әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу болса, сол мақсатқа жету жолындағы өзгерістерге бейімделуге дайын болу қажет.

Осы жерде ескерілуі тиіс бір мәселе бар. БҰҰ-ның тұрақты даму мақсат­тары­нан бастап, түрлі халықаралық білім сапасын тексеретін тесттер, рейтингтер мен стандарттардың барлығы ұлттық білім беру жүйелерін «әлем азаматын» тәр­биелеуге мәжбүрлейді. Ұлттық білім беру жүйелері барын салып, сондай ха­лықаралық талаптарға сай азамат және маман тәрбиелейді. Солардың арасында­ғы ең қабілетті, дарындылары дамыған елдерден шақырту алып, шын мәнінде әлем азаматына айналады. Ал дамушы елдерде ондай шақырту алмаған, орта және төмен дәрежелі мамандар қалады. Бұл әлемде жүріп жатқан таланттар үшін бәсекенің қатал ережесі. Оған қарсы тұру өте қиын. Шекараны жабу немесе адамдарды еркінен тыс ұстау мүмкін емес. Дарынды, аса қабілетті жастарға дамыған елдердегі алпауыт компаниялардан артық ұсыныс жасап, оларды алып қалуға бізде қауқар жоқ. Сондықтан да білім беру жүйесі әлемдегі озық талаптарды ескере отырып, әлем емес, қазақ азаматын қалай тәрбиелейміз деген сұраққа жауап іздеуі керек. Ол анық жауабы жоқ, өте күрделі сұрақ.

– Заманауи көзқарас тұрғысынан алғанда білімді адам деген кім?

– Білімге, ақпарат пен мәліметке қол жеткізу қазір қиын емес. Интернет пен технологиялар бұл тұрғыдан барлық адамның мүмкіндігін теңестірді. Ниет пен ынта ғана қажет. Бар гәп сол білімді пайдалана алу, жұмсай білуге келіп тіреледі. Білімді дұрыс жұмсап, тиімді пайдалану үшін ұстаным қажет. Анық мақсат болуы керек. Заманауи көзқарас тұр­ғысынан қазіргі ең үлкен қиындық – өмірден мағына таппай, ұстанымсыз, мақсатсыз жүрген адамдар. Алдыңғы сұрақпен сабақтастырар болсақ, қазіргі білім берудің бірінші міндеті – білім беру емес, мағыналы өмір сүре алатын, мақсаты мен мұраты айқын, ұстанымы берік азамат тәрбиелеу.

– «Зиялы қауым өкілі» деген анық­тауышты жиі қолданатын болдық. Сіз өзіңізді сол санатқа қосасыз ба?

– Егер ол тіркес жай оқыған-тоқы­ғаны бар немесе шығармашылықпен айна­лысатын адамдар туралы болса, өзім­ді ол санатқа қосқым келмейді. Ал егер ұлт пен қоғам алдында жауапкершілік алуға дайын, тәуелсіз мемлекет үшін еңбек етіп, нақты нәтиже көрсетуге дайын орта туралы болса, ондай ортаға қуана қосыламын.

– Сұхбатыңызға рақмет!

 

Сұхбаттасқан

Анар ЛЕПЕСОВА

 

Редакция таңдауы

Қоғам нені қастер тұтса, құндылық сол

Әр дәуір келген сайын онымен ере келетін түрлі қиындықтар адамдардың білім-білігін, қабілеті мен рухани төзімділігін сынға салып, болып жатқан жағдайларға қоғамдық көзқарас қалыптас­ты­рары анық....

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

– Жаңа Парламент едәуір жаңар­­­­ды, жасарды. Жас­тар мен әйелдерге берілген 30 пайыз­дық квотаға қатысты түрлі сын естіп жатырмыз. Бір жағынан, жас­тарды қазірден бастап тәр­бие­лемесек,...

Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз

– Президенттің Парламентке бер­ген тапсырмаларының барлығы «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Жақын арада осы мақсатта жол картасы әзірлен­бек. Жол картасында партия...

Мәжіліс мінез таныта ала ма?

Өз миссиясын аяқтаған алтыншы шақырылымдағы Парламент 5 жылда 410 заң қабылдапты. Сол уақыт ара­лы­ғында халық қалаулылары өздерінің заңға баста­машылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа...
31de8b01 72ed 4271 81b6 da10e83f5513

Спорт академиясы президентінің кабинетіндегі қар барысының терілерін полиция тексеруде

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат...
ndyly

Қоғам нені қастер тұтса, құндылық сол

Әр дәуір келген сайын онымен ере келетін түрлі қиындықтар адамдардың білім-білігін, қабілеті...
04 1 6c1f1f71 400077e2

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

– Жаңа Парламент едәуір жаңар­­­­ды, жасарды. Жас­тар мен әйелдерге берілген 30 пайыз­дық...

