Ырысты арттырар ынтымақтастық

Сондай-ақ!

Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушыларының неліктен ғылыммен айналысқысы келмейтінін айтты. Сергей Пеннің айтуынша, басты себеп – ғалымдардың жалақысының...

Полицей пен күзетшінің қақтығысы: 26 жастағы азамат қамауға алынды

Қарағандыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен караоке клубтың күзетшісі екі тәулікке қамауға алынды, – деп жазды Polisia.kz. 28 қараша күні Қарағанды қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық...

Кірпіш зауытта жұмыс істеген оқушы мүгедек болып қалды

14 жастағы бала күніне алатын 3-4 мың теңге үшін кірпіш зауытта заңсыз жұмыс істеген. Мектеп оқушысы қазан айында зауытқа жұмысқа орналасқанымен, артынша қолын станокқа...

Әкімдік ескертеді: Бүгін 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды

Бүгін елордада кезекшілік топтағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «4 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-5 сынып оқушылары үшін сабақ...

Армения астанасы Ереванда ЕЭК-ке мүше бес ел Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Бұл бестік бұған дейін де Кедендік одақ аясында түрлі кездесу өткізіп, ЕАЭО елдерінің тауар айналымы мәселесін жиі талқыға салып жүрді.

Жоғары Еуразиялық эконо­ми­­ка­лық кеңестің отыры­сы­на Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республи­ка­сының Пре­зи­ден­ті Александр Лу­ка­шенко, Қыр­ғыз Рес­пуб­­ликасының Президенті Соорон­бай Жээнбеков, Ресей Феде­рациясының Президенті Владимир Пу­тин, Арме­нияның Премьер-минис­трі Никол Па­ши­нян және Еуразиялық эко­­но­ми­калық комиссия алқасының төрағасы Ти­гран Саркисян қатысты. Әуелгі сөзді алған Қазақстан Прези­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев армян тарапына жылы қабылдауына және оты­рысқа жо­ғары деңгейде дайын­дал­ғаны үшін риза­шы­лығын білдірді. Сон­­дай-ақ, ол Еуразия­лық эконо­ми­ка­лық одақ­тың әлемдік сау­да-саттықты дамытудың аса маңыз­ды бөлігіне айналғанына сенім­ді еке­нін айтса да, тауар айналымы азайып кеткенін мә­лімдеді. – Біз Еуразиялық экономи­ка­лық одақ келісімінің әр әрпі мен ру­хын мүлтіксіз сақтай оты­рып, эконо­ми­калық интеграцияға тың серпін беруіміз керек. Бүгінгі отырыс біздің интеграциялық бірлестіктің ары қарай дамуына үлес қосарына сенім­дімін. Еуразиялық эконо­ми­ка­лық одақ – әлемдік сауданың даму­ын­да маңыз­ды орынға ие болды. Біздің одақ сырт­қы серіктестермен өзара тиімді ынты­мақ­тастық үшін ашық. Алайда нарық тез өзгеріп бара жатқан коньюктурасы, дер­жавалар арасындағы өсіп келе жатқан бәсе­келестік, сауда соғыстары, протек­цио­низмнің өсуі – әлемдік эко­но­миканың тұрақсыздығын туды­рып отыр, – деген Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәселелерге назар аудару керектігін баса айтты.

«Біріншіден, БҰҰ мәліметіне сәй­кес, әлемде туындаған сауда соғыс­тары ке­лесі жылдың басында әлемдік эко­но­миканы 850 млрд доллардан 1 трлн долларға дейінгі шығынға ұшыратуы мүм­кін. Өндіріс қарқынының бәсең­деуі, жаһандық ауқымда инвес­ти­ция­лар­дың қысқаруы әлемдік ЖІӨ-ні 1 пайызға азайтуы мүмкін. Бұл – өте ау­қымды сандар. Әлемдегі эконо­ми­ка­лық өсімнің төмендеуі, бұл мәселенің сау­да серіктестеріміз ЕО-да, Қытайда ай­тар­лықтай білінуі біз үшін де жағымсыз жайға апаруы ықтимал. Осы жылы тауар айналымының қыс­қар­ғанын байқап отырмыз. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қоры­тын­дысы бойынша, ЕАЭО елдерінің үшінші елдермен тауар айналымы 2 пайызға азайған. Одақ елдерінің өзара тауар айналымы 5 пайызға дейін, яғни 28 млрд долларға дейін қысқарды. Бұл – жағымсыз тенденция», – деді Қ.Тоқаев.

Мәселен, одақ ішінде Қазақстан экспорты едәуір азайып кетіп,  Қазақ­станның ЕАЭО елдерімен экспорты 6 пайызға дейін қысқарған. Әрине, оған әр­түрлі фактор әсер еткен. Тіпті, бұл тұрғыда Президент әкімшілік кедер­гі­лердің барын жоққа шығарған жоқ. «Бұған шынайы әрі өзара ынтымақ­тас­тық, интеграция мен кооперацияның арқа­сында ғана қол жеткізуге болады. Біздің елдеріміз ортақ ішкі нарықтағы кедергілерді жою жұмыстарын жалғас­ты­ра беруі керек. Комиссия ұлттық заңнамаларға мониторинг тетіктерін күшейте алады және солай істеуге тиіс деп ойлаймын. Еуразиялық экономи­ка­лық одақ шеңберіндегі қолданыстағы құқықтарды түсіндіру мен ақпарат­тандырудың тиімді тетіктерін әзірлеу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шара барысында Қ.Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесіп, сауда-экономикалық ынты­мақ­­тастықты кеңейту туралы келісім жасасты. Ол туралы Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «Біздің елдеріміз бар­лық бағыттарда сенімді және ашық диалог орнатты» және «Мәдени-гума­ни­тарлық байланыстар дамып келеді» деп атап өтті. Ақорданың сайтында хабарлағандай, кездесу барысында екі­жақты сауда-экономикалық серіктес­тік және көлік логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқы­лан­ды. «Біздің сауда экономикалық қатынастарымыз жақында күшейе түсті. Менің ойымша, біздің әлеуетіміз әлдеқайда зор. Біз бұл мүмкіндікті іске асыру үшін жұмыс істеуіміз керек, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер аша­ды», – деді Армения  Премьер– минис­трі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лун және Иран Президенті Хасан Руханимен кездесуде мемлекет­ара­лық ынтымақтастық пен сауда-эконо­микалық саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісім жасасты. Ал  Беларусь Президенті Алек­сандр Лукашенкомен өткен достық кездесуде екі жақты байланысты нығайтып, ынтымақтастығын одан әрі тереңдету жайы сөз болды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі басты мәселе Еуразиялық экономи­ка­лық одаққа мүше мемлекеттер мен Сингапур Республикасының арасын­да­ғы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою болды. Аталған келісім ЕАЭО елдері үшін 600 миллион халқы бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауым­дастығына мүше мемлекеттердің алып нарығына жол ашады. Осыған бай­ланысты, Қазақстан Президенті кеңей­іп жатқан жаңа нарықтар мен сауда-экономикалық байланыстарды дамытып, аталған бағыттағы келіссөз­дер­дің жоғары деңгейін сақтап қалу маңызды екенін айтты. Жоғары кеңес­тің барысында Сингапур Респуб­ли­ка­сымен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылды. Осымен ЕАЭО осы бағытта Вьетнамды қоса айтқанда екінші елмен келісім жасады. Ендігіде Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық және логистикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды мәселе.

Жоғары Еуразиялық экономика­лық кеңес жиынында мемлекет басшы­лары ЕАЭО алдағы жылға арналған бюджетін қарап, Көлік және энергетика саласындағы заңнаманы үйлестіру бойынша бірқатар шешімдерге талдау жа­сап, ЕАЭО-ның ортақ қаржы нары­ғын және оның негізгі бағыттарын қалып­тастыру тұжырымдамасы бекі­тілді. Бұдан өзге көлік-логистика сала­сын дамыту, ЕАЭО елдерінің транзиттік мүмкіндіктерін нығайту мәселелері де назардан тыс қалмады. Осылайша, Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қорытындысы бойынша 20 құжат қабылданды.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Жаңа қаулы: карантин шаралары күшейді

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының...
ғалымдардың жалақысы

Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушыларының...

Полицей пен күзетшінің қақтығысы: 26 жастағы азамат қамауға алынды

Қарағандыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен караоке клубтың күзетшісі екі тәулікке қамауға алынды,...
мүгедек болып қалды

Кірпіш зауытта жұмыс істеген оқушы мүгедек болып қалды

14 жастағы бала күніне алатын 3-4 мың теңге үшін кірпіш зауытта заңсыз...

Әкімдік ескертеді: Бүгін 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды

Бүгін елордада кезекшілік топтағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «4 желтоқсанда ауа...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...