20 Тамыз, 21:04 320 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

БҚО тұрғыны 13 жасар балаға зорлық көрсетті деп айыпталуда

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 13 жастағы ер балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр. Күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Ер адамның 13 жасар балаға зорлық-зомбылық әрекетін жасағандығы туралы фактіні Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Тілекқабыл Ғабдушев растады.

«Иә, мұндай дерек тіркелді. Бірақ оған қатысты пікір білдіре алмаймын. Себебі тергеу шаралары жүріп жатыр», - деді Тілекқабыл Ғабдушев. БҚО сотының баспасөз қызметіндегілер айыпталушы ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігіне (Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес 2 айға қамауға алынғанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар