Асқар Мамин Түркістанда салынып жатқан нысандарды аралады

Асқар Мамин Түркістанда салынып жатқан нысандарды аралады

Асқар Мамин Түркістанда салынып жатқан нысандарды аралады
ашық дереккөзі
685

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қысқа уақыт ішінде Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды жылдам қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, сондай-ақ Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын көрді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша, Арыс қаласында жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталды. Нысандарда 134 құрылыс компаниясы, 3,8 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істеуде және 211 арнайы техника тартылған. Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі – толықтай қалпына келтіруді талап етті. Бүгінде 62 нысанда жұмыстар аяқталды.

Серіктес жаңалықтары