12 Қараша, 14:41 380 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Белгілі режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды

Қазақстандық режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы қайтыс болды. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашевке және оның отбасына ұлы Ақназардың оқыс жағдайда қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Періштенің жаны пейіште шалқысын», - делінген көңіл айту хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар