5 Желтоқсан, 14:56 354 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Босқындар үшiн онлайн құжат жасалуда

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов елiмiздегi босқындардың өзге мемлекеттерге еркiн шығуы үшiн электронды құжат жасалып жатқанын айтты.

– Қазiргi уақытта елiмiзде 523 босқын тiркелген. Оның 509-ы Ауғанстаннан келген. Халықаралық конвенцияларға сәйкес, босқындардың iсiн арнайы комиссия қарап, шешiм шығарады. Оларға босқын куәлiгi берiледi. Ел аумағында бұл құжат олардың жеке куәлiгi ретiнде жүредi. Сондай-ақ, босқындарға жол жұру құжаты берiледi. Сол арқылы олар өзге елдерге шыға алады. Жол жүру құжатындағы босқынның биометриялық деректерiн онлайн көруге мүмкiндiк беретiн электронды нұсқасын дайындауды қарастырып жатырмыз. Бұл олардың өзге елдерге еркiн шығуы үшiн қажет, – дедi министр.

Айта кетейiк, 2011 жылы Босқындар туралы заң қабылданған. Бүгiнде бұл iспен елiмiздiң Iшкi iстер министрлiгi айналысады.

Соңғы жаңалықтар