29 Қараша, 15:13 298 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Латын әліпбиі бойынша семинар-кеңес өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латын графикасындағы БАҚ мүмкіндігі және мәселелері» деген атпен семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында қазақ тілінің жаһандану үдерісіндегі латын графикасына көшудегі логикалық мағынасы, қазақ тілінің дамуындағы оның рөлі мен маңыздылығы мәселесі сөз болды. Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа ретіндегі жаңа әліпбиге көшу барысы талқыланды.

Семинар-кеңес аясында сөз алған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова орфоэпияны қазақ тілінің ғылыми курсына енгізудің маңыздылығына тоқталса, орталықтың қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, IT маманы Мөлдір Бақытқызы кирил әліпбиін латын әліпбиіне автоматты түрде аударатын платформаларды таныстырды. Жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшу бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Арайлым Жолдасбекқызы

 

Соңғы жаңалықтар