Монополияға қарсы орган «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару кезінде 1000 теңге ұстап қалғаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Монополияға қарсы органмен «Жолаушылар тасымалы» АҚ іс-әрекеттерінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару кезінде 1000 теңгені ұстап қалу фактілері анықталды. Нұр-сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2019 жылғы 15 қазандағы қаулысы бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ын құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, 865 млн теңге көлемінде айыппұл салды, – делінген хабарламада.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.