Алматыда көпқабатты үйлердің бұрышын қаптауға тыйым салынады

Алматыда көпқабатты үйлердің бұрышын қаптауға тыйым салынады

Алматыда көпқабатты үйлердің бұрышын қаптауға тыйым салынады
ашық дереккөзі
Алматыда жаңа дизайн-код ережелерінің енгізілуіне байланысты бұрышта орналасқан пәтер иелеріне үйлерін сыртынан қаптауға тыйым салынады. Бұл мәселені Facebook желісінде қала тұрғыны көтерген болатын. Ол «Ақсай-4» шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйдің суретін жариялады, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. Бұрыштағы пәтер иелері үйлерін пенопластпен қаптаған. Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Айтуларынша, болашақта ортақ ережелер - дизайн коды енгізілгеннен кейін тұрғындар типтік нормаға сай үйлерінің сыртқы келбетін өздері қадағалайтын болады. Ол кезде ортақ архитектуралық қасбетке қарсы шығып, басқаша жасау мүмкін болмайды. Еске сала кетейік, Алматының дизайн коды туралы тыңдалым желтоқсан айында өтеді.