Ілияс шығармаларының 20 томдығы оқырманға жол тартты

Сондай-ақ!

Президентке жаңа өкілеттік берілетін болды

Парламент Президентке жаңа өкілеттік беруді көздейтін «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заңға енгізілген түзетулерді қабылдады. Сенаттың құзырлы комитетіндегілердің айтуынша, заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру. Заң...

Болмасақ болды

Қазақ тіліне калькаланып келген дүниелердің бірі – келер шақ формасына «бол» етістігін тіркеп қолдану. Ол орыс тіліндегі «будем, будете, буду, будешь» дегеннің салдары. Мысалы: «Балалар,...

Сегіз қырлы Серік

Осы бір орта бойлы, ақ-сары өңді, кең маң­дайлы, ақкөңіл, әрқашан жай­дары, жан-жағына шуақ шашып жүретін, шын мәнін­де сегіз қырлы, бір сырлы жігітпен қашан, қай...

Александр Дворкин: Әлемге әйгілі секталар

АУДАРМАШЫДАН: Осыдан біраз жыл бұрын діни ағымдар жайлы мағлұмат іздеп, қазақша кітаптарды ақтарып, ауызтұщырлық ештеңе таба алмай, ақыры әлемжеліге үңілгем. Онда да өз тілімізде...

Талдықорғанда ақын, драматург, аудармашы әрі журналист Ілияс Жансүгіровтің 20 томдық жинағы оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақынның 125 жылдығы аясында жарық көрген жинақ 10 мың данамен басып шығарылды. «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» ғылыми-практикалық конференция шеңберінде өткен тұсаукесерге облыс әкімі Амандық Баталов қатысты.

«Өскелең ұрпаққа қалдырған бай мұраны насихаттау мақсатында облыста көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткенімізді, тарихымызды, мәдени мұрамызды жан-жақты талдап, зерделеуге мүмкіндік туды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Рухани жаңғыру біздің басты бағдарымыз болып қала беретінін», – атап өтіп, бағдарламаның елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын айтып өткен еді.

Бұл бағдарлама қазақтың ұлы ақынның мұрасын, қазақ әдебиетінің алтын қорының қазыналарын сақтауға, көбейтуге мүмкіндік берді», – деді облыс әкімі жиында. Өңір басшысының айтуынша, Ілияс Жансүгіровтің еңбектерін насихаттау мақсатында аймақта көптеген маңызды шаралар, оның ішінде арнайы ғылыми экспедиция да жүргізілген.

«Экпедиция мүшелері Мәскеуге дейін барып, ақынның ерекше мұрағат құжаттары мен кітаптарының көшірмелерін әкелді», – деді ол. Амандық Баталов сонымен қатар, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың қолдауымен биыл танымал ағылшын ақыны Белинда Куктың аудармасымен «Құлагер» поэмасы ағылшын тіліне аударылғанын мәлім етті. Аталмыш поэманы орыс әдебиетінің классиктері Пастернак, Мандельстам, Цветаева өз тіліне аударған болатын. Сонымен қатар, бұған дейін неміс ақыны Герд Хайденрейхтің арқасында туынды Гете тілінде де жарыққа шыққан.

Осыдан кейін сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет экпедицияның арқасында Мәскеуден ақынның 18 кітабы әкелінгенін атап өтті.

Өз кезегінде филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып ақынның өмірі мен шығармашылығына егжей-тегжейлі тоқталып, оның ұлағатты ғұмырындағы еңбегі жайлы сыр шертті.

Ал филология ғылымдарының докторы, Ілияс Жансүгіров атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш ақынның шығармашылық әлемі туралы сөз қозғады. Ақын шығармашылығын зерттеудегі соңғы жетістіктері бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі Мұратбек Иманғазинов бөліссе, жазушы, «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінің бас редакторы, Түркі бейбітшілік сыйлығының иегері Дәурен Қуат ақынның журналистік таланты туралы айтып берді.

Игі шара ақынның мерейтойына арналған республикалық «Жазба ақындар» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен жалғасты. Поэтикалық байқаудың бас жүлдесін ақын Байбота Көшім-Ноғай иеленсе, бірінші орынды ақын Серік Ақсұңқар иеленді.

Конференциядан кейін мерекелік шаралар ұлттық ат спорты жарыстарына ұласты.

Ілияс шығармаларының 20 томдығы оқырманға жол тартты

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Қаланы көркейту жобасына тұрғындар қатыса алады

Алматы қаласында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 2021 жылдан бастап 300-ден астам жоба...
Президент

Президентке жаңа өкілеттік берілетін болды

Парламент Президентке жаңа өкілеттік беруді көздейтін «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заңға енгізілген түзетулерді...

Болмасақ болды

Қазақ тіліне калькаланып келген дүниелердің бірі – келер шақ формасына «бол» етістігін...

Сегіз қырлы Серік

Осы бір орта бойлы, ақ-сары өңді, кең маң­дайлы, ақкөңіл, әрқашан жай­дары, жан-жағына...

Александр Дворкин: Әлемге әйгілі секталар

АУДАРМАШЫДАН: Осыдан біраз жыл бұрын діни ағымдар жайлы мағлұмат іздеп, қазақша кітаптарды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...