Жаңалықтар

Спорт академиясы президентінің кабинетіндегі қар барысының терілерін полиция тексеруде

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетінде түсірілген қар барысының терілерін зерттеді. Енді бұл суретті Алматы полициясы...

Қоғам нені қастер тұтса, құндылық сол

Әр дәуір келген сайын онымен ере келетін түрлі қиындықтар адамдардың білім-білігін, қабілеті мен рухани төзімділігін сынға салып, болып жатқан жағдайларға қоғамдық көзқарас қалыптас­ты­рары анық....

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

– Жаңа Парламент едәуір жаңар­­­­ды, жасарды. Жас­тар мен әйелдерге берілген 30 пайыз­дық квотаға қатысты түрлі сын естіп жатырмыз. Бір жағынан, жас­тарды қазірден бастап тәр­бие­лемесек,...

«Ұйғыр әйелдері бала туатын машина емес»: Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады

Twitter Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің ұйғырлар туралы жазбасынан кейін ресми парақшасын бұғаттады, – деп жазды Bloomberg агенттігі. Жазбада елшілік Бейжіңнің Шыңжаңдағы саясатын қорғап, бұл аймақта ұйғыр...

Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз

– Президенттің Парламентке бер­ген тапсырмаларының барлығы «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Жақын арада осы мақсатта жол картасы әзірлен­бек. Жол картасында партия...

Мәжіліс мінез таныта ала ма?

Өз миссиясын аяқтаған алтыншы шақырылымдағы Парламент 5 жылда 410 заң қабылдапты. Сол уақыт ара­лы­ғында халық қалаулылары өздерінің заңға баста­машылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа...

Джо Байден Дональд Трамптың көптеген шешімінің күшін жойды

Джо Байден Президент лауазымына кіріскен алғашқы күні-ақ өзіне дейін Мемлекет басшысы болған Дональд Трамптың бірқатар шешімін жоятын Жарлықтар топтамасына қол қойды. ҚазАқпараттың «Голос Америки» жаңалықтар...

Мәди Манатбек «Астана» радиосының директоры болып тағайындалды

Бүгін «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Ернұр Бурахан «Астана» радиосы ұжымы алдында жаңа директор Мәди Манатбекті таныстырды, – деп хабарлады qazradio.fm. Мәди Манатбек –...

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: министрлік түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды деген хабарламаға пікір білдірді. Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина...

Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 38 адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға 21 қаңтар күні сағат 00.29-да Мұхит көшесі 134-мекенжайында болған. Осындағы №59 пәтерде жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Құтқарушылар...

2020 жылы 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды

2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді,...

Ақтөбеде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қоймада жоқ болып шықты

«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі,  Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық ұйым өкілдері дәрі-дәрмек қорына арнайы мониторинг жүргізді. Қоймада тиісті тізімдегі 8 дәрі-дәрмек жоқ...

Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Диас Жәнібековтің мәліметінше, монополияға қарсы келісім жасалған. «Монополияға қарсы келісім ашық сауда өткізу...

Көлігімен әйелді қағып, мерт қылған полицей қамаққа алынды

Шу қаласында 25 жастағы полиция қызметкері көлігімен әйелді қағып, мерт қылды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шу аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі,...

Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті болып ресми сайланды

Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы «ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлаудың нәтижесі туралы» хаттаманы бекітті. Құжатқа сәйкес, Қырғызстанда мерзімінен тыс Президент сайлауы өтті...

Джо Байден қызметіне кірісті: АҚШ президентін ұлықтау рәсімі әдеттегіден қарапайым өтті

АҚШ президенті лауазымына ресми кіріскен Джо Байден мен вице-президент қызметін атқаратын Камала Харрис 20 қаңтар күні инаугурация рәсімінде ант берді. ҚазАқпараттың «Голос Америки» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

21 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елдің оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын күтіледі, жекелеген өңірлерде қар аралас жаңбыр болжанады. Кей жерде тұман, жаяу бұрқасын,...

Трамп Ақ үйден кетті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Ақ үйдегі кеңсені босатты, деп хабарлайды BBC. Ақ үйдің ауласының ішіндегі көгалға қонған АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тікұшағыны көмекшілер қалған...

