Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Гуйчжоу провинциясындағы көмір шахтасының опырылып құлауы салдарынан мерт болғандар саны 16-ға жетті. Бұл туралы "Қазақпарат" жазды. Бұған дейін 14 адамның қайтыс болғаны және екі жұмысшының үйінді астында қалғаны хабарланған болатын. Дереккөздің хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Апаттан шахтада қалған 23 адамның жетеуі құтқарылды.
Жүктелуде...