Бейсенбі, 1 Желтоқсан, 2022

Бес қазақстандық спортшы үстел теннисінен Азия біріншілігіне қатысады

2 қыркүйек күні Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда үстел теннисінен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы жекелей және командалық Азия чемпионаты басталады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Құрлық бәсекесіне Қазақстан атынан бес спортшы қатысады. Олар – Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Сағантай Құрмамбаев (Семей), Темірлан Ким (Қарағанды), Алан Құрманғалиев (Қарағанды) және Санжар Жұбанов (Орал).

Азия чемпионатында Қазақстаннан бөлек Гонконг, Үндістан, Иран, Қытай, Корея, Малайзия, Тайланд, Тайпей, Түркменстан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Филиппин және Жапония теннисшілері бақ сынайды.

7 қыркүйекке дейін жалғасатын турнирге жалпы есебі 168 спортшы қатысады деп күтілуде.

Байқау айқын
Байқау айқын
Back to top button