Белоруссияда қазақ киносының фестивалі өтеді

Белоруссияда қазақ киносының фестивалі өтеді

Белоруссияда қазақ киносының фестивалі өтеді
ашық дереккөзі
408
18-20 қазан аралығында Беларусь астанасы Минск қаласында қазақ киносының фестивалі өтеді, деп хабарлайды  «Қазақфильм» киностудиясы. Мәдени іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына әр түрлі жанрда түсірілген отандық кинотуындылар ұсынылады. Фестивальді Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырып отыр. Айта кетсек, бұл іс-шара Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың алдағы Қазақстанға жоспарланған ресми сапары қарсаңында өткізіліп отыр. 18 қазанда фестивальдің ашылу салтанатында қазақтың тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы баяндайтын «Әміре» фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ іс-шара барысында «Қазақфильм» киностудиясының басқа да туындылары – Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ», Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол», Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая, Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Шырақшы» фильмдері ұсынылады. Ал кішкентай көрермендер толықметражды «Мұзбалақ» (реж. Тұрдыбек Майдан и Тілек Төлеуғазы) анимациялық фильмін тамашалай алады. Фильмдер Минск қаласындағы «Беларусь» кинотеатрында (Романовская Слобода көшесі, 28) көрсетіледі. Кіру тегін.  

Серіктес жаңалықтары