Билл Гейтс АҚШ қазынасына қанша қаржы құйғанын айтты

Әлемдегі ең ауқатты адамдар тізімінде екінші боп тұрған Билл Гейтс өмірінде 10 миллиард доллар салық төлегенін айтты. Алайда кәсіпкердің пікірінше, ол АҚШ қазынасына одан да көп қаржы құюы керек. 

Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында АҚШ тарихындағы ең ірі салық төлеуші болуы мүмкін екенін мойындады.

«Үкімет мен сияқты ауқатты адамдарға салықты өсіруі керек», – деді ол сұхбат барысында.

Миллиардер Трамп әкімшілігі жүргізген салық реформасын және оның бір жылға созылғанын сынға алып, оны «регрессивті шара» деп атады.

«Ең бай адамдар орта және төменгі санаттарға қарағанда айтарлықтай жеңілдік алады. Сондықтан олар көбірек төлеуі керек», – деді Гейтс.

Гейтстің айтуынша, халықтың алтыдан бір бөлігі қанағаттанарлықсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүретін АҚШ-тағы өсіп келе жатқан теңсіздік барлық демократиялық елдерді қозғайтын проблема.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button