Дәулеткерей КӘПҰЛЫ: Билік пен зиялы қауымның  бір-біріне иілетін уақыты жетті

Осы аптада Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы қоныс тойын тойламақ. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы  бастаған ұжымның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы ақынмен әңгімелескен едік.

– Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры болып тағайындалғаныңызға 1 жыл толды. Осы уақыт аралығында бас қаладағы Жазушылар одағы филиалының атқарған жұмыстарын бір тарқатып айтып берсеңіз.

– Нұр-Сұлтан қаласы бүгінде әдебиет пен руханияттың орталығына айналды. Ақорда тігілгеннен кейінгі кезеңде бас қаламызға арман қуып келген жандардың қатары көбейді. Жалындаған жастар, ақындар, прозаиктер, мықтымын деген журналистердің барлығы елордаға шоғырланды. Біз бір мемлекеттің астанасы ретінде қазір ешкімнен ұялмайтындай дәрежеге жеттік. Мәдениеттің де, руханияттың да ошағы маздап тұрғанын барша әлемге көрсете аламыз. Мемлекеттің жүрегінде болып жатқан өмірдің барлық тыныс-тіршілігі, руханияттың бар саласына қатысты шаралар да осы қалада үлкен жүректей бүлкілдеп соғып тұрған жайы бар. Әдебиет пен руханият тұрғысынан да серпінді, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды атап өтер болсақ, былтыр Жазушылар одағы басқармасы ұйымдастырып, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» халықаралық форумын өткізді. Ұлыбритания, Германия, Ресей, Қытай, Түркия, Латвия, Вен-грия, Польша, Молдова, Армения, Украина, Болгария, Моңғолия, Әзірбайжан сынды 25-ке жуық мемлекеттің қаламгерлері қатысты. Биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Еуразия астаналарының қаламгерлері» Халықаралық форумын өткіздік. Мақсатымыз – Еуразия жазушыларының шығармаларын насихаттау, халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, бірыңғай әдеби кеңістік қалыптастыру болатын. Осы халықаралық форумда аударма мәселесі де назардан тыс қалмады. Мысалы, тәуелсіздік алғалы бергі кезеңде Мәскеуден төрт жыл бұрын Райхан Мәженқызы құрастырған қазақ әдебиетінің проза, поэзия, балалар әдебиетінің үш томдығы ғана шықты. Одан кейін Мәскеуден қазақ әдебиетінің бүгінгі беталысын танытатын  толыққанды жинақ шыққан жоқ. Осы ретте қазақ қаламгерлерінің еңбектерін өзге елдерге танытуда еңбектенуіміз қажет екенін атап өткім келеді. Ал әдеби шығармаларымызды әлемдік деңгейге шығару үшін аударма ісін оң жолға қойғанымыз дұрыс. Әлі де болсын қай тілге аудару қажеттігі туындаған жағдайда, орыс тіліндегі нұсқасын сұрайтыны жасырын емес.

Биыл күзде Азия континентіндегі елдер арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайту және одан ары дамытуға бағытталған Азия елдері қаламгерлерінің І форумын тікелей Президент Әкімшілігінің қадағалауында Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыруымен өткіздік. Азия елдерінің басын қосқан Азия-Африка жазушыларының форумы осыдан 47 жыл бұрын болған екен. Қарап отырсаңыз, осы жарты ғасырдай уақыт аралығында ешбір елде қаламгерлердің мұндай халықаралық басқосуы болмаған. Жалпы, әлем елдерінде қаламгерлер арасындағы байланыстың үзіліп қалғаны ақиқат. Ақын-жазушылар бір-бірінің атына сырттай қанық болғанымен, ондаған жылдар бойына бетпе-бет кездесу бұйырмаған. Біз әдеби байланыстарымызды жолға қоюға осы форумдардың арқасында қол жеткізіп жатырмыз. Бізде мемлекеттің есебінде руханиятқа біршама қаржы бөлінеді, бірақ кейбір жағдайда сол қаржының мақсатсыз жұмсалатын жерлерін көріп-біліп жүрміз. Руханиятқа, халықты ойландыратын салиқалы дүниелерге бөлінген қаражат талан-таражға түсіп кетпесе екен деген тілегім бар. Салбөкселікке, бойкүйездікке салынбай, руханияттың адамдары шынайы махаббатпен жұмыс атқаруымыз керек. Өйткені әдебиетті дамытуға кеткен ақша адамзат игілігіне жұмсалады.

– Әлем қаламгерлерінің басын қосқан халықаралық кездесулердің бүгінгі нәтижесі қандай?

– Жақында мен Якутияға барып келдім. Семён Данилов деген саханың халық ақынына арналған «Қар» фестиваліне қатыстым. Қ.Тұрсынқұлов ағамыздың кезінде 1980 жылы «Лена толқындары» деген атпен якут-саханың ақын-жазушыларының шығармалары мемлекеттік тапсырыспен қазақ тіліне аударылып, Алматыда басылған екен. Одан кейін 1983 жылы «Домбыра сазы» деп якут-саханың қаламгерлері біздің ақын-жазушыларымызды аударып, бір том кітап шығарған. Содан бері 40 жыл уақыт өтті, арадағы әдеби байланыс ұмыт болды. Осы жұмысты қайта жандандыру мақсатында бірнеше кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесінде якут-саха антологиясының құрастырылған нұсқасын бізге жылдың соңына дейін жібереді. Оны біздің ақындар аударады. Бұл – қаламақысыз жасалып жатқан дүние. Бұл шаруаға шынайы махаббатпен кірісіп жатырмыз. Бұрынғы байланыстарды толыққанды болмаса да, барынша қалпына келтіргіміз келеді. Ең бірінші осы түркітілдес халықтардың арасындағы қазіргі заманғы проза мен поэзияның антологиясын жасап шығуға ниеттеніп отырмыз.

Қазақтың 60 ақынын испан тіліне аударып, қазақ поэзиясының үш ғасырлық антологиясын жасаған Хусто Хорхе Падрон деген Испанияның қазіргі заманғы көрнекті ақыны бар. Алғаш испан ақынымен Танакөз Толқынқызы Түркияда танысып, оның «Тозақ шеңберлері» деген поэмасын қазақ тіліне аударып, тұсаукесерін жасаған болатын. Испантілді оқырман өте көп, бұл – әлемдегі қолданыс аясы жағынан үшінші орындағы тіл. Испанның көрнекті ақыны Хусто Хорхе Падронмен жазда өткен форумда меморандумға қол қойған болатынбыз. Бүгінде ол Абайдың 100 өлеңін аударып жатыр.

Сонымен бірге Танакөз Толқынқызы мен Дәурен Берікқажының ұйымдастыруымен Әзірбайжан астанасы Бакуде қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы жасалды. Біз де құр алақан қарап отырмай, қарымтасын қайтарып, өзім ұйымдастырып, ақындар аударып, Танакөз екеуіміз құрастырып, қазіргі заманғы Әзірбайжан поэзиясының антологиясын жасадық. «Фолиант» баспасының халықаралық кітап көрмесіне Әзірбайжан ақындарын шақырып, байланыс жасадық. Қазір осы дүние Түркияда аударылып, жарық көруге жақын, француз тіліне де бір антология құрастырылып, аударылу үстінде. Алдағы уақытта Әзірбайжан антологиясының екінші томын жасағалы жатырмыз. Біз әдеби агенттерді көбейтуіміз керек, келешекте осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Соңғы кездері қазақ жазушыларының шығармалары өзге тілдерге гугл аудармамен аударылғаны жайлы айтылып жүр. Француздар французша аударылған, испандар испанша аударылған романдарды түсінбей жатыр деген әңгімелер шығып жатыр. Бұл жағдаят Ұлттық аударма бюросы мен Жазушылар одағы дайындаған БҰҰ алты тіліне аударылған кітаптар емес екенін басып ашып айтуымыз керек. Алматыдағы Ұлттық кітапхана аудартқан жекелеген авторлардың романына Жазушылар одағының қатысы жоқ еді. Бүгінгі өркениет заманында, ашық кеңістікпен әлем оқырмандарына жол тартпақ ниетті қаламгерлер болса, жекелеген әдеби агенттерге жүгінері хақ. Осы тұрғыдан келгенде шетелдік тәжірибелерді игере отыра, шет тілдерін білетін, әдебиетке жаны құмар жастарды тартып, әдеби агенттіктердің жұмысын жолға қоюға болатын секілді. Алдағы уақытта осы жұмыстарды қолға алу ойымызда бар.

