Биылғы жылдың шілде айынан бастап Президент көмекшісі қызметін атқарып келген Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. 2018 жылы 1 ақпаннан бастап "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Мәулен Сағатханұлы бүгінге дейін: 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым - қараша аралығында - Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 2006-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Жүктелуде...