Кеген ауданында айсберг пайда болды (видео)

Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында әдемі «айсберг» пайда болды. Таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындармен қатар басқа өңірлерден туристер келе...

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Еліміз бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді,...

Елімізде ет бағасы қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде сиыр, жылқы және  қой етінің бағасысы едәуір қымбаттаған. Кейбір ет түрлерінің бағасы 16 пайызға көтерілген. 2020 жылғы 3 тоқсанда әрбір қазақстандық...

«Uly Dala Jastary» байқауының жеңімпаздары өнер академиясына емтихансыз қабылданды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 11-15 қаңтар аралығында онлайн форматта «Uly Dala Jastary» атты III республикалық жас хореографтар байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конкурс Т.Жүргенов атындағы Қазақ...

Елімізде 45 мың теңге жалақы алатындар саны – 50 мың адам

Қазақстанда 50 мыңға жуық адам айына 45 мың теңгеге жетпейтін жалақы алады. Бұл туралы atameken.kz хабарлайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, мұндай жалақыны Қарағанды және...

Коронавирустан жазылғандарды оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті

Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты. «Әлеуметтік...

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар әлдеқайда қауіпті – маман пікірі

Медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлдеқайда қауіпті екенін айтады. ҚазАқпараттың жазуынша, дәрігер: «Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны...

Ақмола облысында полицейді көлік капотында сүйреген азамат сотталды

Ақмола облысында жол патрульдік полициясының қызметкерін көлік капотында сүйреген 24 жастағы ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық ПД мәліметінше, 2020 жылдың 14 ақпанында...

Қазақстан тарихы энциклопедиясының үш томы жарыққы шықты

Жақындағы ғана бүкіл Қазақ тарихшы ғалымдарының арманы орындалды. Қазақстан тарихы энциклопедиясының 3 томы жарық көрді. Бұл маңызды басылымдар - Қазақстан тарихының көне дәуірден қазіргі заманға...

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Осы орайда ІІМ тарапынан кейбір заңнамалық...

Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Облыстық полиция департаменті Қостанай қаласында «тұрғын үйге бомба қойылды» деген оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. «Бүгін шамамен сағат 15:05-те «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 2,1 трлн теңгеге жетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылы қанша ақша жинағанын айтты. 2021 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшыларының шотында 12,9 триллион теңге зейнетақы...

Журналистер тегін құқықтық кеңес алады

М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және «BAQ KASIPODAQ» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсімге КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Бұқаралық...

2020 жылы елімізде ең көп сатылған көліктердің үздік бестігі белгілі болды

2020 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 89 мыңнан астам жаңа көлік сатқан. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады. «Былтыр ресми дилерлер 89 097...

Назар салыңыз: зейнетақы жинағын тексерудің бірнеше әдісі бар

Жыл басталғалы бері азаматтарда зейнетақы жинағын тексеруге, есептеуге және шешіп алуға қатысты сұрақ көп. Осыған орай Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинағы туралы...

Жауапты хатшы институты жойылды: 8 министрліктің хатшысы қызметінен босады

Қазақстанда министрліктердегі жауапты хатшылар институты ресми түрде жойылды, – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. 2021 жылғы 18 қаңтарда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бюро мүшелеріне партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 33 жастағы Мейіржан Отыншиевті таныстырды. Мейіржан...

Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың интернетке қосыла алмайтынын...

Трамп жаңа партия құрмақ

Бүгін АҚШ президенті қызметін аяқтаған Дональд Трамп өзінің жақтастарымен жаңа партия құру мәселесін талқылап жатыр деп хабарлайды америалық БАҚ өкілдері сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап. «Дереккөздерінің...

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылды

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Корея Республикасында Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылып жатқанын мәлімдеді. «Кореяда сотталған 25 адамды қайтаруға толық мүмкіндік бар. Өкінішке...

Зейнетақы қорынан алуға болатын қаражат көлемі өсті

Желтоқсанда инвестициялық табысты қоса алғанда, БЖЗҚ активтері 193 миллиард теңгеге өсті. Сондықтан да мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат көлемі де ұлғайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  "Бірыңғай...

Forbes ең жомарт миллиардерлердің рейтингін жариялады

Америкалық Forbes басылымы АҚШ-тың ең жомарт миллиардерлерінің рейтингін жасады. Басылым олардың өмір бойы қайырымдылыққа қанша қаражат жұмсағанын есептеді. Басылымның мәліметінше, 42,8 миллиард долларды қайырымдылыққа...

