"Астана" VS "Манчестер Юнайтед": Ел футболындағы тарихи кездесу қалай өтті?

"Астана" VS "Манчестер Юнайтед": Ел футболындағы тарихи кездесу қалай өтті?

"Астана" VS "Манчестер Юнайтед": Ел футболындағы тарихи кездесу қалай өтті?
ашық дереккөзі
Футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінде елордалық «Астана» алғашқы турда сырт алаңда Англияның «Манчестер Юнайтед» командасына есе жіберді. Екі команда L тобында сынға түседі. Аталмыш топта олардан өзге Сербияның «Партизан» және Голландияның АЗ «Алкмаар» командалары бар. Кешегі кездесуде «Манчестер Юнайтед» командасында негізінен жастар ойнады. Сондықтан болар алаң иелері көптеген жағдайда мүлт жіберіп жатты. Десе де алаң иелері ойын тізгінін өз қолынан шығармауға тырысты. Ағылшындық клуб футболшылары қателігін пайдалануға тырысқан «Астана» футболшыларының да қарсыластар қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан екі команда бірінші кезеңде 0:0 есебіне қанағат білдірді. Екінші кезеңде «Манчестер Юнайтед» футболшылары тезірек есеп ашуға ұмтылды. Олар елордалық клуб қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Кей жағдайда қазақстандық қорғаушылар шеберлік танытса, ендігі бір сәтте ағылшын футболшылары мергендік көрсете алған жоқ. Кездесу барысында есеп 73-минутта ашылды. Оны алаң иелері сапынан Майсон Гринвуд орындады. Кездесуде «Манчестер Юнайтед» 1:0 есебімен жеңіске жетті.