11-сынып оқушысы қорада асылып қалған

11-сынып оқушысы қорада асылып қалған

11-сынып оқушысы қорада асылып қалған
ашық дереккөзі
399

Батыс Қазақстан облысында 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. Ол өз үйінің ауласындағы қорада асылып қалған. Бұл туралы  «Мой ГОРОД» порталы хабарлады.

Оқиға қарашаның 13-іне ауған түні Жаңақала ауданында орын алған. Аудандық білім бөліміндегілердің мәліметінше, жасөспірім Жаңақала аулындағы Жүнісов атындағы мектептің 11-сыныбында оқыған. «Жасөспірім түнде өз үйінің ауласындағы қорада асылып қалған. Әкесі түнгі ауысымнан келіп, малға жем беру үшін қораға кіргенде, баласының денесін көрген. Бұл кезде анасы Оралда емделіп жатқан. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Жақсы отбасыдан шыққан. Ата-анасының 5 баласы бар. Сол күні үйінде де, мектепте де ешқандай жанжал болмаған», - дейді білім бөліміндегілер. Сонымен қатар аудандық білім бөліміндегілер жасөспірімнің жақсы оқығанын және ҰБТ тапсыруға дайындалып жүргенін айтты. Ол хат жазып қалдырмаған.

Серіктес жаңалықтары