Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Тіл мамандары термин мәселесін талқылады

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен прин­циптері» деген тақырыпта республикалық әдістемелік семинар өтті. Семинарды Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Басқосуда ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Ш.Құрманбайұлы өз баяндамасында терминдерді іріктеудің критерийлерін және принциптерін  белгілеу мәселесін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Қ.Күдеринова, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Қ.Айдарбек, Ұлттық аударма бюросының редакторы, философия ғылымдарының кандидаты Ә.Құранбек, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты С.Итеғұловалар терминдердің жасалу жол­дары, оның қолданысы және тағы басқа мәселелері жөнінде талқылады.

Республикалық әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша терминдерді іріктеу критерийлерін белгілеуге, принциптерін айқындауға бағытталған қарар қабылданды.

Б.Балықбай

Байқау айқын
Байқау айқын
Back to top button