Канело ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартты

Канело ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартты

Канело ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартты
ашық дереккөзі
Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль Альварес орта салмаққа қайта оралып, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен жекпе-жекте жеңіп алған жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартады, деп жазды Sputnik. Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Сауль Канело Альварес 36 жастағы ресейлік Сергей Krusher Ковалевті нокаутқа жіберді. Жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Ковалев үшін бұл жекпе-жек кәсіби карьерасындағы төртінші жеңіліс болды. Бұған дейін Канело қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен орта салмақтағы чемпиондық белбеуді тартып алған болатын. Қазіргі таңда бокс фанаттары Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті күтіп жатыр.