Смартфон адам өмірін 8 жылға қысқартады

Смартфон адам өмірін 8 жылға қысқартады

Смартфон адам өмірін 8 жылға қысқартады
ашық дереккөзі

Австралиялық мамандар жүргізген зерттеу смартфондардың адам өмірін қаншалықты қысқартатынын анықтады. Белсенді қолданушылар жылына орта есеппен 49 күнін гаджеттермен өткізеді екен. Сонымен қатар, зерттеу барысында смартфон иелері өзінің мобильді жабдықтарының экранына күніне үш сағаттан астам үңілетіні белгілі болды. Австралия аумағында өткен тәжірибеге 16-30 жас аралығындағы жастар өз еркімен қатысқан. Ғалымдар егер адам 16 жасынан смартфондарды пайдалана бастаса, өмір ұзақтығы 80 жылды құраған жағдайда, өмірінің кем дегенде сегіз жылын гаджетпен өткізетінін анықтады. Тәжірибе қорытындысына сүйенсек, орташа статистикалық пайдаланушылар күніне смартфон экранына шамамен 150 рет қарайды екен. Пайдаланушылардың 63 пайызы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қараса, «смартфонға тәуелділердің» шамамен 50 пайызы видеороликтерді тамашалайды. Гаджет иелерінің көбі смартфондарында орнатылған 70 қосымшаның көп дегенде 10-ын пайдаланатыны анықталды.