«Jastar-Otanga» республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады

«Jastar-Otanga» республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады

«Jastar-Otanga» республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады
ашық дереккөзі
Дәстүрлі болған «Jastar-Otanga!» республикалық жастар саяси лагерінің қатысушылары бүгін «Балдәурен» РОСО бас қосты. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ мұрындық болған іс-шара биыл 11 рет өткізілуде. Еліміздің әр түкпірінен келген, сан түрлі саланың тізгінін ұстаған 170-ке жуық жас тәжіриебе алмасып, білімдерін жетілдіреді. Бұл туралы «Jas Otan» ЖҚ баспасөз қызметі хабарлады. «Jastar-Otanga!» саяси лагерінің мақсаты жастар саяси резервін құру, белсенді жастарды қолдау, ел келешегін дәріптеу. Елбасы, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Ә. Назарбаев айтқан мақсатын: «Jas Otan» - жастарды біріктіруші орталыққа айналуы қажет» іске асыру. Лагерьде өткізілген әсерге толы күндер жастарға жаңа күш-қуат беріп, болашаққа қойған мақсаттарын, жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Д. Кәрібек «Nur Otan» партиясы саяси кеңес бюросының мүшесі,          «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы: - Күні кеше Елбасы, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Ә. Назарбаев «Сенім.Диалог. Болашаққа нық қадам –Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйел жаңғырту бағдарламасында, жастарға ерекеше рөл берілген. Осы орайда, бұл лагерь еліміздің жастарын бір арнада қосып, білімдерін шындап, өз ара байланыс орнатуға мол мүмкіндік береді. Бұл алаңқай жаңа идеялармен жобалардын тууына ерекеше жағдай жасайды Бір аптаға созылатын лагерь барысында жастар білікті, тәжіриебелі бапкерлерден дәріс тындап, білімдерін шындайды. Саяси менеджмент, жобаларды ұйымдастыру секілді тақырыптарға түрлі тренингтерге, семинарларға, тренд сессияларға, воркшоптарға қатысады. Қайрат Құдайберген, Ларион Лян секілді еліміздің өнер, спорт және бизнес саласында жетістікке жеткен танымал тұлғалармен кездесіп, сұрақтарын қоя алады. Өз ара тәжіриебе алмасып, Бурабайдың әсем табиғатымен танысады. Сондай-ақ, жастар қанатының белсенділері тауға серуендеу, кинокеші, алау жанындағы кездесулер, спорттық жарыстар, зияткерлік квест секілді қызықты іс-шараларға қатысады. Лагерь қонақтары Abdr, Мирас Жүгінісов, Canyekyey және «Salem Stand Up Show» резиденттері жастарға музыкалық кеш сыйлайды. Лагерь аясында «Jas Otan» ЖҚ Орталық кеңес отырысы өтеді. Кеңестің сайланған мүшелері мен өңір төрағалары ауыл жастарына арналған әлеуметтік лифт, жергілікті жерлерде жастар мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру, еліміздің оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты жою тетіктері сынды тақырыптарды талқылайды. Сондай-ақ 7 қыркүйекте «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Қ. Байбек лагерьде жастармен кездесуі күтілуде.