Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға ұшақ апатты жағдайда қонды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға ұшақ апатты жағдайда қонды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға ұшақ апатты жағдайда қонды
ашық дереккөзі
Сания (Қытай)-Нұр-Сұлтан бағдары бойынша ұшақ апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін Scat әуе компаниясының Сания (Қытай)-Нұр-Сұлтан бағдары бойынша VSV464 рейсін орындауға ұшқан B757 әуе кемесі сағат 16.58 уақытында шұғыл қонды. Сания әуежайының диспетчерлік қызметінің алдын ала берген ақпаратына сәйкес, резеңкенің қалдықтары анықталған. Әуе кемесіне белгісіз зат соғылып, шассидің сол жақ негізгі тағанын тірейтін артқы дөңгелектің жоғарғы қабаты тілінген», - деп хабарлады ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінен. Scat әуе компаниясы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайының жердегі қызметімен әуе кемесінің қауіпсіз қонуын қамтамасыз ету бағытында әрекет еткен. «Ұшақ жерге қауіпсіз қонды. Экипаж құрамында 7 адам, жолаушылардың саны 234 болған. Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тергеу бойынша басқарманың комиссиясы тергеу жүргізіп жатыр», - деді  Комитет.