Брэндон Лидің фильмі Моңғолия қазақтарының қайсарлығын паш етті

Брэндон Лидің фильмі Моңғолия қазақтарының қайсарлығын паш етті

Брэндон Лидің  фильмі Моңғолия қазақтарының қайсарлығын паш етті
ашық дереккөзі

Белгілі шетелдік режиссер Брэндон Ли Моңғолия қазақтарының өмірін қысқа метражды фильмге арқау етті. “Моңғолия көшпенділері” деп аталатын фильмді түсіру барысында режиссер қазақтардың ерік-жігерінің мықтылығына, сүйектен өтетін аязға оңайлықпен бой бермейтініне тәнті болғанын жасырмайды. Бұл туралы The Plus журналына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлады. Қазақтар жайлы фильмнің басты рөлдерін режиссер өзге емес, қазақтардың өздеріне бергенді құп көрген. Көшпенді халықтың қызық өмірін баяндайтын бұл киноның шетелде күн санап танымалдығы артуда. Жатжұрттық мамандар қазақтардың өмірін баяндаған фильмге жоғары бағасын берді. “Жобаны бастамас бұрын мен продюсерім Анслейден фильм түсіргенге әлемдегі ең керемет дүниені тауып беруін өтіндім. Ол маған бүркіт аулаушы қазақтар туралы ақпарат жинап әкелді. Мен бұған бірден тәнті болдым”, – дейді Брэндон Ли.Режиссер көшпенді қазақтармен бірге бір ай бойы тұрып, көшпенділердің қиын әрі қызықты өмірінің куәсі болған. The Plus журналы белгілі режиссер, MTV-дің бұрынғы продюсері Брэндон Лиден фильмінің басты кейіпкерлері – қазақтар туралы сұхбат алған екен. Сол сұхбатты оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік:

pogudx7srp6v0ipmf.74a9dab8 – Моңғолиядағы көшпенділерді түсіруге көп шығын кетті ме? – National Geographic-тен қаржылай көмек болғанымен біраз ақшаны өз қалтамнан шығаруға тура келді. Мен продюсеріме және өзіме Моңғолияға билеттер мен бір ай тұруға шығындарды өзім төледім. Аудармашы мен жүргізушіге де өзім шығындандым, бұдан бөлек бірнеше жаңа камера сатып алғанымды есептей беріңіз. – Оларды түсіруге мұншалық құлшынуыңызға не себеп болды? – Урбанизация салдарынан жоғалуға шақ қалған мәдениеті. Мен олардың әлі бар екенін аңдататын туынды жасағым келді. – Сіздің фильм түсірудегі стиліңіз қандай болды? – Мен бәрін табиғи етіп көрсетуге, жасанды кадрлар болмауына үлкен мән беремін. Осы орайда көп қиындықтарға кезігесің. Әсіресе адамдарды камераға қарамауға және тағы бірнеше рет кадрлар жасауға көндіру оңай емес. Ал аудармашым болса, камераға түсіп қалмас үшін біресе кішігірім бөлмеде, біресе шөптердің арасында жасырынып жүріп, көмектесті. – Көшпенді қазақтармен бірнеше апта бірге тұрғанда, олардан не үйрендіңіз? – Басты түсінгенім, мен олар секілді мықты емеспін. Моңғолия – қалжыңдайтын мекен емес. Ауа райы – қаһарлы, ал адамдары өте шыдамды. Үш қабат киім кигеннің өзінде мен қатып жүрдім. Ал ондағы кей балалар күртеше киіп, балмұздақ жеп жүрді. Бүркітпен аңшылық ететіндер негізінен аңшылыққа қыста шығады. Қар мен суыққа қарамастан, атқа мініп, аязда сағаттап аң іздейді. Олардың мықтылығына тек таңырқаумен қарай аласың. – Сіз үшін ең қиыны не болды? – Сүйектен өтетін аяз. Ен даланың желі мен суығына кез-келген адам шыдай алмайды. Кей кездері саусақтарым үсіп, камераның пернесін басуға да келмей қалып жатты. Одан кейін тағам. Қазақтар негізінен ет жейді. Етті көп жей бермейтін маған күнде етпен тамақтану қиынға соқты. Көңілдерін қалдырмас үшін әрі жейтін басқа түк болмағасын амалсыз аузыма салумен болдым. – Фильмнің көңіл-күйін жақсы жеткізуге септігін тигізген не? – Мен дыбыстарға үлкен мән бердім, аттың шапқаны, аңшылардың дауысының жаңғырығы барынша анық естілгенін қаладым. – Сіз тағы да Моңғолиядағы қазақтардың өмірі туралы түсіру мүмкіндігін алсаңыз, қайтып барар ма едіңіз? – Мен болашақта анық баратын едім. Бірақ ұзақ фильм түсіру үшін әлдеқайда көбірек қаражатпен бару керек. Аңшы адамдарды түсіру оңай жұмыс емес, сол үшін оған көбірек қаржыландыру болғанын қалаймын.