– Бас қаладағы қаламгерлердің бір-бірімен бүгінгі байланысы қандай?

– Жазушылар одағының Ақмола облысы кезінен бастаған облыстық филиалы Нұрғожа Оразов ағамыздан бастап, бертін келе Әкім Тарази, Алдан Смайыл, Несіпбек Айтұлы басқарған Жазушылар одағында ғимарат жоқ еді. Жалпы, одақтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 140-қа жуық мүшесі бар. Жасыратыны жоқ, бас қалада ақын-жазушылар бас қосып шүйіркелесетін бірде-бір құжыра болмады. Ұлттық академиялық кітапхананы жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқаров басқарып тұрған кезде Мәдениет министрлігінен «айына бір рет ақын-жазушылардың басын қосып тұру керек» деген тапсырма болатын. Қазір ұлттық академиялық кітапханадағы әрбір мәдени іс-шараға елордамызда тұратын ақын-жазушылардың барлығы белсене қатысады. Оған бір жағы ақын-жазушылардың басқа баратын жерлері жоқтығы, екінші жағынан кітапхана қызметкерлерінің ақын-жазушыларды қалдырмай шақырып отыруы себеп деп білемін. Осындағы біздің зиялыларымыздың айына бір бас қосып, әңгімелестіріп-шүйіркелестіріп, іштерін ақтартып, мауқын бастыртып, бір-бірінің шығармашылығын талқылатып отыратын бір орынның қажет екені анық еді. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған Аида Балаева елордада қаламгерлерге арналған ғимарат ашылуы керек деген мәселені бірінші болып қолдап, әкімдікке ұсынысымызды жеткізген болатын. Сол кездегі Мемлекеттік хатшы М.Тәжинге осы елордадағы қаламгерлерге бір шаңырақтың керек екенін сұрап хат та жазған едім, нәтижесінде Шұбар ықшамауданында екі қабатты үйді Жазушылар одағына Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жөндеуден өткізіп, дайындап жатыр. Елорда әкімі Алтай Сейдірұлы өзі қадағалап отырған ғимаратымызға бұйыртса, осы аптада сүйіншілеп кірмекпіз. Бұл – небір алыптарымыздың, классиктеріміздің ізі қалған қасиетті қара шаңырағымыз Жазушылар одағының 85 жылдық мерейтойына сүйіншілі сыйлық болғалы отыр. Қаламгерлер демалатын, шүйіркелесетін, тастаяқ ойнайтын арнайы демалыс бөлмесіне дейін жасап жатқан жайымыз бар. Ғимаратымызға кіріп алғаннан кейін әдеби аударма бюросын құрғым келіп отыр. Жоқ дегенде, ең алдымен түркітілдес елдердің қазіргі заманғы әдебиетінің антологиясын жасап, аударғымыз келеді.

– Жастар жылында елордамызда жастарды қолдайтын қандай ауқымды шаралар іске асырылды?

