Жаһан

Ұлыбританияда Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында ер адамды пышақтап кетті

Лондонда Ұлыбритания Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Адам денсаулығына қасақана ауыр зақым келтірді деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Жігіттің өшпенділігіне не себеп болғаны әзірге белгісіз, полицейлердің айтуынша, осы оқиғаның лаңкестікке қатысы бар дейтіндей ештеңе жоқ. Сонда да полиция тергеу аяқталмайынша, үзілді-кесілді пікір айтудан тыйыла тұрмақ. Жәбірленген 60 жастағы ер адамның беті тілім-тілім болған. Ол қазір травматология орталығында. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп отыр.

Back to top button