Қай өңір тұрғындары етті көп жейтіні белгілі болды

Өткен жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның әр тұрғыны орташа есеппен 21,3 кг ет және ет өнімдерін тұтынған.  Еnergyprom.kz дерегінше, бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1...

Петропавлда үйі өртенген отбасы 5 баласымен далада қалды (видео)

Петропавлда жалдамалы үйі өртеніп кеткен отбасы бес баламен бірге далада қалды. Дүйсембиндер әулеті осы күнде жазғы шай ішетін кішігірім үйді күнелтіп отыр деп хабарлайды...

COVID-19: ДДСҰ өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркеді

Өткен аптада әлемде коронавирустан көз жұмғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Жеті күн ішінде індеттен 93 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау...

Алматыда ҰБТ басталды

Алматыда 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу басталды. ҰБТ 20-30 қаңтар аралығында Алматы қаласының бес ЖОО базасында өтеді. Бұл ретте ҰБТ өткізу пункттерінде күшейтілген...

Алдағы он жылда жаһанды сынға алатын басты қауіп-қатерлер аталды

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары алдағы он жылдағы басты жаһандық сын-қатерлерді атады, деп жазады Fast Company. Экологиялық түйткілдер (мысалы, экстремалды ауа-райы жағдайлары) алдағы уақытта бизнес пен...

COVID-19: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 198 Алматы қаласы - 112 Шымкент қаласы - 10 Ақмола облысы...

Смартфондағы қосымшалар арқылы адамның жеке деректері қалай ұрланатыны белгілі болды

"Роскачество" сандық сараптама орталығының жетекшісі Антон Куканов "Российская" газетаға берген сұхбатында смартфон арқылы адамды қалай бақылауға болатынын айтты. Оның айтуынша, телефон арқылы бақылау үшін адамдарға...

Дәрігерлер коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындады

Ұлыбританияда аурухана дәрігерлері коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындап, оған сыра әкеліп берді. Бұл туралы Daily Star хабарлады. Қарқынды терапия қоғамының құрметті хатшысы...

Банктер мен ақша айырбастау нүктелерінің жұмыс режимі өзгерді

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығымен COVID-19-ға байланысты Қазақстандағы банктердің, ломбардтар мен айырбастау пункттерінің жұмысына шектеулер енгізілді. Қаржы нарығын...

COVID-19: БҚО-ның бес ауданында карантин күшейтілді

Батыс Қазақстан облысының бес ауданында карантин күшейтілді. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында айтылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы...

Елімізде тағы бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы артпақ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласының 883 мың қызметкерінің, оның ішінде...

Украинадағы қызмет көрсету саласы толық украин тіліне көшірілмек

16 қаңтардан бастап Украинадағы қызмет көрсету саласы клиенттермен қарым-қатынаста толық украин тіліне көшуі тиіс. 2019 жылғы сәуірде қабылданған мемлекеттік тіл туралы заңның талабы осындай....

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Оралда шоқыну мейрамына келген 78 жастағы қария көз жұмды

Оралда шоқыну мейрамы кезінде ойыққа су алуға барған зейнеткер көз жұмды, деп БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ер адам созылмалы сырқатпен есепте тұрған....

Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ

Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәби ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар деп танылған басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық...

Президент 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін Асқар Маминді қабылдады. Онда Премьер-Министр Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылы Үкімет бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсіргенін айтты. «Атап айтқанда 609 мың...

«Халық сенімі». Ильхам Әлиев Елбасын Nur Otan партиясының жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауындағы Nur Otan партиясының жеңісіне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өз жеделхатында күллі...

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, –...

Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан...

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 20 қаңтарда Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей...

Оралда 21 қаңтардан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Орал қаласындағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы Роза Хасенованың 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен орталықтар, базарлардың қызметі жексенбі күндері тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру...

Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушылардың бірі өзін жарақаттады. Сот процесінде бір айыпталушы «бізді тоқпен азаптады, ұрып-соқты» деп шағымданды, – деп...

Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Беларусь Республикасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) осындай шешім шығарды. IIHF таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, бастапқыда Минсктегі Әлем...

Коронавирус: Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды

Қырғызстан Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтайтын тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын айтты, – деп жазды РИА Новости. «Бізге америкалық...

«Анашымды сағындым»: «Жасөспірімдер үйінен» қашып кеткен бала бес күннен кейін табылды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда сағат 10.00 шамасында «102» арнасына «Жасөспірімдер үйінің» қызметкерлері хабарласып, сол күні сағат 09.00-де 17...