– Биылдан бастап елордада «Самұрық» республикалық әдеби-мәдени көркем журналы жарық көре бастады. Бірінші нөмірі шықты, екінші нөмірі дайын тұрғанымен, басып шығаруға қаражат мәселесі қолбайлау болып отыр. Жалпы елордадан бір толыққанды әдеби журналдың шығу керегін уақыттың өзі көрсетіп тұр. Интернет заманы, газет-журнал жоғалады деген түсініктер ұшқары пікір екенін білеміз. Газет, журнал мен кітаптан қашқан бірде-бір батыс елі жоқ.  Өркениетке бізден бұрын қол жеткізген елдердің өзі кітап пен қағаздан бас тартқан емес. Сондықтан біз өркениеттің көшінде өзіміздің бұрынғы, байырғы бар дүниемізді бірге алып жүреміз деген ойдамыз. Жастар жылында шығармашыл жастарды қолдау бойынша Алматы облысы 40 таланттың кітабын шығарды. Ақтөбеде өткен Жазушылар форумында «Ақтөбе кітапханасы» сериясы бойынша 27 автордың кітабы, «Жауқазын» сериясы бойынша жас ақындардың 10 кітабының тұсауы кесілді. Біз де осы мақсатта наурыз айында қалалық әкімшілікке «Маздақ» сериясымен елордада тұратын 20 жастың кітабын шығаруды ұсынған болатынбыз. Былтырғы қазан айынан бері бір жылдан астам уақыт өткенімен, әкімшіліктегі ауыс-түйістерге байланысты  кітап шығару мәселесі тоқтап қалды. Қазір сол 20 жас ақын-жазушым күніге хабарласып, «кітап қашан шығады?» деп  сұрайды. Мен «уәдемде бармын, ал маған уәде берген адамдардың қызметі ауысып кетті, жаңа келген өкілге түсіндірумен келемін» деген жауаптан аса алмай отырмын. Жыл аяғына дейін уақыт бар, бұл мәселе әлі де оң шешімін тауып қалады деген үміттемін.

– Мемлекет басшысы айтқан сындарлы қоғамдық диалог құруда қаламгерлеріміздің халық пен биліктің арасындағы рөлі қандай деп ойлайсыз?

– Президентіміз Қ.Тоқаев халық пен биліктің арасында диалогтың орнауын қалайтынын үнемі ашық айтады. Ал халық пен биліктің арасында о бастан алтын көпір болып келе жатқан қаламгерлер, зиялы қауым екенін екінің бірі біледі. Алдағы уақытта халық пен биліктің арасы жақындай түседі деп ойлаймын. Бұл жерде «еңкейгенге еңкей, шалқайғанға шалқай» ұстанымы жүрмейді, қаламгерлер мен билік  бір-біріне иілуі керек. Зиялы қауым сырттай тон пішіп, жасап жатқан барлық реформаларға тас лақтырып, сын айтып, үнемі қыжыртып отыруы керек емес. «Жақтырмаған бақсының демі сасық» дегізбей, екеуінің бір-бірімен түсіністікке келетін уақыты келді. Жатып алып айғайлап, тас лақтырып отырғанымыз жарамайды. Қазақтың сөзі бар, «бұдан жаман күнімде тойға барғам» деген. Сондықтан біздің жоғары биліктің де, жергілікті әкім-қаралардың да әдебиетке, руханиятқа көңіл бөлуі – ұрпаққа көңіл бөлуі деп білемін.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Жаңатастағы өрттің себептері анықталды

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі (пәтердегі) өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің...

Жаңатастағы өрт: зардап шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетіледі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды (киімдер мен жиһаз...

Сөз құдіреті

Қайдан оқығаным есімде жоқ, бірақ мына бір ойлы әңгіме көп жылдан бері жадымда сақталып қалып­ты. Аласапыран, қантөгіс, қырғын  соғыс жүріп жатқан кезде неміс фашизмінің...

«Тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»

Филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазыл­жа­нова латын таңбасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі жайындағы бірер сайтқа сұхбат берген екен. Рас,...
aytys

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай»...
whatsapp image 2021 02 22 at 12.19.27

Бертран Расселдің «Батыс философиясының тарихы» қазақ тілінде «сөйледі»

Мемлекетіміздің қазақстандық жастардың жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес сапалы білім алуын қамтамасыз ету...
«18 килогерц»

Отандық «18 килогерц» фильмі прокатқа шықты

Режиссер Фархат Шарипов түсірген «18 килогерц» фильмі 18-ші ақпаннан бастап Қазақстан бойынша...

Жаңалықтар

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесті, – деп жазды Ақорда. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке...

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның...

Білім саласының бір орында тоқтап қалған кезі жоқ

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Тәуелсіздік алған жылдары жалпы халықтың жағдайы жақсы болды, мына саланың дамуына ерекше жағдай жасалды...

Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы жазды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асты

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 13,1 триллион теңге болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы...

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған 73 жастағы хирург вакцинаның әсері туралы айтты

Атырауда 73 жастағы хирург Марат Есжанов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның айтуынша, вакцинаның жанама әсері жоқ. «1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым....

Елімізде жекеменшік университетте білім алушылардың саны көбейді

Білім және ғылым министрлігі 2016-2020 жылдар аралығында жеке меншік университетте білім алушылардың саны 53,8% өскенін мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар,...

Су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр – министр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатқанын айтты. «Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды,...

«Nur Otan» партиясы сайлауалды міндеттемені іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті

«Nur Otan» партиясы Орталық және Шығыс Қазақстанға арналған сайлауалды міндеттемелерді іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті. Партия 216 сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша әр жылға нақты...

Асқар Мамин әкімдерге тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өңір әкімдері су қоймалары толуына үнемі бақылау жасап отыруы тиіс екенін айтты. «Су тасқынының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау...

«Шектеулер қажет емес»: ДДСҰ пандемиямен күрес қашан аяқталатынын хабарлады

Данияның DR телеарнасына берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.tr.  Ұйым...

COVID-19: Бес өңір «сары» аймақта тұр

23 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары...

Алматы әкімі АТУ студенттеріне арналған 9 қабатты жатақхана құрылысын тоқтатты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың шағымынан кейін тоғыз қабатты жатақхананың құрылысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуезов ауданындағы «Алтын бесік» ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы...

АҚШ туы төмен түсірілді: Америкалықтар 5 күн аза тұтады

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды еске алу мақсатында 5 күн аза тұту жарияланды. Елдің федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады, деп хабарлайды...

Адамдар көп жиналатын орындарда бірден екі маска тағу міндеттелді

Чехия билігінің жарлығына сәйкес, республика тұрғындары 25 ақпаннан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде бірден екі маска киюге міндеттелді. Бұл туралы Ceske noviny хабарлады.  Елдің денсаулық...

Жаңа қаулы: ШҚО-да 4 санитарлық бекет қойылады

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 22 ақпандағы...

Зейнетақы жинағы: Қанша отбасы баспана алғаны белгілі болды

Зейнетақы жинағын алған 28 мың қазақстандық қарыздарын өтеп, пәтер сатып алған. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады. Достар, enpf-otbasy.kz онлайн  платформасы іске қосылғалы бері 28 мыңнан астам қазақстандық ипотека...

Путин мен Лукашенко табиғат аясында демалып, шаңғы тепті

Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко Красная Полянадағы келіссөздерден кейін табиғат аясында демалып, шаңғы тепті. Президенттердің демалу сәтінен түсірілген суреттер Кремльдің...

СҚО-да әйелінің көңілдесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам әйелінің көңілдесін өлтіргеніне өкінеді. Қызғанышқа салынып, адам қанын мойнына жүктеген оған 9 жылға жаза...

Жамбыл облысында 200-ге жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді. Бір апта ішінде ювеналды полиция қызметкерлері 74 рейд жүргіздіп, оның барысында ішкі істер органдарына 131 кәмелетке толмаған жасөспірім...

