744
Мемлекет басшысы «Мен қазақпын» челленждін қолдады
Мемлекет басшысы «Мен қазақпын» челленждін қолдады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен қазақпын» патриоттық әнін орындайтын челленджі қолдады.
«Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады», - деп жазады ҚР Президенті twitter парақшасында.
Еске салсақ, Павлодар қаласының орта мектептері арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж бастаған еді. Әлеуметтік желіде жарияланғанына тәулік болмаса да бұл видеоны 10 мыңнан астам адам тамашалап, оның 400-ден астамы лүпіл басқан. Бөліскен адамдардың қатары 600-ге жуықтайды.