Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымды Италияда бастайды

Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымды Италияда бастайды

Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымды Италияда бастайды
ашық дереккөзі
13-15 қыркүйек аралығында Италияның Бергамо қаласында «челленджер» сериясында өтетін Lombardia Trophy турниріне қатысатын спортшылардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, бұл сынға қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қатысады. Аталған турнир Тұрсынбаеваның биылғы маусымдағы алғашқы жарысы болмақ. Элизабеттің қарсыластары қатарында әлем және Еуропа чемпионы Елизавета Туктамышева, Софья Самодурова, Анна Щербаковалар бар. Айта кетелік, Элизабет Тұрсынбаева биыл Сайтамада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол төрттік сальховты ресми турнирлерде алғаш рет орындаған спортшы ретінде тарихта қалды.