Жексенбі, 26 Наурыз, 2023

АҚШ Сириядағы әскерін Иракқа көшіруде

АҚШ Сириядан әскерін шығарып, оларды Иракқа жеткізіп жатыр, деп хабарлайды Reuters.

«Сирияның солтүстік-шығысынан АҚШ әскерін шығару жұмыстары жылдам жүргізіліп жатыр. Бұл жоспар аясында біз оларды Ирактың батысына көшіріп жатырмыз», – дейді АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер.

Сонымен қатар, ол Иракқа шамамен мыңға жуық жауынгер жеткізілетінін айтты.

«Әскерді шығару жұмыстары штатты режимде жүргізілуде. Сирияның солтүстік-шығысында қазір тыныштық орнаған, жол бойы тұрақты деп айтуға болады», – дейді Эспер.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button