3 Желтоқсан, 15:21 203 0 Руханият Анар ЛЕПЕСОВА

«Ұлы дала үні»: Қарағанды облысында халықаралық ақындар айтысы өтті

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында  Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына орай «Ұлы дала үні» атты халықаралық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен жыр додасы екі күнге созылды.  Қытай, Моңғолия, Қырғызстан сияқты шет мемлекеттерден және Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 18 шайыр өнер жарыстырды.

Бұл жолы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман қазылар алқасын басқарса, шайырлар сайысын филология ғылымдарының докторы, профессор, атақты айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша осымен бесінші мәрте шымылдық түрген айтыстың жеңімпазы болып Тараз қаласынан келген талантты ақын Қанат Мырзахан танылды. Топ жарған ақын 1 миллион теңгенің ақшалай сертификатына ие болды.

Бірінші жүлде мен 500 мың теңге ақшалай сыйлық  Шығыс Қазақстан облысының шайыры Жұлдызай Маратбекке бұйырды. Сәтбаев қаласының ақыны Абзал Мақаш жерлестерін жерге қараптай, екінші жүлде мен 300 теңге сыйақы иегері атанды. Ал жүлделі 3-орынды павлодарлық Нұрқанат Қайрат пен Жаңаарқа ауданының ақыны Сырым Бейсенбек өзара бөлісіп, әрқайсысы 150 теңге ақшалай сыйлықты иеленді.

Соңғы жаңалықтар