Еуразия елдері парламенттерінің спикерлері бірлескен мәлімдеме жасады

Еуразия елдері парламенттерінің спикерлері бірлескен мәлімдеме жасады

Еуразия елдері парламенттерінің спикерлері бірлескен мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Еуразия елдері парламенттері төрағалары кеңесінің қорытындысы бойынша Еуропа және Азия елдері Парламенттерінің спикерлері бірлескен мәлімдеме жасады. Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеяның авторы және бастамашысы ретіндегі тарихи рөлін арнайы құжатпен бекітті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мұны Елбасыға көрсетілген үлкен құрмет деп атап өтті. Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы: - Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған Еуразия идеясы көптеген жобаларда өз жалғасын тапты. Бүгінгі форумға келетін болсақ, бүкіл Еуропа мен Азия елдері Парламенттерінің спикерлері бірлескен мәлімдеме қабылдап, осы құжатта Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеяның авторы және бастамашысы ретінде тарихи рөлін бекітті. Бұл шын мәнінде, Елбасымыздың, бүкіл Қазақстанымыздың жоғары халықаралық абырой-беделінің көрсеткіші.