Нұр-Сұлтан қаласында 200 педагог жетіспейді

Нұр-Сұлтан қаласында 200 педагог жетіспейді

Нұр-Сұлтан қаласында 200 педагог жетіспейді
ашық дереккөзі
Астанада педагогтар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін қосымша гранттар бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елордада шамамен 200 педагог жетіспейді. Бұл цифрды қысқарту үшін және мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, педагогикалық құрамды әзірлеу үшін мыңнан астам грант бөлдік», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазмедиа орталығында өткен ҚР БҒМ пленарлық отырысында. Оның айтуынша, бұл түлектер үш-төрт жылдан кейін педагогтар қатарын толықтырады. Сонымен бірге, астана әкімдігі мен Назарбаев зияткерлік мектептері арасында педагогтардың біліктілігін көтеру бойынша уағдаластық бар. «Гуманитарлық колледж базасында колледждер мен университеттердің үздіксіз білім беру жүйесі құрылған. Бұл жыл сайын жаңа форматтағы мыңнан астам оқытушыны әзірлеп шығаруға мүмкіндік береді. Оның үстіне, өзге елдермен серіктестік арқылы Финляндия, Малайзия, Қытай, Ресей сынды мемлекеттердің оқыту тәжірибесін үйрене аламыз», - деді Алтай Көлгінов.