3 Желтоқсан, 16:01 183 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Ресейде журналистерге "шетел агенті" деп айдар тағатын заңға қол қойылды

Ресейдің "БАҚ туралы" заңына өзгерту енгізілмек. Елдегі ақпарат құралдарының қызметін реттейтін құжатта "шетел агенті" деген түсінік пайда болады. 

Жаңа заң "шетел агенттері" тізіміндегі ұйымдарда істейтін журналистерді "шетел агенті" деп тануға жол ашады. Шетел ақпарат құралдарында жұмыс істейтін, олардан қаржы алатын жеке тұлғалар да "шетел агенті" атанады.

Шетелдік БАҚ Ресейде жұмыс істеу тәртібін бұзған жағдайда, қабылданған ережелер "шетел агенттерінің немесе олардың заңды тұлғаларының сайттарын бұғаттауға негіз болады" деп жазды ТАСС.

Ресейде "шетел агенттері туралы" деп аталып кеткен заң 2012 жылы қабылданды. Құжат бойынша, шетелден қаржы алатын ұйымдар арнайы тіркеуден өтуі керек. Бұл заң Путин билігіне қарсы наразылықтар күшейген тұста қабылданған еді.

Халықаралық ұйымдар Ресей билігін бұл заңнан бас тартуға шақырған. АЕ/АР президенті Джейми Флай бұл заңды "қауіпті" деп атаған еді.

Соңғы жаңалықтар