Алимент төлемеген 119 әкенің мүлкі тәркіленді

Қостанай облысының сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 14 мыңнан астам адамды тіркеуге алды. Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 99...

«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты, – деп жазды Tengrinews.kz. Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86-ға...

Коронавирус: елімізде екі аптадан кейін вакцинация басталады

Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу жоспарлануда. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы...

Ресей соты Навальныйды 30 күнге тұтқындады

Ресей соты Федеральды қызметтің сұрауы бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 30 күнге тұтқындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев мәлімдеді, деп...

Елімізде электронды вакцинация паспорты енгізіледі

Қазақстанда электронды вакцинация паспорты енгізіледі. Бұл туралы Lенсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.  Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайын болу үшін үкіметтің қаулысының жобасы...

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, 2 адам көз жұмды

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй секторынан өрт шығып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. «18 қаңтар күні сағат 07:34-те «101»...

Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)

Жаңадан жасақталған Қазақстан Үкіметінің алғашқы отырысында жаңа тағайындалған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ант беру...

«Жарылып кетуі мүмкін»: Маман телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтынын айтты

Телефонды батареясы ұлғайғанда, күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттау қауіпті. Бұл туралы Прайм агенттігіне "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы Сергей...

«Күніне 7 мың адам жұқтырады»: Министрлік коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. "Министрліктің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы...

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Көпшілікке режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ деген есіммен кең танылған...

COVID-19: Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа енді

19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі жағынан «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы кірді. «Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл...

Трамп президенттіктің соңғы күнін қалай өткізетіні белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп осы лауазымдағы соңғы күнінде Мэриленд штатындағы әскери аэродромда қоштасу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр, деп  хабарлайды The Hill.  Іс-шара Вашингтондағы Джо Байденді...

Президент 8 шенеунікті қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар жауапты хатшылар қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен: Жанат Мұратұлы Қожахметов –...

COVID-19: Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 124 Алматы қаласы - 79 Шымкент қаласы - 7 Ақмола облысы...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...

Қытайлық ғалымдар мойындады: Жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталған

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп...

Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Стамбұлдағы халықаралық әуежай әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай болып шықты. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.  Екінші орында Париждегі Руасси — Шарль-Де-Голль әуежайы,...

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда перзентханаға дәрігерлеріне үкім шықты

Атырау соты облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жаңа туған нәрестені қасақана өлтірді деген айыппен үкім шығарды. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылған...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы»...

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма...

ІІМ көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов ІІМ-де өткен апталық брифинг барысында ҚР көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, – деп...

Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды

Сеул соты Samsung Group басшысы Чжэ Ён Лидің ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg. Чжэ Ён...

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті

Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады. Мұхтар...

Ұлттық экономика министрі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Әсет Арманұлы1987 жылы 18 маусымда дүниеге келді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын...

Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

Президент жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шапкенов тағайындалды. Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе...

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Тағайындалсын: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Роман...

Ауғанстан азаматы Қазақстанда 11 жыл бойы заңсыз жүрген

"Келімсек" іс-шарасы барысында Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған Ауғанстан азаматы анықталды деп хабарлайды Polisia.kz. Белгілі болғандай, 30 жастағы шетелдік осы уақытқа дейін мұқият...

30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің...

Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жайлы дәрігерлер не дейді?

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әнші Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жақсарып келеді. «Ол 16 қаңтар күні №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен ауыр халде...

Cтуденттер пандемияға байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус пандемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрайды. Індет таралғалы студенттердің көбі қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы...

“Сұңқар” радиостудиясы өз жұмысын бастады

“Қазақ радиолары” ЖШС және Еуразия ұлттық университетінің өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде “Сұңқар” радиостудиясы эфирге жол тартты.  “Біз болашақ арманның асқарымыз Біз елімнің мөп-мөлдір аспанымыз Еркін ойлы,...

Экс-депутат бас редактордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Кәрібай Мұсырман «Egemen Qazaqstan» газетінің Бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz сайты хабарлады. 1957 жылы бұрынғы...

Елімізде теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде темір жол билеттерінің бағасы көтеріледі, деп хабарлайды zakon.kz. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңы қатынастарындағы барлық әлеуметтік маңызы бар маршруттарға теміржол көлігімен...

UFC ардагері коронавирустан қайтыс болды

Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA) Пол Вареланс коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. Бұл туралы MMA Junkie хабарлады. Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) ізашарларының бірі 51 жасында бақилық...