Әлемдегі ең жолы болғыш адам кім?

Әлемдегі ең жолы болғыш адам кім?

Әлемдегі ең жолы болғыш адам кім?
ашық дереккөзі

The Daily Telegraph басылымы хорваттық музыка пәнінің мұғалімі Фране Селакты «ең жолы болғаш адам» деп тапты. Жеті рет өлім аузынан аман қалған, лотореядан миллион доллар ұтып алған адамды басқаша атауға болмас. Алғаш рет оның өміріндегі оқыс оқиға 1962 жылы орын алған. Селак отырған пойыз рельстен шығып, бірнеше рет аударылып суға құлайды. 17 адам қаза тапқан. Селак сынған қолымен жағаға жүзіп шығып аман қалады. 1963 жылы хорваттық мұғалім Загреб-Риека бағытына ұшатын ұшаққа мінеді. Әуеде ұшақтың есігі жұлынып, 19 адам қаза табады. Селак жиналған шөптің үстіне құлап, бұл жолы да өлімнен аман қалады. 1966 жылы ол отырған автобус апатқа түседі. Төрт адам қайтыс болған қайғылы жағдайда Селак жеңіл жарақатпен құтылған. 1970 жылы Селактың жүргізіп келе жатқан көлігі өртенеді. Көліктен шығып өртті сөндірмекші болғанда көлігі жарылады. Үш жылдан кейін көлігі тағы өртеніп, Селак шашсыз қалады. 1995 жылы Селакты автобус қағады. Бұл жолы да ол тек жеңіл жарақат алады. Бір жылдан кейін таулы аймақта жүк көлігімен соқтығысуға аз қалғанда, көлігінен секіріп үлгеріп аман қалады. 2003 жылы лотореядан миллион доллар ұтып алған Селак өзінің жолы болғыш адам екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.