Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың басындағы дерек бойынша қазақтардың үлесі ең аз аудан – Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданы (15,4%), ал қалалар арасында – Риддер (15,2%). 2019 жыл басындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстан аудандарының арасында қазақтардың үлесі ең жоғары аудан – Қызылорда облысындағы Арал ауданы. Бұл аудандағы қазақтар үлесі 99,9% құрады.
Жүктелуде...