Бертран Расселдің «Батыс философиясының тарихы» қазақ тілінде «сөйледі»

Мемлекетіміздің қазақстандық жастардың жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес сапалы білім алуын қамтамасыз ету және бұл мәселеде тың көзқарастар қалыптастыру, осы істе халықаралық тәжірибеге сүйену мақсатына...

Отандық «18 килогерц» фильмі прокатқа шықты

Режиссер Фархат Шарипов түсірген «18 килогерц» фильмі 18-ші ақпаннан бастап Қазақстан бойынша прокатқа шықты. «18 килогерц» - бұл 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін...

Жаңатастағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді

Жаңатастағы өрт салдарынан қайтыс болған балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника...

ҰҚК Шекара қызметі браконьерлік жүкті қолға түсірді

2021 жылдың 20 ақпанында Батыс қазақстан облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері БҚО бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті және облыстық ПД Криминалды...

425 мың сәби дүниеге келді: Өткен жылы туу көрсеткіші жөнінен алға шыққан өңірлер аталды

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында республикада 425,6 мың сәби дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22,6 мың адамға көп, деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің...

Қытай елінің кино жұлдызына айналған қазақ қызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында Қытай елде миллиондаған бәсекелесінің оза шығып, талантымен талайды таңдай қақтырып жүрген қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы...

Мәулен Әшімбаев: Біз бойымызды да, ойымызды да Абай сөздеріне қарап түзейміз

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Елордадағы Музыкалық жас көрермен театрының «Абай-Тоғжан» қойылымына жоғары баға берді. «Былтыр елімізде Абайдың 175 жылдығы кеңінен аталып өтті. Соның...

Пошта қызметкері клиентпен орысша сөйлескені үшін жұмыстан қуылды

Украинада  "Укрпочтаның" Кривой Рогтағы пошта бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары клиентпен орыс тілінде сөйлескені және эпидемияға қарсы шараларды сақтаудан бас тартқаны үшін жұмыстан босатылды. Бұл туралы...

Оқушы қыздар педофилді өз беттерінше жазалап, түрмеге түсірді

АҚШ-тың Пенсильвания штатында екі оқушы 22 жастағы педофилге қарсы айғақ жинап, оны бопсалады, деп хабарлайды The Morning Call.  Жергілікті тұрғын Кайл Кустер балабақша автотұрағында 14...

Ақтауда тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында той ұйымдастырғандар анықталды (видео)

Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021...

Алматы әкімдігі трамвай депосының орнына не салынатынын айтты

Алматыда бұрынғы трамвай депосының орнында құрылыс жұмыстары жанданды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл жерде креативті жастарға арналған қоғамдық парк ашылады. Тұжырымдамаға сәйкес, бұл нысанда арт шеберлік кластары,...

Нұр-Сұлтанда карантин қашан жеңілдетіледі – Бас санитар жауап берді

Елордада карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның сөзінше, астана 30 қаңтарда "сары" аймаққа шықты, бірақ 8-10...

Коронавирус: Елордада 21 мектеп карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасына тоқталды. «2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша жаңа оқу жылы басталғаннан...

Желідегі хабарландыру арқылы ШҚО тұрғынының 1 млн теңгесін үптеп кеткен алаяқ ұсталды

Қызылорда тұрғыны әлеуметтік желі арқылы Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын алдап соқты,  деп хабарлайды Polisia.kz. 20 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Шығыс Қазақстан облысының...

Жаңатастағы апат: Қара жамылған отбасыға «Birgemiz» қорынан 2 млн теңге бөлінеді

«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына 2 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. «Қор атынан қаза...

Тегін WI-FI қаншалықты сенімді?

Қоғамдық орындарда тегін WI-FI көрсек, қуанышымыз қойнымызға сыймайды. Жұмысымызды тез бітіру үшін, тегін желіге қосылуға асыққанымыз соншалық жеке деректеріді қолды болып жатқанына бейғам қараймыз....

«Ішкиіміне 17 түйіншек жасырған»: Қостанай облысына есірткі саудалап келген ерлі-зайыпты ұсталды

Жітіқара ауданының полицейлері есірткі саудасымен айналысып келген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын...

Мексикада әскери ұшақ құлады (видео)

21 ақпан, жексенбіде Мексикада елдің әуе күштерінің реактивті жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды El Universal. Learjet маркалы...

Көшелерге күйеуі мен туыстарының атын берген шенеунік жұмысынан айрылды

Мысырда көшелерге күйеуі мен туысқандарының атын берген шенеунік қызметінен айрылды, деп хабарлайды РИА Новости. Елдің солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы қаланы абаттандыру департаментінің директоры Кафр-Шукрды бірнеше...

Белгілі дизайнерді өлімі: Айыпталушы 11 жылға сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Bisen» атымен танымал дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды. «Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11...

Ғалым қатерлі ісіктен қорғайтын өнімдерді атады

Бірқатар өнімдерде канцерогендер – қатерлі ісіктердің пайда болу жиілігін арттыруға қабілетті заттар бар. Олар тағамға қоршаған ортадан түседі немесе тамақты өңдеу кезінде пайда болады....

«Қазақстанның 100 жаңа есімі-2021» жобасына өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 22 ақпаннан 15 наурызға...

Nur Otan Қазақстанның батыс өңірін дамытудың Жол карталарын дайындады

Nur Otan партиясы 2025 жылға дейінгі өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың егжей-тегжейімен азаматтарды таныстыруды жалғастыруда. Еліміздің батыс өңірлерінде жыл сайын қандай істер атқарылады...

Байқоңырда мәйіті табылған баланың неден көз жұмғаны белгілі болды

Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып, артынан мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Бала суға тұншығып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресей Федерациясы тергеу комитетінің хабарлауынша,...

Қар, боран: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Қазгидромет 23-25 ақпанға аралған ауа райы болжамын жариялады. «Қазақстанның солтүстік жартысына Исландияның суық ауа массаларын сіңірген белсенді циклон қарлы боран әкеледі. Оның артында келе жатқан...

20 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты. «Қазіргі күні ҚР-ның 20 мыңға жуық азаматы COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын...

Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды. Денсаулық...

Коронавирус: 295 науқастың жағдай ауыр – ДСМ

Елімізде коронавирус инфекциясынан барлығы 21 285 адам емделуде. «22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан (13 679 – КВИ+ және 7 606 –...

Биткойн бағасы тағы қымбаттады

Coindesk порталының мәліметінше, биткойн бағасы сауда сессиясы кезінде 1,97%-ға, 58,1 мың долларға қымбаттады. Осылайша криптовалюта бағасы тарихи максимумды жаңартып отыр. Биыл 9 ақпанда биткойнның бағасы...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 208 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 699 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 72 Алматы қаласы - 101 Шымкент қаласы -...

Полицияға жалған хабар бергені үшін айыппұл төлейді

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 ақпан сағат 22:50 шамасында 41 жастағы азамат заңды некедегі әйелін ұрып жатқанын айтып, полицияға хабарлама берген. «Осыған байланысты учаскелік...

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Дүйсенбі, 22 ақпан күні фaронтальды құрылымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, – деп хабарлады Қазгидромет. Кей жерде қар жауады, еліміздің...

Байқоңырда із-түссіз жоғалған жеті жасар екі бала бір тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары Байқоңыр қаласында 20 ақпан күні жоғалған жеті жасар екі баланы іздеп жатыр. 20 ақпанда таңертең сағат он жарымдар шамасында...

«Канело, vamos!». Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам мексикалық Сауль...

Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті. Қанат бастапқыда ганалық Ободай Саймен (35-3-1, 26 КО)...

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланады. «Жоба Қазақстан Елшілігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі...