Ауыл деп соққан жүрегі...

Ауыл деп соққан жүрегі...

Ауыл деп соққан жүрегі...
ашық дереккөзі
314
Жуырда Алматы облысы, Ақсу ауданының Ақсу ауылына журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жасалған жұмыстармен БАҚ өкілдерін таныстыру. Соңғы жылдары ауылға қайырымды жандардың шапағаты көп  тиген.  «Туған жерге туыңды тік» деген Елбасымыздың бір ауыз сөзін іліп әкеткен ауылдан шыққан жомарт жандар 1964 жылы іргетасы қаланған мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, шалғайда қараусыз қалған білім ордасының ұстаздары мен балаларына қуаныш сыйлады. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, білім мекемесінің жөндеу жұмыстарына кәсіпкер, меценат Нұрбаев Молдияр мұрындық болған. «Өзім туған ауыл, оқыған мектебіме жасаған бұл іс менің азаматтық борышым деп білемін. Әр қазақ баласы туған жерінің гүлденуіне түйір пайдасы тисе, ауыл статусы биіктей түседі», – дейді меценаттың өзі. Осыған дейін жарты ғасырлық тарихы бар орта мектеп бірде-бір күрделі жөндеу көрмей, жылу жүйесі қирап, төбеден су, терезесінен жел гуілдеп тұрған. Жомарт жандардың арқасында мектептің шатыры, терезе, есік, едені жаңартылып, компьютерлік бөлме қайта жабдықталды. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігіне көлік сыйға берілді. Ауыл тұрғыны Бикен Байетова: «Бұл – Кеңес заманында салынған мектеп. Әлі сан мыңдаған шәкірттерді тәрбиелейді, білім нәрімен сусындатады деген сенімдемін. Қайырымды жандарға рахмет айтудан жалықпаймыз», – дейді. Ақсулық кәсіпкерлер алдағы уақытта мектеп жанынан спорт комплексін салуды жоспарлап отыр.  

М. Құсайынов

 

Серіктес жаңалықтары